Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін, шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайтын, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету жөніндегі талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 44-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 қаңтарда № 33924 болып тіркелді

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін, шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайтын, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрі
А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 18 қаңтардағы
№ 44-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін, шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайтын, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету жөніндегі талаптарды бекіту туралы

      1. Осы Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін, шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайтын, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету жөніндегі талаптарды белгілейді.

      2. Алып қойылған өнім осы Талаптарды сақтай отырып, жойылуға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге жатады.

      3. Қадағалау субъектісін өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін өнімді алып қою туралы қаулы шығарған ведомствоның аумақтық бөлімшесі 2 (екі) жұмыс күні ішінде басқа аумақтық бөлімшелерді осы өнімді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында алып қою және кейіннен жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету қажеттілігі туралы хабардар етеді.

      4. Алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету тәсілін айқындау және осы жұмыстарды үйлестіру үшін құрамында кемінде 3 (үш) адамнан тұратын тұрақты комиссия құрылады.

      Комиссияның құрамы жергілікті атқарушы органның, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің, үкіметтік емес ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдерін (келісім бойынша) қоса отырып, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) қызметкерлері қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссияның төрағасы комиссияның жұмысын бақылауды қамтамасыз ететін аумақтық бөлімшенің басшысы болып табылады.

      Комиссия хатшысы болып аумақтық бөлімшенің қызметкері тағайындалады.

      5. Комиссия хатшысы қадағалау субъектісін алып қойылған өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сот шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның барлық мүшелерінің алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету тәсілін айқындауға және алып қойылған өнімді жоюға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге беруді үйлестіруге қатысуын ұйымдастырылады.

      Қайта өңдеу әдісі өнім түріне байланысты таңдалады, онда өнім бастапқы тұтынушылық қасиеттерін жоғалтады және қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың міндетті талаптарын сақтай отырып, шикізатқа, энергияға, өзге де тұтынушылық қасиеттері бар өнімге айналуы мүмкін.

      Егер алып қойылған өнім қайта өңдеуге жатпайтын болса, бұл өнім қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың міндетті талаптарын сақтай отырып, техникалық қолжетімді тәсілмен (термиялық, химиялық, механикалық, биологиялық) жойылады не кәдеге жаратылады немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетіледі.

      6. Алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу орнын қадағалау субъектісімен және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қоршаған ортаны қорғаудың уәкілетті органдарымен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган айқындайды, ал қайта өңдеу орнын қадағалау субъектісі айқындайды.

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кері әкету қадағалау субъектісі айқындаған мемлекетке жүзеге асырылады.

      7. Қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 349-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22835 болып тіркелген) бекітілген Алып қойылған өнімді сақтау қағидаларына сәйкес алып қойылған өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді.

      Алып қойылған өнімнің сақталуы жөніндегі талаптарды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі 462-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жауапты болады.

      8. Алып қойылған өнімді жоюға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге, немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге беру алып қойылған өнімді жоюға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге беру актісімен ресімделеді.

      Алып қойылған өнімді жоюға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуге беру фактісін тіркеу фото және (немесе) бейнетүсірілім қолданыла отырып жүргізіледі.

      9. Алып қойылған өнімді тасымалдауға (тасуға), сақтауға, жоюға не кәдеге жаратуға немесе қайта өңдеуге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкетуге байланысты шығыстарды қадағалау субъектісі көтереді.

      10. Алып қойылған өнімді қайта өңдеуді не жоюды немесе кәдеге жаратуды, немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкетуді қадағалау субъектісі өнімді алып қою туралы қаулы шығарылған күннен бастап 2 (екі) айдан кешіктірмей жүзеге асырады.

      Қадағалау субъектісі алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей растайтын дәлелдемелерді ұсына отырып, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кері әкету нәтижелері туралы аумақтық бөлімшеге хабарлайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады