Түркістан қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 4 қазандағы № 383 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 5 қазанда № 6369-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17 – 2 бабы 1 - тармағының 1-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Турашбеков

  Түркістан қаласының әкімдігі
2023 жылғы 4 қазандағы
№ 383 қаулысымен бекітілген

Түркістан қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

1

2

Түркістан қаласы

1

Б.Саттарханов даңғылы, Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан музыкалық-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағында;

2

Б.Батырбекова көшесі, 13А үй, Түркістан облысы әкімдігі Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында;

3

Б.Саттарханов даңғылы, 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ғимаратының сол жағында.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады