Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 33936 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  2024 жылғы 26 қаңтардағы
№ 14 бұйрықпен
бекітілген

Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 14) тармақшасын орындау үшін әзірленді және жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесі – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      2) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру – еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген қызметкердің мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі қарым-қатынас кешені;

      4) пайда алушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

      5) сақтанушы – қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан жұмыс берушi;

      6) сақтандырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында "өмірді сақтандыру" саласында аннуитеттік сақтандыру сыныбы бойынша және міндетті сақтандырудың осы түрі бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған заңды тұлға;

      7) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпарат жиынтығы (оның ішінде электрондық нысанда).

2-тарау. Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу тәртібі

      3. Жұмыс беруші сақтандырушымен жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасады.

      4. Сақтанушы жасаған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты туралы мәліметтерді сақтандырушы дерекқорға енгізеді.

      5. Жұмыс берушінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде жасалған шарт туралы мәліметтерді жіберуі мәліметтерді дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесіне автоматтандырылған беру жолымен жүзеге асырылады.

      6. Дерекқордан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесіне мынадай мәліметтер беріледі:

      1) сақтандырушының атауы;

      2) шарттың нөмірі мен сериясы;

      3) сақтанушының атауы;

      4) шарт жасалған күн;

      5) шарт қолданысының басталуы;

      6) шарт қолданысының аяқталуы;

      7) шартты тоқтату/бұзу себептерінің атауы;

      8) шарттың тоқтатылған/бұзылған күні;

      9) еңбекке ақы төлеудің жалпы жылдық қоры;

      10) сақтандыру сыйлықақысы;

      11) жұмыскерлердің жалпы саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады