Түлкібас ауданы Түлкібас кентінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 350 қаулысы және Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 11/7-08 бірлескен шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 26 желтоқсанда № 6429-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас кентінің басқару органдарының пiкiрiн ескере отырып, Түлкібас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі және Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірлескен ұсынысы негізінде Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түлкібас аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түлкібас кентінің шекарасына Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13 гектар жерді қосу арқылы, Түлкібас кентінің шекарасы өзгертіліп, жалпы алаңы 679,05 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түлкібас ауданының әкімі Н. Изтилеуов
      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х. Байысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады