Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің кейбір құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 90 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 ақпанда № 4983-06 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Атырау облыстық ономастикалық комиссиясының 2022 жылғы 11 наурыздағы қорытындысы негізінде , Қайыршақты ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округінің шағын аудандарының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      Жұлдыз - 3 шағын ауданының № 21 көшесіне Ахмет Айғалиев көшесі;

      Көктем шағын ауданының № 1 көшесіне Кимран Ескариев көшесі.

      2. Қайыршақты ауылдық округінің жаңа шағын ауданына Болашақ шағын ауданы атауы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қайыршақты ауылдық
округінің әкімі
Ш. Калиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады