Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қырқүйектегі № 38-3 "Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 6-12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 қыркүйекте № 5080-06 болып тіркелді

      Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жылыой аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 қырқүйектегі № 38-3 "Жылыой ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4506 болып тіркелген) келесі өзерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Жылыой ауданының ауылдық елді мекендеріне тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің қосымшасының 5 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Қ. Мыңбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады