"Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 ақпанда № 34008 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында:

      12-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Еңбек мобильділігі орталығы Тізбені жұмыс берушілерден мансап орталығына өтінімдер келіп түсуіне қарай жаңартады.";

      19-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мансап орталығы үміткерге оның келісімімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдама береді.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үміткер жұмыстан босаған сәтке дейін соңғы 6 (алты) ай ішінде еңбек қатынастарында тұрған жұмыс берушілерге субсидияланатын жұмыс орнына жолдама берілмейді.

      Аталған талап үміткер субсидияланатын жұмыс орындары шеңберінде еңбек қатынастарында болған жұмыс берушілерге қолданылмайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын нақты орындалған жұмыс уақыты үшін жүргізеді.

      Бұл ретте, жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдар үшін еңбек шартында белгіленген жалақы мөлшерін негізге ала отырып, салықтар мен әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асырады.

      Жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуді жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде Еңбек мобильділігі орталығы әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.";

      2-қосымшада:

      2.2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) адамға оның талабы бойынша субсидияланатын жұмыс орнындағы жұмыстың нәтижесі жөнінде пікір (ұсыным хат) ұсынуға құқылы.";

      2.3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына жалақының субсидияланатын бөлігін уақтылы және толық көлемде аударуға;";

      2.4-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) жасалған еңбек шартының мерзімі өткеннен кейін еңбек кітапшасына (бар болса) субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмыс кезеңін енгізуге;";

      3.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.1. Жалақының субсидияланатын бөлігін қоспағанда, әлеуметтік жұмыс орындарына және "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға еңбекақы төлеуді Орындаушы Еңбек кодексіне сәйкес жүргізеді.";

      Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 1-қосымшада:

      "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" деген кестеде:

      3-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны";

      "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Нысанның 3-бағанында мансап орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу үшін жүгінген адамдардың саны көрсетіледі.";

      субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      Реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 39 бұйрығына
1-қосымша
  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы шартқа
2-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: СЖО-1

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай

      Кесте. Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

Р/с

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі

1

2

3

4

5











      Кестенің жалғасы

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндері

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

Еңбек шартына сәйкес жалақының мөлшері, теңге

Жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы, теңге

6

7

8

9

10











      Атауы ________________________________________________________

      Мекенжайы ___________________________________________________

      Телефоны _____________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___"_____________

      Мөрдің орны (бар болса)

  "Әлеуметтік жұмыс орындары
және "Күміс жас" жобасы
шеңберінде субсидияланатын
жұмыс орындарына жұмысқа
орналасқан адамдар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Әлеуметтік жұмыс орындары және "Күміс жас" жобасы шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.

      14. Нысанның 9-бағанында әлеуметтік жұмыс орнына немесе "Күміс жас" жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан жұмыссыздың еңбек шартына сәйкес жалақысының мөлшері көрсетіледі.

      15. Нысанның 10-бағанында жалақының субсидияланатын бөлігінің сомасы көрсетіледі.

  2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 39 бұйрығына
2-қосымша
  Субсидияланатын жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы шартқа
3-қосымша

      Нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: мансап орталықтарына

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.enbek.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі: СЖО-2

      Кезеңділік: ай сайын

      Есепті кезең: 20__ жылғы ________ ай

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жұмыс берушілер

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті айдың 25-і күніне қарай

      Кесте. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер

Р/с

Жұмыс берушінің атауы

Жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі

Адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

1

2

3

4









      Кестенің жалғасы

Адамның жеке сәйкестендіру нөмірі

Айдағы жұмыс күндерінің саны

Нақты жұмыс істеген күндері

Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндері

5

6

7

8









      Атауы _______________________________________________________

      Мекенжайы __________________________________________________

      Телефоны ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы __________________________________

      Орындаушы:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Басшы немесе қол қоюға уәкілетті адам:

      _____________________________________             ________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)                   (қолы)

      Күні: 20__ жылғы "___"____________________.

      Мөрдің орны (бар болса)

  "Қоғамдық жұмыстар, жастар
практикасы, "Алғашқы жұмыс
орны" және "Ұрпақтар
келісімшарты" жобалары
шеңберінде субсидияланатын
жұмыс орындарына жұмысқа
орналасқан адамдар туралы
мәліметтер" әкімшілік
деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерінің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары (бұдан әрі – субсидияланатын жұмыс орындары) шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдар туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанды жұмыс берушілер толтырады және мансап орталықтарына ұсынады.

      3. Нысанға бірінші басшы не оның міндетін атқарушы адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.

      4. Нысан есепті айдың 25-күніне қарай ұсынылады.

      5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      6. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.

      7. Нысанның 2-бағанында жұмыс берушінің атауы көрсетіледі.

      8. Нысанның 3-бағанында жұмыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      9. Нысанның 4-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      10. Нысанның 5-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      11. Нысанның 6-бағанында есепті айдағы жұмыс күндерінің саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 7-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның есепті айда нақты істеген жұмыс күндері көрсетіледі.

      13. Нысанның 8-бағанында субсидияланатын жұмыс орнына жұмысқа орналасқан адамның жұмысқа уақытша жарамсыздық күндерінің саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады