Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 31/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 ақпанда № 34018 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережесінің 15-тармағы 245) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 31/қе бұйрығына
1-қосымша

Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) лауазымды адамдары әкімшілік ұстап алған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік ұстап алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жай (бұдан әрі – арнайы үй-жай) – әкімшілік ұстап алынған адамдарды (бұдан әрі – ұсталған адамдар) тәулік бойы ұстауға арналған модульдік үлгіде жабдықталған бөлмелер мен үй-жайлар кешені;

      2) әкімшілік ұстап алу – құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқаша мерзімге шектеу.

2-тарау. Ұсталған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау тәртібі

      3. Шекара қызметінің лауазымды адамдары әкімшілік ұстап алуды "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 787-бабының 4), 5) және 12) тармақшаларында көзделген жағдайларда, құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қолданады.

      4. Арнайы үй-жайларда ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігіне, ізгілік, тұлғаның ар-намыс және қадір-қасиетін құрметтеу қағидаларына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Шекара қызметі уәкілетті лауазымды адамының Кодекстің 788-бабында көзделген тәртіпте жасаған әкімшілік ұстап алу хаттамасы адамдарды арнайы үй-жайларға анықтау үшін негіз болып табылады.

      6. Әкімшілік ұстап алынған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау мерзімі және оны санау тәртібі Кодекстің 789-бабына сәйкес белгіленеді.

      7. Арнайы жабдықталған үй-жайларда келесі адамдар:

      1) әкімшілік ұстап алу қолданылған кәмелеттік жасқа толмағандар ересек адамдардан;

      2) әкімшілік ұстап алу қолданылған әр түрлі жыныстағы адамдар бөлек ұсталады.

      8. Кодекстің 788-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған адамның өтініші бойынша оның қайда екендігі туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкімшілігі, қорғаушысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 87 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 08-1-1-1/428 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9774 болып тіркелген) Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерін немесе консулдық мекемелерін шетелдіктердің ұсталуы және күзетпен ұсталуы жөнінде хабарлау туралы қағидаларымен белгіленген тәртіппен шет мемлекеттің елшілігі, консулдығы немесе өзге де өкілдігі дереу хабардар етіледі. Кәмелетке толмаған адамның ұстап алынуы туралы оның ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың хабардар етілуі міндетті.

      9. Ұсталған адамдар Кодекстің 44-тарауында көзделген тәртіпте әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым бере алады.

      10. Арнайы үй-жайларда ұсталған адамдардың өз еріктерімен кетіп қалмауын қамтамасыз ететін тәуліктік кезекшілік режимі орнатылады.

      Режимнің сақталуын бақылауды ұйымдастыру арнайы үй-жай орналасқан аумақтағы бөлімше бастығына жүктеледі.

      11. Ұсталған адамдарға күнделікті бір сағаттан кем емес уақытқа аулада серуендеуіне мүмкіндік беріледі.

      12. Арнайы үй-жайдың күнделікті қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің штатында арнайы үй-жайлар бойынша жауапты әскери лауазым қарастырылады. Арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қызметтік мәселелер бойынша аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына бағынады.

      13. Арнайы үй-жайда тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің арнайы үй-жайлар бойынша жауаптысы:

      1) арнайы үй-жайдағы режимді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезекшілік қызметті күнделікті бақылайды;

      2) арнайы үй-жайдағы санитарлық жағдайға, үй-жайға уақытында санитарлық өңдеу жүргізуге және төсек жабдықтарының ауыстырылуына бақылауды жүзеге асырады;

      3) материалдық құндылықтардың сақталуына және арнайы үй-жайдағы іс жүргізуге жауап береді;

      4) заттай айғақтар мен оларды сақтауға арналған бөлмеде орналасқан ұсталған адамдардың жеке заттарын сақтауға жауапты болады;

      5) ұсталған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізеді, ол уақытта әкімшілік ұстап алуды қолданудың негіздемесі және әкімшілік құқық бұзушылықтың саралануын түсіндіреді, ұсталған азаматтарды осы Қағидалармен және күн тәртібімен таныстырады.

      14. Арнайы үй-жайда режимді, ұсталған адамдарды, заттай айғақтар мен ұсталған адамдардың жеке заттарын күзету және ұстауды қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі әскери қызметшілерінің қатарынан кезекшілік қызмет тағайындалады.

      15. Кезекшілік қызметтің құрамын аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімшенің бастығы анықтайды.

      16. Ұсталған адамдар немесе заттай айғақтар болмаған жағдайда аумағында арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бастығының шешімі бойынша кезекшілік тағайындалмайды.

      17. Арнайы үй-жай бойынша кезекші өзінің қызметін атқару кезеңінде аумақтық бөлімшенің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімшесінің бастығына, аумақтық бөлімше және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесі бойынша арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыға және кезекшіге (арнайы үй-жай орналасқан бөлімше бойынша) бағынады.

      18. Арнайы үй-жайда:

      ұсталған адамдарды ұстауға арналған кемінде екі бөлме;

      заттай айғақтарды сақтауға арналған бөлме;

      ұсталған адамнан сұрақ-жауап алуға, жеке тексеріс және заттарына тексеріс жасауға арналған бөлме;

      арнайы үй-жайлар бойынша жауаптының бөлмесі;

      арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметтің бөлмесі;

      жуынатын бөлме және дәретхана;

      серуендету алаңы жабдықталады.

      19. Бөлмелер электрлі жарықпен жабдықталады, электрлі шамдар бөлменің төбесінде орналастырылып, органикалық әйнекпен немесе берік сынбайтын, көрінетін материалмен қоршалады. Жарықты жағып-өшіру құрылғысы әр бөлменің дәліз жағында орналастырылады. Дәретхана есігінің жанында ашалы розеткалар орналастырылады.

      20. Бөлмелер ұсталған адамдардың санына қарай төсек-орын керек-жарақтары бар кереуеттермен, орындықтармен, үстелдермен, су ішуге арналған ыдыспен, киім-кешекке арналған шкафпен, жуынуға арналған заттарды қоятын сөрелермен және қоқысқа арналған шелекпен жабдықталады.

      21. Әр бөлмеде күн тәртібі мен күнтізбе ілініп тұрады. Барлық бөлмелер кезекшілік қызметінің қызметкерін шақыруға арналған шақырту құралымен жабдықталады.

      22. Бөлме есіктері арнайы құлыптармен жабдықталады, құлыптардың кілттері арнайы үй-жайлар бойынша жауаптыда және кезекшісінде сақталады.

      23. Арнайы үй-жай медициналық керек-жарақтардың қажетті жинағы бар бірінші жедел жәрдем көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек қобдишасы кезекшілік қызметінің бөлмесінде сақталады.

      Дәрі-дәрмек қобдишасының ішінде болуы тиіс заттарға және ол заттардың жарамдылық мерзімін арнайы үй-жайлар бойынша жауапты қамтамасыз етеді. Кез келген дәрілік заттар қолданылғаннан кейін дәрі-дәрмек қобдишасы қайтадан толықтырылуы тиіс.

      24. Арнайы үй-жайда серуендету алаңы жабдықтандырылады, жалпы ол алаңның көлемі он алты шаршы метрден кем болмауы тиіс. Серуендету алаңына асфальт салынады немесе ештеңе қосылмаған тапталған топырақ болуы керек. Серуендету алаңының ортасында отыратын орындық орналастырылады, бұрыштарының бірінде қоқысқа арналған шелек орналастырылады. Серуендету алаңына шығару есігі қарау көзегімен жабдықталады.

      25. Арнайы үй-жайда дәретхана орналастыру мүмкін болмаған жағдайда арнайы үй-жайдың сыртында дәретхана немесе биодәретхана орналастырылады.

      Сыртта орналасқан дәретхана су кірмейтін шұңқырларға орналастырылады. Шұңқырға орналастырылған дәретханалар уақытылы тазаланады және залалсыздандыралады.

      26. Жылыту мерзімінде арнайы үй-жайдың температурасы Цельсий бойынша плюс он сегіз градустан төмен түспеуі керек. Арнайы үй-жай кеш батқаннан таң атқанша жарықпен қамтамасыз етіледі.

      27. Арнайы үй-жай бойынша жауапты арнайы үй-жайда және оған іргелес аумақта тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.

  Әкімшілік ұстап алынған
адамдарды арнайы
жабдықталған үй-жайларда
ұстау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Арнайы үй-жайда ұсталатын адамдарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

      Басталды: 20__ж. "____"_______

      Аяқталды: 20__ж. "____"_______

      Кері беті

Р/с №

Ұсталған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) туған жылы, азаматтығы

Ұстауға негіз, ұстау хаттамасының нөмірі, күні, уақыты және ұстау аяқталған уақыт

Құқық бұзушыны ұстаған лауазымды адам

Ұсталған адамның мүліктері (бағалы заттар, ақша, киімдер және басқалар)

Ұсталған адамның өз мүліктерін сақтауға тапсырғаны туралы қолы

Ұстауға алған арнайы үй-жай бойынша кезекшінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) , атағы (күні, уақыты, қолы)

Шығуға негіз: босату, әкімшілік ұстау мерзімінің аяқталуы, қабылдау орналастыруға ауыстыру

Ұсталған адамды арнайы үй-жайдан босатқан (жіберген) лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (күні, уақыты, қолы)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










  Әкімшілік ұстап алынған
адамдарды арнайы
жабдықталған үй-жайларда
ұстау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Арнайы үй-жай бойынша кезекшілікті қабылдау және өткізу КІТАБЫ

      Басталды: 20__ж. "___"______

      Аяқталды: 20__ж. "___"______

      Кері беті

      Арнайы үй-жай бойынша кезекшілік қызметті өткізу баянаты еркін түрде жазылады және онда мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

      1) кезекшілікті қабылдау және өткізу туралы;

      2) ұсталған адамдарды қабылдау-тапсыру туралы;

      3) арнайы құралдарды, кілттерді қабылдау-өткізу туралы;

      4) кезекшілік уақытында арнайы үй-жайда орын алған оқиғалар туралы;

      5) кезекшілік кезінде арнайы үй-жайда жабдықтарындағы (сигнализация, байланыс, жарық беру, торлар, құлыптар және тағы басқалар) табылған олқылықтар туралы;

      6) инженерлік қызметтің арнайы үй-жайға техникалық тексеріс жүргізгені туралы;

      7) бөлімше бастығының немесе басқа да тексеруші адамдардың кезекшілік қызметтің қызмет атқаруын тексергендігі туралы;

      8) жаңадан келіп түскен ұсталған адамдардың және одан шыққандардың саны туралы

  Әкімшілік ұстап алынған
адамдарды арнайы
жабдықталған үй-жайларда
ұстау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Шағымдар мен ұсыныстар кітабы

      Басталды: 20__ж. "____"______

      Аяқталды: 20__ж. "____"______

      Кері беті

Р/с

Өтініштің келіп түскен күні, айы, жылы, уақыты

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Шағым немесе ұсыныс мазмұны

Өтінішпен танысқан адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Қабылданған шаралар

1

2

3

4

5

6







  Әкімшілік ұстап алынған
адамдарды арнайы
жабдықталған үй-жайларда
ұстау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Арнайы үй-жайда ұстауға түскен ұсталған адамдардан бастапқы сұрақ-жауап алу және медициналық көмек көрсетуді тіркеу ЖУРНАЛЫ

      Басталды: 20__ж. "____"______

      Аяқталды: 20__ж. "____"______

      Кері беті

Р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жасы

Келіп түскен күні

Шағымдары

Келіп түскенде анықталды

Қабылданған шаралар

Арнайы үй-жай бойынша кезекшінің ескертпесі

медицина қызметкерін шақырту және келу уақыты

медициналық көмек көрсетудің сипаты

ауруханаға жатқызу, емдеу мекемесінің атауы

арнайы үй-жайдың кезекшілік қызметіне ұсыным

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  Әкімшілік ұстап алынған
адамдарды арнайы
жабдықталған үй-жайларда
ұстау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Заттай айғақты сақтауға арналған бөлмедегі құжаттар және заттай айғақтарды есепке алу ЖУРНАЛЫ

      Басталды: 20__ж. "____"________

      Аяқталды: 20__ж. "____"________

      Кері беті

Р/с

Заттай айғақтың атауы

Саны

Істің № айыпталушының, күдіктінің, сотталушының, құқық бұзушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Жауапты адамның аты-жөнін көрсете отырып, нақты сақталған жері

Кімге және қашан сақтауға, қарауға берілді

Заттай айғаққа қатысты соттың шешімі

Заттай айғақтар кімге, қашан берілді, күні, айы, жылы, уақыты

Орындалғаны туралы белгі, күні

Лауазымды адамдардың қолы, күні және уақыты

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 31/қе бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8582 болып тіркелген).

      2. "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11398 болып тіркелген).

      3. "Әкімшілік ұстауға тартылған адамдарды арнайы жабдықталған үй-жайларда ұстау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 16 қыркүйектегі № 74 қе бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19408 болып тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 15 қазандағы № 104/қе бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарының тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24831 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады