"Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2024 жылғы 13 ақпандағы № 68/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 34000 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығына бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларында:

      4-тармақта:

      3) және 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;";

      "8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.";

      7) тармақша алып тасталсын.

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Есеп:

      орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі негізгі бағыттары туралы;

      көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін жетілдіру, автоматтандыру бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметінің нәтижелері туралы;

      көрсетілетін қызметті алушылармен кері байланыс тетігі туралы (соның ішінде, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес өткізілген тыңдалымдар саны);

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің үлгі нысанында:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

      көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны;

      тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

      қағаз және (немесе) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны;

      мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

      1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

      2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

      3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.".

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
К. Тулеушин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады