Атырау қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 85 бірлескен қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 13-VIІІ шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 мамырда № 5029-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы қорытындысына және Атырау қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау қаласының құрамдас бөліктеріне келесідей атаулар берілсін:

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 2 көшені Нияз батыр көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 3 көшені Райымбек батыр көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 4 көшені Жасыбай батыр көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 5 көшені Олжабай батыр көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 6 көшені Сартай батыр көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 7 көшені Смағұл Сәдуақасұлы көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 8 көшені Сабыр Ниязбеков көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 9 көшені Нәзір Төреқұлов көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 10 көшені Нәби Жақсыбаев көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 11 көшені Нығмет Нұрмақов көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 12 көшені Арасан көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 13 көшені Құланкөл көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 14 көшені Ақбиік көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 15 көшені Айнакөл көшесі;

      Байтақ-2 шағын ауданындағы № 16 көшені Жосалы көшесі;

      Көкарна шағын ауданындағы № 15 көшені Орақты батыр көшесі;

      Көкарна шағын ауданындағы № 17 көшені Бөкенбай батыр көшесі;

      Көкарна шағын ауданындағы № 18 көшені Төрткөл көшесі;

      Көкарна шағын ауданындағы № 23 көшені Қапал батыр көшесі.

      2. Атырау қаласының Геолог шағын ауданындағы Құрылысшылар көшесі Жұмабек Тәшенев болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысының және Атырау облыстық мәслихатының шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Атырау облысы әкімдігінің қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов
      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады