Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы № 102 қаулысы және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 3-1 бірлескен қаулысы мен шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 мамырда № 7510-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түрінде жеңілдік белгіленсін:

      1) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      2) мүгедектігі бар балаларға;

      3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің біріне;

      4) құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға (заңды өкілдердің біріне), оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      5) жан басына шаққандағы орташа табысы Солтүстік Қазақстан облысында белгіленген кедейлік шегінен табысы аз адамдарға (отбасыға).

      2. Жергілікті бюджет қаржыландыру көзі болып белгіленсін.

      3. Осы бірлескен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысы мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің қаулысы мен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов
атындағы ауданның әкімі
С.Мухамедиев
      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының төрағасы
С.Баумаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады