"Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 қаңтарда № 33935 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 39-2) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Агроөнеркәсіптік кешен департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2024 жылғы 19 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 2 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 39-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және монополияға қарсы органның және оның аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг (бұдан әрі – Мониторинг) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тауар - азаматтық айналым объектісі болып табылатын тауар, жұмыс, қызмет;

      2) тауар нарығы – басқа тауармен алмастырылмайтын тауардың (оның ішінде шетелде шығарылған тауардың) немесе өзара алмастырылатын тауарлардың айналыс аясы тауар нарығы болып табылады, оның шекарасында (оның ішінде географиялық) сатып алушы экономикалық, техникалық немесе өзге де мүмкіндікті не орындылықты негізге ала отырып, тауарды сатып ала алады және оның шегінен тыс жерде мұндай мүмкіндік не орындылық болмайды.

      3) уәкілетті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      3. Мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) тауар нарықтарын іріктеу;

      2) тиісті тауар нарықтарындағы тауарларға бағалар туралы ақпаратты жинау және өңдеу;

      3) тиісті тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы тұрғысынан талдау жүргізу;

      4) талдамалық анықтаманы дайындау.

      4. Мониторинг үш ай ішінде жүргізіледі.

      5. Мониторингтің басталу күні монополияға қарсы орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының және (немесе) монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесі басшысының шешім күні болып табылады.

      6. Мониторингтің аяқталуы талдамалық анықтаманы дайындау күні болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы баға мониторингін жүргізу тәртібі

      7. Мониторинг жүргізу үшін тауар нарықтарын іріктеу басымдылықтың кему тәртібімен мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары (келісім бойынша);

      2) есепті кезеңде (ағымдағы жылы) бағалардың өсуін көрсететін, мемлекеттік органдардан түскен материалдар және өзге де мәліметтер;

      3) бағалардың өсуін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың дәлелді өтініштері;

      4) монополияға қарсы органға келіп түскен тауарларға бағалардың өсуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлары және өзге де мәліметтер.

      8. Мониторинг жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде монополияға қарсы орган басымдылықтың кему тәртібімен мыналарды пайдаланады:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері;

      2) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер;

      3) ашық ақпарат көздерінен мәліметтер;

      4) нарық субъектілерінің мәліметтері және өзге де көздер.

      Тиісті ақпаратты жинауды жүзеге асыратын уәкілетті органда мәліметтер болған кезде, монополияға қарсы орган аталған мәліметтерді нарық субъектілеріне сұрау салуларды жібермей пайдаланады.

      Нарық субъектілеріне сұрау салу жібергенге дейін монополияға қарсы органның телефон арқылы жеке және заңды тұлғаларға сауалнама жүргізу не әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану арқылы алынған мәліметтерді пайдалануына жол беріледі.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жеткілікті мәліметтер болмаған жағдайда монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар жібереді.

      9. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау бағалардың өзгеруін, бағалардың өзгеру себептері мен факторларын және бағалардың өзгеруін сипаттайтын өзге де ақпаратты зерделеу жолымен, сондай-ақ нарық субъектілерінің монополиялық жоғары (төмен) бағаларды, бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарын белгілеу, ұстап тұру бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің болуын (болмауын) айқындау жолымен жүргізіледі.

      10. Тауарлар өндіруді, өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің бәсекелестікті шектеуге бағытталған бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері Кодекстің 170-бабына сәйкес анықталады.

      11. Монополиялық жоғары (төмен) бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері Кодекстің 175-бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығымен бекітілген Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 16916 болып тіркелген) сәйкес анықталады.

3-тарау. Талдамалық анықтаманы дайындау

      12. Тауар нарықтарындағы ағымдағы баға жағдайын талдау нәтижелері бойынша республика бойынша және (немесе) әрбір өңір бөлінісінде бағалардың серпінін және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы не жоқтығы туралы ақпаратты көрсете отырып, талдамалық анықтама дайындалады.

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.

  Қазақстан Республикасының
бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын
бұзушылық белгілерін анықтау
мақсатында тауар нарықтарында
бағаларға мониторинг жүргізу
қағидаларына қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: Монополияға қарсы органға.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      www.gov.kz/memleket/entities

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ТНБ.

      Мерзімділігі: Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бағаларға мониторинг жүргізу кезінде сұрау салу бойынша*

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілері.

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: сұрау салуда көрсетілген мерзімде.

      __________________________________________________________________

      * Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 21) тармақшасына сәйкес монополияға қарсы орган банктік құпияны, сақтандыру құпиясын және бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, мемлекеттік кірістер органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты сұратады және алады.

      Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат (оның ішінде қосылған құн салығын қоса алғанда (бұдан әрі – ҚҚС)

Тауар

Тауар бірлігі бағасының серпіні
(ҚҚС-ын қоса алғанда) мониторинг кезеңі үшін

Бағаның өсу себептері (болған кезде)

Тауарды ұсыну (өткізу) ерекшеліктері мен шарттары, оның құрамы мен қолданылу мерзімі

Тауар түрі

Тауардың атауы

Тауардың сауда белгісі

Тауардың өлшем бірлігі

Баға өскенге дейін

Баға өскеннен кейін


1

2

3

4

5

6

7

8



















      Атауы ______________________________________________________________

      Мекенжай ___________________________________________________________

      Телефондар __________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

      Орындаушы ______________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      _________________________________________________ ___________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Мөрге арналған орын

      (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  Тауар нарықтарындағы
бағалар туралы ақпарат
нысанына қосымша

"Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсініктеме тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты толтыруға арналған;

      2. 1-бағанда тауардың түрі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      3. 2-бағанда тауардың атауы көрсетіледі;

      4. 3-бағанда тауардың сауда маркасы көрсетіледі;

      5. 4-бағанда тауардың өлшем бірлігі көрсетіледі;

      6. 5-бағанда өткен кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы туралы мәліметтер (ҚҚС-ын қоса алғанда) көрсетіледі;

      7. 6-бағанда мониторинг кезеңіндегі тауар бірлігі бағасының серпіні (ҚҚС-ын қоса алғанда) көрсетіледі;

      8. 7-бағанда баға өскенге дейін тауарларды ұсыну (өткізу) ерекшеліктері мен шарттары, оның құрамы мен қолданылу мерзімі көрсетіледі.

      9. 8-бағанда баға өскеннен кейін тауарларды ұсыну (өткізу) ерекшеліктері мен шарттары, оның құрамы мен қолданылу мерзімі көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады