Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/3-08 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қарашада № 6397-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Х. Байысбаев

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 8/3-08 шешіміне 1 қосымша

Түлкібас ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалары) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Түлкібас ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Түлкібас ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – Жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган –"Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі.

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:

      көп балалы аналарға, оның ішінде "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған -2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 26 сәуір – радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан қатысушылар және осы апаттардың құрбандарын еске алу күні:

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш өлшерінде;

      3) 7 мамыр – ҚР Отан қорғаушылар күні:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 30 (отыз)айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, Чернобыль АЭС апаттың салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардыңотбасыларына –15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 435 (төрт жүз отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) – 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кенестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) – 30 (отыз)айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) 31 мамыр – ҚР-дағы саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күні:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси құғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңының белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткішмөлшерінде;

      7) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдарға - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) 30 тамыз – ҚР Конституциясы күні:

      жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын және "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған, бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының ордендерімен немесе медальдарымен наградталған не бұрынғы КСР Одағының немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарына ие болған, не Қазақстан Республикасының құрмет грамоталарымен наградталған, не Қазақстан Республикасының ведомстволық наградаларымен наградталған адамдарға –10 (он) айлық есептік көрсеткішмөлшерінде;

      9) 1 қазан – Қарттар күні:

      100 жасқа толған және оданда асқан қариелерге, жалғызбасты зейнеткерлерге және жасы ұлғаюына байланысты өзіне өзі қызмет ете алмайтын мүгедектігі бар жалғызбасты адамдарға -біржолғы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) Қазанның екінші жексенбісі – мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау күні:

      1,5 жастан бастап 18 жасқа дейінгі (нерв-жүйелерін ауытқуы бар) балаларға арналған жартылай стационар түріндегі күндізгі қатынау орталығындағы балаларға– біржолғы 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) 25 Қазан – Республика күні:

      арнаулы жүріп-тұру құралдармен қолданатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға-5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларына - 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      7. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, жартыжылдықта бір рет,жылына 1 рет, екі жылда 1 рет) көрсетіледі:

      1) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға табысын есепке алусыз - ай сайын, 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табысын есепке алусыз - ай сайын, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның вирустық иммун тапшылығын (АИТВ) жұқтырған және диспансерлік есепте тұрған балалардың немесе АИТВ-мен ауыратын балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне- ай сайын, 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) АИТВ-мен ауыратын адамдарға,табысын есепке алусыз -бір рет, 50 (елу) мың теңге мөлшерінде;

      5) қатерлі ісік ауруына шалдыққан тұлғаларға, табысын есепке алусыз - бір рет, 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан адамдарға, табысын есепке алусыз - бір рет, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған арнаулы жүріп-тұру құралдарға - бір рет, 70 (жетпіс) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған арнаулы жүріп-тұру құралдарға - бір рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8)Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен солардың мүгедектігі барларғажәне соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделуге 10-күндік жолдама алу үшін – бір рет, 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) мерзімді басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, интернационалист-жауынгерлер мен тыл еңбеккерлеріне - жартыжылдықта бір рет, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен жетпіс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына және мүгедектігі бар адамдарға – бір рет, 50 (елу) мың теңге мөлшерінде;

      11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтіруіне байланысты өмірлік қиын жағдай туындаған сәттен бастап өтініш көрсету мерзімі алты айдан кешіктірмей – бір рет, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлер мен жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға тұрғын үйін жөндеуге – екі жылда 1 рет, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жекетұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін:

      арнаулы жүріп-тұру құралдармен қолданатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – екі жылда 1 рет, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      14)пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – біржолғы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      15) инватакси қызметін ұсынуға-Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен солардың мүгедектігі барларға, арнаулы жүріп-тұру құралдармен қолданатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарғаемдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін - ай сайын, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

      11. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттарды қоса осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер. Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды;

      3) мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

      - табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру фактісін растайтын құжат;

      - әлеуметтік мәні бар аурулардың болу фактісін растайтын құжат;

      - жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

      - жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат;

      - жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат;

      - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін төлнұсқамен және көшірмемен ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      12. Осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті көрсетуге өтініш келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      13. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2, 3 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      14. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      15. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      16. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      17. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 14 және 15 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      20. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      21. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Түлкібас ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      22. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      23. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті тәртіппен қайтаруға жатады, заңсыз алынған сомалары ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      24. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      __________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларының
1-қосымшасы
  Жергілікті атқарушы
органның басшысына
___________________

Өтініш

      Азамат________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Туған күні: ______ жылғы "___" ___________
Жеке сәйкестендіру нөмірі: ________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________
Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: _______
ерілген күні ____________ жылғы "_____" _________
Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ______________________________
Облыс ________________________________________________________
қала (аудан) ______________________ ауыл ________________________
көше (шағын аудан) ________________ үй _______ пәтер _____________
Банк деректемелері:_____________________________________________
Банктің атауы _________________________________________________
Банк шотының № ______________________________________________
Телефон ___________________________
Маған ___________________әлеуметтік көмекті тағайындауды сұраймын

      Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

№ р/с

Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескерту

1

2

3

4





      Төлемді тағайындау (қайта есептеу) кезінде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өз міндеттемелерін орындауы кезінде қажетті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

      Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

      Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

      Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардардар етілдім.

      "____" ___________ 20____ жылғы.

      ____________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған: ____________________________________________________________________

      (Өтінішті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметі және қолы)

      "____" ____________ 20____ жылғы.

      ________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларының
2-қосымшасы

Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТІСІ

      20 жылғы " " _____________________________________ (елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________
3. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде

Р/с №

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Өтінішберушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендішараларынақатысуы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7















      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      5. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

      ____________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына


1

2

3

4

5

6







      6. Мыналардың бар-жоғы:

      автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс)

      ____________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

      ____________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

      ____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _____________________________

      _____________________________

      Комиссия мүшелері:

      _____________________________

      _____________________________

      _____________________________

      _________________________________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Жасалған актімен таныстым: ___________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын_________________________________

      Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

      ____________________________________________________________________

      (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

      Күні _______

      ______________________

      Әлеуметтік көмек көрсетудің,

      оның мөлшерлерін белгілеудің және

      мұқтаж азаматтардың жекелеген

      санаттарының тізбесін айқындаудың

      Қағидаларының3-қосымшасы

      Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      20__ ж. ___ ______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ____________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

      Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      __________________ _______________________

      _________________ _______________________

      (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________ қабылданды

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы_________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________________________

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 8/3-08 шешіміне 2 қосымша

      1. Түлкібас ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 64/06-06 "Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6046 тіркелген).

      2. Түлкібас ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 25/2-07 "Түлкібас ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21желтоқсандағы № 64/06-06 "Түлкібас ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31065 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады