Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 3620 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 қарашада № 8913-16 болып тіркелді

      "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі Ж. Омар

  Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 қарашадағы
№ 3620 қаулысымен
бекітілген

Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі

Р/с №     

Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың орналасқан жері

1.

Островский көшесі, № 20/1 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Самғау" мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында

2.

Е. П. Славский атындағы жағалау, № 22 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

3.

М. Горький көшесі, № 54 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық балалар кітапханасы ғимаратының алдында

4.

Гагарин бульвары, № 24/1 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы ғимаратының алдында

5.

Бажов көшесі, № 343/3 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 7 филиалы ғимаратының алдында

6.

М. Горький көшесі, № 11 А үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Аумақтық басқару орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №11 филиалы ғимаратының алдында

7.

Садовая көшесі, № 15 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің "Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 12 филиалы ғимаратының алдында

8.

Тохтаров көшесі, № 47А үй, Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасының "Шығыс Қазақстан өнер мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады