Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 503 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 желтоқсанда № 7644-15 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Е. Жанапин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысы

      Айыртау ауданы

      мәслихатының төрағасы

      ________________Г.Әбілқайырова

      "___"__________2023 ж.

  2023 жылғы 8 желтоқсандағы
  № 503 қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Айыртау ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы "8" сәуір
  № 89 каулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      4) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      5) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кітапхананың меңгерушісі (басшысы);

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сектор басшысы;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекемесі және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының көркемдік жетекшісі;

      6) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      7) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      8) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      9) дыбыс жазба операторы;

      10) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      11) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер)- біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      12) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      13) хореограф - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;

      14) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;

      15) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады