"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 сәуірде № 34240 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      3-тармақта:

      8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 1-тармағында көзделген, сондай-ақ тіркеу әрекетінде жасалған көлік құралын міндетті тіркеу деректері бойынша көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін, уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйе;

      9) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер – көлік құралының міндетті тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу;"

      15) тармақша алып тасталсын;

      15-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1) тіркеу әрекеттері – көлік құралдарын тіркеумен, оларды есептен шығарумен, көлік құралдарының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізумен, сондай-ақ тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулерді тіркеумен және шешумен байланысты қызмет;"

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) жеткізуші – жүргізуші куәліктерін, КҚТК, МТНБ дайындау бойынша қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындаушы";

      мынадай мазмұндағы 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "19) кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау мақсатында кәдеге жарату төлемі енгізілгенін растайтын электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасалған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көлік құралдары жеке тұлғалардың атына олардың Қазақстан Республикасында тіркелген заңды мекенжайы (бұдан әрі – тұрғылықты жері) бойынша тіркеледі.

      Көлік құралдарын заңды тұлғалардың атына тіркеу олардың тіркелген заңды мекенжайы бойынша, ал филиалдар мен өкілдіктерінің атына – олардың Қазақстан Республикасында тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне сәйкес Көлік құралын тіркеуге құжаттарды қабылдау және дайындарын беру көлік құралы иесінің жүгіну орны бойынша жүзеге асырылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Көлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, оның меншік иелері он төрт жасқа жетпеген кәмелетке толмаған азаматтар болған жағдайда олардың атынан заңды өкілі, ал меншік иелері он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған болған жағдайда жазбаша түрде рәсімделген және нотариуспен куәландырылған немесе ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат үлгісінде заңды өкілдің келісімімен осы адамдар жасайды.

      Кәмелетке толмағанның меншігіндегі көлік құралын тіркеуді оның заңды өкілдерінің бірі жүзеге асырады.

      Егер заңды өкілдері бірнеше болған жағдайда, онда олардың біреуінің атына көлік құралын тіркеу жазбаша түрде рәсімделген және нотариуспен куәландырылған немесе ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат үлгісінде басқа заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

      КҚТК арнайы белгілерінде көлік құралының иесі болып табылатын кәмелетке толмағанның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі және "Иесі" деген жазба көрсетіледі.";

      13, 14-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тіркеу әрекеттерін жасау кезінде көлік құралдары иелерінің немесе олардың өкілдерінің жеке басы мемлекеттік ақпараттық жүйелерінде бар ақпаратпен жеке тұлғаның биометриялық деректерін салыстыруды пайдалана отырып, жеке басты куәландыратын құжаттың негізінде, оның ішінде тіркеу әрекеттерін "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) немесе жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті орган белгілеген ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы жасау кезінде сәйкестендіріледі.

      ЭҮП құралдары немесе ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеу әрекеттерін жасау кезінде көлік құралдары иелерінің жеке басын сәйкестендіру үшін биометриялық аутентификация немесе ЭЦҚ қолданылады.

      14. Жеке тұлға болып табылатын көлік құралдарының иелері тіркеу әрекеттерін жеке өзі немесе өзінің өкілдері арқылы жасайды.

      Заңды тұлға болып табылатын көлік құралдарының иелері тіркеу әрекеттерін өзінің басшылары немесе осыған уәкілетті өзге де орган немесе өкілдері арқылы жасайды.

      Жеке тұлға өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының нотариусымен немесе сенімгердің ЭЦҚ-мен куәландырылған сенімхатымен расталады.

      Заңды тұлға өкілінің өкілеттігі басшының немесе осыған уәкілетті өзге де органның қолтаңбасымен куәландырылған сенімхатпен және заңды тұлғаның (жеке кәсіпкерлік субъектісінен басқа) мөрімен (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) расталады. Мөр болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының нотариусымен немесе сенімгердің ЭЦҚ-мен куәландырылған сенімхаты ұсынылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Көлік құралдарын тiркеу үшін оның иелерi (иелерінің өкілдері) мыналарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымы мен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды.

      Бастапқы тіркеу үшін алымдар төлеуден Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оларға тең келетін өкілдіктері, шет мемлекеттік консулдық мекемелері, сондай-ақ олардың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері босатылады".

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы № 763 қаулысымен бекітілген өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес берілген кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификатты (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);

      4) көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде). Көлік құралына көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) рәсімделсе, көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспортын) ұсыну талап етілмейді;

      5) бұрынғы КҚТК және МТНБ-ны (олар болған жағдайда);

      6) заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығын (өкімі), егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болса;

      7) ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы тіркеу әрекеттерін жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының нотариусымен немесе бұрыңғы және жаңа иесінің ЭЦҚ-мен куәландырылған көлiк құралына меншiк құқығын растайтын құжатты;

      8) кедендік ресімдеуден өткенін растайтын құжаттарды (кеден декларациясы, кедендік кіріс ордері) (ЕАЭО кеден аумағына әкелінген көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде);

      9) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген (бұдан әрі –018/2011 КО ТР) "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының Техникалық регламентінің 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен, егер көлік құралының конструкциясына оны тіркегенге дейін өзгерістер енгізілсе, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;

      10) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексеру актісін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) ұсынады.";

      16-1-тармақ алып тасталсын;

      16-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-2. ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын тіркеу үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) мыналарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

      2) Салық кодексінінің 553 және 615-баптарында көзделген тіркеу алымымен КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;

      3) көлік құралдарын ЕАЭО кедендік аумағына уақытша әкелу туралы кеден органдары берген құжаттарды;

      4) көлік құралдарын кері әкету туралы міндеттемелерді;

      5) ЕАЭО кедендік аумағына уақытша әкелінген көлік құралының басқа мемлекеттің құзіретті органымен берілген КҚТК, МТНБ-ны ұсынады.

      ЕАЭО кеден аумағына уақытша әкелінген көлік құралдарын тіркеу оларды әкелу мерзіміне Қазақстан Республикасының КҚТК мен МТНБ иелеріне бере отырып жүзеге асырылады. Басқа мемлекеттің құзіретті органымен берілген КҚТК мен МТНБ түпнұсқалары көлік құралының тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалында сақталады.

      Осы тармаққа сәйкес тiркелген көлiк құралдарын есептен шығару кезiнде берiлген Қазақстан Республикасының КҚТК және МТНБ көлiк құралдарының тiркелген жерi бойынша тапсырылады, ал КҚТК және МТНБ түпнұсқалары оларды сақтауға өткізу орны бойынша иелерiне қайтарылады.

      Осы тармаққа сәйкес тіркелген және белгіленген мерзімдерде әкетілмеген көлік құралдары көлік құралын тіркеу мерзімі аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күні автоматты түрде есептен шығарылады..";

      16-3-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "16-3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерінің, қағидаларының талаптарына сәйкес және 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді қоспағанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарында мемлекеттік тіркеуде тұрған автокөліктер уақытша тіркеуге жатпайды, оларды тіркеу осы Қағидалардың 16-2-тармағында көзделген тәртіппен 5 жыл мерзімге жүзеге асырылады.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 16-2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ұсынылған құжаттарды, МТНБ-ны қолдан жасау белгілері анықталған жағдайда, сондай-ақ көлік құралының (нөмірлік агрегаттардың), иесінің немесе ұсынылған құжаттардың іздестірілуде екені туралы мәліметтер болса, ІІО-ның уәкілетті қызметкері, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері дереу ІІО кезекші бөліміне тиісті ақпарат береді.";

      мынадай мазмұндағы 22-1, 22-2-тармақшалармен толықтырылсын:

      "22-1. Көлік құралын сәйкестендіру үшін көлік құралын міндетті қарап тексеру жүзеге асырылады.

      Көлік құралын міндетті қарап тексеру мынадай:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе көлік құралдары өндірушілерінің ресми дилерлері әкелген жаңа көлік құралдарын бастапқы тіркеу жағдайларын қоспағанда, көлік құралын бастапқы тіркеу;

      2) көлік құралының шанағын, шассиін, рамасын ауыстыру;

      3) көлік құралының қайта жабдықталуы;

      4) көлік құралының түсінің өзгеруі;

      5) көлік құралының маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін немесе шасси нөмірін (шанақ, раманың), шығарылған жылын, түсін, көлемін, қозғалтқыш қуатын, орындық санын көрсетудегі сәйкессіздіктерді және (немесе) қателерді түзету кезде жүзеге асырылады.

      22-2. Көлік құралын қарап тексеруді ІІО уәкілетті қызметкері көлік құралының тіркелген жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның қарап тексеру пунктінде жүргізеді.

      Көлік құралын қарап тексеру кезде оны сәйкестендіру жүзеге асырылады, нөмірлік агрегаттары, олардың таңбалануы тіркеу құжаттарында көрсетілген деректерге сәйкестігі тексеріледі, олардың түпнұсқалығы анықталады, сондай-ақ көлік құралын және оның сәйкестендіру нөмірін фотоға түсіру (жалпы көрініс) жүзеге асырылады.

      Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес электрондық қарап тексеру актісі түрінде ресімделеді, ол көлік құралының электрондық фотосуреттерімен, оның сәйкестендіру нөмірімен бірге БАЖ-ға енгізіледі және ЭСҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, қарап тексеру жүргізген ІІО уәкілетті қызметкері бекітеді.

      Көлік құралын қарап тексеру актісінің әрекет ету мерзімі оны ресімдеген күннен бастап 14 күнтізбелік күнді құрайды.

      Көлік құралын тіркеуге және тіркеу деректерін өзгертуге:

      Көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою салдарынан көлік құралын сәйкестендіру мүмкін еместігі;

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабында көрсетілген көлік құралын таңбаланған сәйкестендірілген белгісі бар конструкциясының бөлігі құрамын ауыстыру;

      көлік құралдары іздестіруде табылған жағдайда тыйым салынады.

      Көрсетілген фактілер анықталған жағдайда олар қарап тексеру актісіне және фотоға түсіру арқылы тіркеледі, сосын қарап тексеру жүргізген ІІО уәкілетті қызметкері дереу ІІО кезекші бөліміне тиісті ақпарат береді.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көлік құралы иесіне жоғары сұранысқа ие, белгілі цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуі бар, бос МТНБ-ны таңдауға рұқсат етіледі.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында таңдалған жоғары сұранысқа ие МТНБ болмаған жағдайда, көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорация арқылы немесе ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы оны дайындауға, тапсырыс бере алады.

      Көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне қолжетімділігі тиісті ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның үй-жайларында орналастыру жолымен немесе ЭҮП және ақпараттандыру объектілері арқылы сұрау салу бойынша оны беру арқылы ұйымдастырылады.

      Жоғары сұранысқа ие, белгілі цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуі бар МТНБ таңдаған көлік құралының иесі оны тіркеуді тиісті МТНБ дайындалғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жоғары сұранысқа ие бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны басқа иелердің көлік құралдарына беруге жол берілмейді, егер иелері:

      1) мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктердің және оларға теңестірілгендердің, шет мемлекеттің консулдық мекемелерінің, сондай-ақ олардың қызметкерлері және отбасы мүшелері;

      2) бұрынғы иесінің ата-аналары, балалары, тіркелген некеде тұрған жұбайы (зайыбы);

      3) КҚ мұрагерлікке берілген жағдайда бұрынғы иесінің құқықтық мирасқоры (мұрагері) болған жағдайды қоспағанда.

      Осы тармақта көрсетілген жағдайларда пайдалануда болған жоғары сұранысқа ие МТНБ беру көлік құралына жоғары сұранысқа ие МТНБ берілген бұрынғы иесінің жаңа иесіне жоғары сұранысқа ие МТНБ беруге рұқсат беру туралы өтінішін, сондай-ақ тиісті мән-жайларды растайтын құжаттарды (неке қию туралы куәлік, туу туралы куәлік, құқық туралы куәлік) ұсынған кезде және Салық кодексінің 615-бабында көзделген МТНБ телнұсқасы үшін мемлекеттік баж төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын::

      "32. Ауыртпалығы бар көлікке КҚТК телнұсқалары тиісті шектеулерді қойған органдар берген рұқсат беру құжаттарының негізінде беріледі. КҚТК телнұсқаларын беру сәтіне БАЖ-дағы ауыртпалықтарды уақытша шешуді ІІО-ның уәкілетті қызметкері жүргізеді.";

      35-тармақ алып тасталсын;

      49, 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгізу:

      1) көлік құралы иесінің тұрғылықты (табылған) жері өзгерген;

      2) көлік құралы иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы) өзгерген;

      3) көлік құралын қайта жабдықталған;

      4) көлік құралының түсі өзгерген;

      5) КҚТК ауыстырған немесе жоғалтқан;

      6) көлік құралының тіркеу деректеріндегі сәйкессіздіктерді және/немесе қателерді және оның иесінің персоналды деректерін түзеткен;

      7) көлік құралының шанағын, шассиін, рамасын ауыстырған жағдайларда жүргізіледі.";

      50. Осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген жағдайда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу үшін көлік құралдарының иелері мыналарды:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

      2) Салық кодексімен белгіленген көлік құралын тіркегені үшін алым және КҚТК мен МТНБ (егер МТНБ ауыстырған жағдайда) бергені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттарды;

      3) көлік құралының бұрынғы КҚТК, МТНБ (егер МТНБ ауыстырған жағдайда);

      4) Осы Қағидалардың 49-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, КҚТК мен МТНБ-ға өзгерістер енгізу үшін – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген көлік құралы иесінің тегін, атын, әкесінің атын өзгергенін растайтын құжаттарды;

      5) Осы Қағидалардың 49-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, 018/2011 КО ТР 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістермен, оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;

      6) Осы Қағидалардың 49-тармағының 3), 4), 6), 7) тармақшасында көзделген жағдайда, 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексеру актісін;

      7) Осы Қағидалардың 49-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайда, бұрынғының орнына орнатылған көлік құралының шанағына, шассиіне, рамасына меншiк құқығын растайтын құжатты ұсынады.";

      50-1, 51-тармақтар алып тасталсын;

      52, 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Осы Қағидалардың49-тармағында көзделген жағдайда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгiзген кезде КҚТК-ні ауыстыру жүргізіледі.

      53. Көлік құралының шанағын, шассиін, рамасын ауыстырған кезде КҚТК-ге көлік құралының бұрынғы шығарылған жылы, маркасы, моделі жазылады.КҚТК-нің "Ерекше белгiлер" деген бағанына тиісті өзгерістің күні көрсетiлiп, "Шанақ ауыстырылды", "Шасси ауыстырылды" немесе "Рама ауыстырылды" деген жазба жасалады.

      Бұл ретте көлік құралының шанағын, шассиін, рамасын басқа модельге (модификацияға) ауыстыруға жол берілмейді.";

      57, 58, 59, 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Көлік құралын есептен шығару, оның ішінде кәдеге жарату үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) мыналарды ұсынады:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

      2) көлік құралына меншiк құқығын растайтын құжатты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (егер көлік құралы КҚТК-де жазылмаған иесімен есептен шығарылған жағдайда) көлік құралы иесінің өзге де құқығын растайтын құжаттарды;

      3) есептен шығарылатын көлік құралының КҚТК (егер көлік құралы кәдеге жарату үшін шығарылған жағдайда), МТНБ ;

      4) егер көлік құралының иесі заңды тұлға болған жағдайда, заңды тұлғаның көлік құралын есептен шығару туралы осы ұйымның (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) мөрімен куәландырылған бұйрығы (өкімі).

      Есептен шығарылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді.

      Есептен шығару ІІО-ның ақпараттық ресурстары бойынша есептен шығаруға ешқандай шектеулер жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі.

      58. Егер көлік құралының иесі екі немесе одан да көп жеке тұлға болса, есептен шығару иелерінің жазбаша келісімі немесе олардың атынан көлік құралын заңды негіздерде иеленуге, пайдалануға немесе өкімдік етуге құқық беретін құжаттарды ұсыну бойынша жүргізіледі.

      59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралын тіркеу есебінен алғаннан кейін оның иесіне Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәдеге жаратуға жататын көлік құралын есептен шығару туралы анықтама береді.

      60. КҚТК болмаған кезде көлік құралдары есептен КҚТК телнұсқасы берілмей шығарылады, бұл ретте көлік құралының иесіне БАЖ-дан көлік құралын есептен шығару туралы жазбасы бар карточка беріледі, оны Мемлекеттік корпорация жұмыскері қолымен және мөрімен куәландырылады.";

      64, 65, 66, 67-тармақтар алып тасталсын;

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) Мемлекеттік корпорацияның филиалдары, ЭҮП құралдары немесе ақпараттандыру объектілері арқылы полицияның аумақтық бөліністеріне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүгінеді және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру" мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      Мынадай мазмұнда 69-1, 69-2, 69-3, 69-4, 69-5, 69-6 және 69-7-тармақтарымен толықтырылсын:

      "69-1. Көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) көлік құралын тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері 20 минут ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушы өкілінің) жеке басын сәйкестендіруді;

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексеруді;

      Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждарды төлеу, кәдеге жарату төлемін енгізу (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде), айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының және (немесе) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарымдардың болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      электрондық өтінішті қалыптастыруды, ұсынылған құжаттарды сканерлеу және оларды ЭЦҚ-мен куәландыруды;

      көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беруді жүзеге асырады.

      Қалыптастырылған электрондық өтініш және сканерленген құжаттардың көшірмесі ЭЦҚ-мен куәландырылғаннан кейін онлайн режимінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне бекітуге, ал көлік құралын бастапқы тіркеу және тіркеу мерзімі шектеулі мерзімге тіркелген жағдайда – көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне Мемлекеттік корпорацияның қарап тексеру пунктіне келіп түседі.

      Мемлекеттік корпорацияны қарап тексеру пунктінде ІІО-ның уәкілетті қызметкері 20 минут ішінде тіркеуге ұсынылған көлік құралының нөмірлік агрегаттарын, МТНБ (бар болса) тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректерге сәйкестігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың түпнұсқалығын тексереді.

      Көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою анықталған жағдайда тиісті ақпарат дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне беріледі.

      Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері 5 минут ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексерудің электрондық актісін қалыптастыруды, оны ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып бекітуді, көлік құралының электрондық фотобейнелерімен және оның сәйкестендіру нөмірімен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің өкілі электрондық түрде өтініш, көлік құралын тексеру актісі (көлік құралын бастапқы тіркеу және шектеулі мерзімге тіркеу кезінде) және қажетті құжаттар пакеті келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде:

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексереді, оларды толтырудың дұрыстығына электрондық өтінішпен салыстырады;

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушы өкілінің) және көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында болуы тұрғысынан тексереді;

      тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің болуын тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз іс-әрекеттерін растай отырып, көлік құралын тіркеуді бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көлік құралын тіркеу бекітілгеннен кейін өтініш автоматты түрде КҚТК өндірісі үшін принтерге жіберіледі және 5 минут ішінде оны дайындау жүзеге асырылады.

      Дайындалған КҚТК-ны жеткізуші 5 минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді, онда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) қабылдайды және оған жаңа КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) береді.

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету аяқталды деп есептеледі.

      69-2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралын бастапқы тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өкілі 20 минут ішінде:

      сканерленген түрде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексереді, оларды толтырудың дұрыстығына электрондық өтінішпен салыстырады;

      көрсетілетін қызметті алушының және көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында болуы, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің болуы тұрғысынан тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз іс-әрекеттерін растай отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша өтінішті бекіту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылдайды.

      Өтінішті бекіту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында Мемлекеттік корпорация жанындағы қарап тексеру пунктіне көлік құралын қамтамасыз ету туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көлік құралын Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне қамтамасыз етеді, онда ІІО уәкілетті қызметкері 20 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарын, МТНБ (бар болса) тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректерге сәйкестігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүзеге асырады және олардың түпнұсқалығы тексеріледі.

      Көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою анықталған жағдайда тиісті ақпарат дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне беріледі.

      Көлік құралын қарап тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері 5 минут ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап тексерудің электрондық актісін қалыптастыруды, оны ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып бекітуді, көлік құралының электрондық фотобейнелерімен және оның сәйкестендіру нөмірімен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің өкілі электрондық түрде өтініш, қарап тексеру актісі және қажетті құжаттар пакеті келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде:

      Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждарды төлеу, кәдеге жарату төлемін енгізу, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының және (немесе) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарымдардың болуы туралы мәліметтерді тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз іс-әрекеттерін растай отырып, көлік құралын тіркеуді бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көлік құралын тіркеу бекітілгеннен кейін өтініш автоматты түрде КҚТК өндірісі үшін принтерге жіберіледі және 5 минут ішінде оны дайындау жүзеге асырылады.

      Дайындалған КҚТК-ны жеткізуші 5 минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді, онда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) қабылдайды және оған жаңа КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) береді.

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      69-3. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралын тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін жүгінген кезде (көлік құралын бастапқы тіркеуді не шектеулі мерзімге тіркеуді қоспағанда), мемлекеттік қызметті көрсету бұрынғы иесінің көлік құралын есептен шығару және көлік құралын жаңа иеленушінің бір өтініш негізінде тіркеуі жолымен мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      көрсетілетін қызметті берушінің өкілі көлік құралының бұрынғы иесінен электрондық өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, оның деректері мен көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында болуы, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің болуы тұрғысынан тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын есептен шығару туралы шешім қабылдайды, немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;

      көлік құралын есептен шығаруды бекіту кезінде электрондық өтініш көлік құралының тіркелгенін растау үшін көлік құралының жаңа иесінің "жеке кабинетіне" түседі;

      көлік құралын жаңа иесі тіркегенін растағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің өкілі оның деректерін іздестіру базасында болу мәніне, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің, Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәліметтердің, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл және (немесе) айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарым түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының қолданыста болуын тексереді және 20 минут ішінде көлік құралын жаңа иесіне тіркеуді бекіту туралы шешім қабылдайды не Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады;

      көрсетілетін қызметті беруші көлік құралын тіркеуді бекіткен жағдайда өтініш автоматты түрде КҚТК өндіру үшін жеткізушінің принтеріне жіберіледі және 5 минут ішінде оны дайындау жүзеге асырылады;

      КҚТК дайындалғаннан кейін автоматты режимде 5 минут ішінде ЭҮП немесе өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы КҚ-ны есептен шығару туралы бұрынғы иесіне, жаңа иесіне – КҚТК алу үшін мекенжайы және берілген МТНБ (егер МТНБ ауыстыру жүзеге асырылатын болса) көрсетіле отырып, Мемлекеттік корпорацияның филиалына келу қажеттілігі туралы хабарлама жеткізіледі;

      хабарламаны алған кезде көлік құралының жаңа иесі (иесінің өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді, онда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері одан 10 минут ішінде бұрынғы КҚТК, МТНБ (егер МТНБ ауыстыру жүзеге асырылса) қабылдайды және оған жаңа КҚТК, МТНБ (егер МТНБ ауыстыру жүзеге асырылса) береді.

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      69-4. Көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) көлік құралын есептен шығару жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері 20 минут ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) жеке басын сәйкестендіруді;

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексеруді;

      мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы айыппұл және (немесе) ұйғарым түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеруді;

      электрондық өтініш толтыруды, ұсынылған құжаттарды сканерлеуді және оларды ЭЦҚ-мен растауды;

      көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беруді жүзеге асырады.

      Қалыптастырылған электрондық өтініш және құжаттардың сканерленген көшірмелері ЭЦҚ расталғаннан кейін онлайн режимде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көрсетілетін қызметті беруші электрондық өтініш және қажетті құжаттар пакеті келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде:

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексереді, оларды толтырудың дұрыстығын электрондық өтінішпен салыстырады;

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) және көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында болуы тұрғысынан тексереді;

      тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің бар-жоғын тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз іс-әрекеттерін растай отырып, көлік құралын есептен шығаруды бекіту туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көлік құралын есептен шығаруды бекіткеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) МТНБ және КҚТК қабылдайды, КҚТК-да көлік құралын есептен шығару туралы белгі қояды және оны көрсетілетін қызметті алушыға (көрсетілетін қызметті алушының өкіліне) қайтарады.

      Шектеулі мерзімге тіркелген көлік құралы есептен шығарылған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) бұрын берілген КҚТК, МТНБ қабылдайды және басқа мемлекеттің құзыретті органы берген және Мемлекеттік корпорацияда уақытша сақталған КҚТК, МТНБ қайтарады.

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін Мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      69-5. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзетулер) үшін көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы, ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      69-6. Көрсетілетін қызметті алушы (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке өзі жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері 20 минут ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілінің) жеке басын сәйкестендіруді;

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексеруді;

      Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждарды төлеу туралы мәліметтерді, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының және (немесе) Мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың бар-жоғын тексеруді;

      электрондық өтініш қалыптастыруды, ұсынылған құжаттарды сканерлеуді және оларды ЭЦҚ-мен растауды;

      көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беруді жүзеге асырады.

      Қалыптастырылған электрондық өтініш және құжаттардың сканерленген көшірмелері ЭЦҚ расталғаннан кейін онлайн режимінде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне бекітуге, ал маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін немесе шасси (шанақ, рамка) нөмірін, шығарылған жылын, түсін, көлемін, қозғалтқыштың қуатын, көлік құралының отыратын орындары санын көрсетудегі сәйкессіздік және (немесе) қателер түзетілген жағдайларда -Мемлекеттік корпорацияның қарау пунктіне көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Мемлекеттік корпорацияны қарау пунктінде ІІО-ның уәкілетті қызметкері 20 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарының, МТНБ-ның тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректерге сәйкестігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың түпнұсқалығын тексереді.

      Көлік құралын қарап-тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері 5 минут ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап-тексерудің электрондық актісін қалыптастыруды, оны ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып бекітуді, көлік құралының электрондық фотобейнелерімен және оның сәйкестендіру нөмірімен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш, көлік құралын тексеру актісі және қажетті құжаттар топтамасы электрондық түрде келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде:

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексереді, оларды толтырудың дұрыстығын электрондық өтінішпен салыстырады;

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушы өкілінің) және көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында бар-жоғы тұрғысынан тексереді;

      тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің бар-жоғын тексереді; 

      көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы шешім қабылдайды немесе ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз әрекеттерін растай отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтер өзектендірілгеннен (түзетілгеннен) кейін өтініш автоматты түрде КҚТК өндірісі үшін принтерге жіберіледі және 5 минут ішінде оны дайындау жүзеге асырылады.

      Дайындалған КҚТК-ны жеткізуші 5 минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді, онда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) қабылдайды және оған жаңа КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) береді.

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін Мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      69-7. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) үшін жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші 20 минут ішінде:

      сканерленген түрде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ дұрыстығын тексереді, оларды толтырудың дұрыстығын электрондық өтінішпен салыстырады;

      мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері арқылы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы айыппұл және (немесе) нұсқама түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулының бар-жоғын тексереді;

      көрсетілетін қызметті алушының және көлік құралының деректерін олардың іздестіру базасында болуы, тіркеу іс-әрекеттерін жасауға тыйым салулар мен шектеулердің бар-жоғы тұрғысынан тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз әрекеттерін растай отырып, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген негіздер бойынша өтінішті бекіту не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім қабылдайды.

      Өтінішті бекіту туралы алдын ала шешім қабылданған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында мемлекеттік корпорация жанындағы көлік құралын қарау пунктіне – маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін немесе шассидің (шанақтың, раманың) нөмірін, шығарылған жылы, түсі, көлемі, қозғалтқыштың қуаты, көлік құралының отыратын орындарының санын көрсетудегі сәйкессіздікті және (немесе) қатені түзету туралы хабарлама жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін көлік құралын Мемлекеттік корпорация жанындағы тексеру пунктіне ұсынады, онда ІІО-ның уәкілетті қызметкері 20 минут ішінде көлік құралының нөмірлік агрегаттарының, МТНБ-ның тіркеу құжаттарында көрсетілген есептік деректерге сәйкестігін тексеруді және салыстырып тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың түпнұсқалығы тексеріледі.

      Көлік құралын дайындаушы салған нөмірлік агрегаттардың таңбалауын қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) жою анықталған кезде тиісті ақпарат дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне беріледі.

      Көлік құралын қарап-тексеру нәтижелері бойынша ІІО уәкілетті қызметкері 5 минут ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес көлік құралын қарап-тексерудің электрондық актісін қалыптастыруды, оны ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып бекітуді, көлік құралының электрондық фотобейнелерімен және оның сәйкестендіру нөмірімен бірге көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жіберуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті беруші өтініш, тексеру актісі және қажетті құжаттар топтамасы электрондық түрде келіп түскен сәттен бастап 15 минут ішінде:

      Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждардың төленгені туралы мәліметтерді тексереді;

      ЭЦҚ және биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, өз әрекеттерін растай отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтер өзектендірілгеннен (түзетілгеннен) кейін өтініш автоматты түрде КҚТК өндірісі үшін принтерге жіберіледі және 5 минут ішінде оны дайындау жүзеге асырылады.

      Жеткізуші 5 минут ішінде дайындалған КҚТК-ны Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне құжаттарды беру секторына береді, онда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан (көрсетілетін қызметті алушының өкілінен) бұрынғы КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) қабылдайды және оған жаңа КҚТК-ны, МТНБ-ны (егер МТНБ-ны ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда) береді.

      Егер көлік құралдарының жекелеген түрлерін тіркеу, есепке алу және есептен шығару туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) маркасын, моделін, сәйкестендіру нөмірін немесе шассидің (шанақтың, раманың) нөмірін, шығарылған жылын, қозғалтқыштың түсін, көлемін, қуатын, қону санын көрсетудегі сәйкессіздікті және (немесе) қатені түзетумен байланысты болмаса өтінішті бекіту туралы шешім қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 5 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында Салық кодексінде белгіленген алымдар мен мемлекеттік баждарды төлеу және Мемлекеттік корпорацияның филиалына КҚТК, МТНБ алу үшін келгені туралы хабарлама жібереді (егер МТНБ ауыстыру жүзеге асырылатын жағдайда).

      Осы тармақта көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін Мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.";

      70, 71 және 72-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Көлік құралын шектеулі мерзімге мемлекеттік тіркеуге, көлік құралдарын ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы кейіннен тіркеусіз есептен шығаруға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

      71. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияға қарап тексеру пунктіне көлік құралын әкелу қажеттігі жағдайынан басқа, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 90 минуттан аспайды, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 120 минуттан аспайды (көрсетілген мерзімде тиісті хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның қарап тексеру пунктіне көлік құралын қамтамасыз ету үшін қажетті уақыт енгізілмейді).

      ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияға қарап тексеру пунктіне көлік құралын әкелу қажеттігі жағдайынан басқа, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 60 минуттан аспайды, бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі құжаттарды тапсырған сәттен бастап 120 минуттан аспайды (көрсетілген мерзімге тиісті хабарлама алғаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның қарап тексеру пунктіне көлік құралын ұсынуға арналған қажетті уақыт кірмейді).

      72. Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз түрінде қабылдаған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болған құжаттар номенклатуралық іске тігіледі, нөмірленеді, Мемлекеттік корпорация филиалының басшысы қол қояды және Мемлекеттік корпорация филиалында үш жыл бойы сақталады, құжаттардың сканерленген көшірмелері Мемлекеттік корпорация серверінде тұрақты негізде сақталады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер ақпараттандыру объектісі меншік иесінің серверінде тұрақты негізде сақталады.";

      6-тарау алып тасталсын;

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері жолымен жүгінеді және осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Көлік құралына мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру" Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – МТНБ телнұсқасын беруге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық бермеген және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды берген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды қабылдаудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің (бұдан әрі – МТНБ) телнұсқасын не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға немесе сенімхат негізінде әрекет ететін оның өкіліне (жеке тұлғалар үшін нотариаты расталған) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы бойынша беріледі.

      МТНБ телнұсқасын беруге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көлік құралдары үшін МТНБ телнұсқасын беру туралы шешім қабылдайды немесе Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.";

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      79. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау кезінде:

      1) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін және тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы баждар мен алымдарды төлеу туралы мәліметтерді тексереді, 20 минут ішінде қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады, ЭЦҚ қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді;

      2) көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдайды, иесін (көрсетілетін қызметті алушыны) және КҚ-ны олардың іздестіруде болу тұрғысынан тексереді, 20 минут ішінде өтінімді бекіту немесе МТНБ телнұсқасын беруге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      3) өтінімді алған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес МТНБ телнұсқасын дайындауға арналған жиынтық өтінімге МТНБ деректерін енгізеді және жұмыс уақытының соңына дейін Жеткізушіге МТНБ телнұсқаларын дайындауға өтінімді жолдайды;

      4) жеткізушіден МТНБ қабылдауды материалдық жауапты адам оларды алған күні Жеткізуші жүкқұжатының, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МТНБ қабылдау актісінің негізінде жүзеге асырады;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің материалдық жауапты адамы қабылдау күні дайындалған МТНБ телнұсқасын 11-қосымшаға сәйкес жүкқұжат бойынша Мемлекеттік корпорацияға береді;

      6) Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға МТНБ телнұсқасын береді.";

      81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "81. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын жоғары тұрған органның әкімшілік ісіне жібереді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органның әкімшілік ісіне жібереді.

      Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";

      5, 7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Емтихандарды тапсыруға "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабында белгіленген жасқа толған және:

      1) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 073/е нысаны бойынша берілген көлікті басқаруға жіберу туралы медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 21579 құқықтық актілер) (бұдан әрі – медициналық анықтама);

      2) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы берген курстарды аяқтау туралы куәлік ұсынған адамдарға емтихандар тапсыруға рұқсат беріледі.

      Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және мемлекеттік не орыс тілдерін білмейтін өзге де адамдар теориялық емтихан тапсыруға білікті аудармашылардың қатысуымен жіберіледі, олар туралы мәліметтер емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.";

      74-тармақ алып тасталсын;

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушіге кандидат:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық нысанда;

      2) медициналық анықтама;

      3) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;

      4) курстарды аяқтау туралы куәлік ұсынады.

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың жүргізуші куәліктері оларды алып қойғаннан және соттың тиісті шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтату және оларды жою туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу үшін беріледі. 

      Бұл ретте шет мемлекетте берілген, оны алып қою орны бойынша уәкілетті органда сақталатын жүргізуші куәлігі жойылуға жатпайды.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін жүргізуші куәлігін беру осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан, сондай-ақ теориялық емтиханды оң тапсырғаннан кейін жүргізіледі.

      Шет мемлекетте берілген жүргізуші куәлігі қайтарылған кезде осы қағидалардың 77-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат берілмейді.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойы айырылған жағдайда жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндігі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бұғатталады.";

      13 және 14-қосымшалар осы бұйрыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен кейін он күн жұмыс күні ішінде:

      осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2024 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
1-қосымша
Көлiк құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
5-қосымша

"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, есепке алу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін бастапқы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктерді беру;
2. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктер беру;
3. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін уақытша мемлекеттік тіркеу және есептен шығару, сондай-ақ көлік құралдарын және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеу туралы куәліктер беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Полицияның аумақтық бөліністері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www.​egov.​kz);
3) ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы – 90 минут (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде 120 минут);
ЭҮП және өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы – 60 минут (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде 120 минут);

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) /қағаз.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) КҚ тіркеген кезде – КҚТК, МТНБ беру;
2) КҚ-ны есептен шығару кезінде – БАЖ тиісті мәліметтерді енгізу арқылы КҚ есептен шығару;
3) Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1) Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553, 615-баптарына сәйкес КҚТҚ, МТНБ бергені үшін міндетті тіркеу алымдары және мемлекеттік баж;
көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен бекітілген Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің негізінде есептелетін кәдеге жарату төлемі алынады
(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 тіркелген);
2) КҚ есептен шығару өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

7

Қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін түскі үзіліссіз, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін түскі үзіліссіз, халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде қабылдау сағат 09-00-ден бастап 13-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) ЭҮП, ақпараттандыру объектілері – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Көлік құралдарын тіркеу үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мыналарды ұсыну қажет:
Жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда;
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 553 және 615-баптарына сәйкес КҚТҚ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымдары және мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжаттар;
көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде кәдеге жарату төлемін енгізу туралы сертификат;
бастапқы тіркелген жағдайда көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты).Егер көлік құралына көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) ресімделсе, көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспорты) ұсыну талап етілмейді;
ЕАЭО кеден аумағына көлік құралдарын уақытша енгізу туралы кеден органдары берген құжаттар (уақытша әкелінген көлік құралын шектеулі мерзімге тіркеген жағдайда);
Бұрынғы КҚТҚ және МТНБ (болған жағдайда);
егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрығы (өкімі);
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат;
егер көлік құралының конструкциясына оны тіркегенге дейін өзгерістер енгізілсе, Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік:
көлік құралын қарап тексеру актісі.
2) Көлік құралдарын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде мыналарды ұсыну қажет:
жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат;
бұрынғы КҚТҚ және МТНБ;
3) Көлік құралдарын тіркеу үшін ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде мыналарды ұсыну қажет:
Салық кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес ТҚКҚ, МТНБ бергені үшін тіркеу алымдары мен мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжаттардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйесі арқылы аталған мәліметтерді алу жағдайын қоспағанда, кәдеге жарату төлемін (көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде) енгізу туралы сертификаттың сканерленген көшірмелері;
көлік құралы паспортының сканерленген көшірмесі (көлік құралы шассиінің паспорты). Егер көлік құралына көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің электрондық паспорты) ресімделсе, көлік құралының паспортын (көлік құралы шассиінің паспорты) ұсыну талап етілмейді;
егер көлік құралының бұрынғы иесі заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның көлік құралын өзінің құрылымдық бөлінісіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға бөлу және беру туралы, осы ұйымның мөрімен куәландырылған (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) бұйрықтың (өкімнің) сканерленген көшірмесі;
көлік құралына меншік құқығын растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған, сондай-ақ құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабына сәйкес ұсынылатын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған;
4) айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған;
5) көрсетілетін қызметті алушының деректері (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) немесе көлік құралы іздестіру базасында болған;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) жаппай қырып жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушының өкілі) деректері болған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салынған (енгізілген) тіркеу әрекеттерін жасауға тыйым салу және шектеу болған;
8) көлік құралын басқа мемлекетте соңғы тіркелген орны бойынша (бастапқы тіркеу болған кезде) тіркеу есебінен шығармаған;
9) көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою салдарынан көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде оны қарап тексеру үшін ұсынбаған немесе көлік құралын сәйкестендіру мүмкін болмаған.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктен ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ЭҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 77 77 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.​mvd.​kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
2-қосымша
Көлiк құралының сәйкестендіру
нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
7-қосымша

      ____________________________

      (қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (мекенжайын көрсету)

      сіздің мемлекеттік қызмет тізілімінде көзделген құжаттар тізбесін, атап айтқанда:

      1. ______________________________________;

      2. ______________________________________;

      3. _______________________________________ толық ұсынбауыңызға

      байланысты _______________________________________________________

      (мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.

      _________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым: __________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
3-қосымша
Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк тiркеу
және есепке алу қағидаларына
8-қосымша

"Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Полицияның аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www.​egov.​kz) арқылы жүзеге асырылады.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация және ЭҮП арқылы Астана және Алматы қалалары үшін 5 жұмыс күні ішінде, облыстар мен Шымкент қаласы үшін 15 жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

МТНБ телнұсқасы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

2 дана – 2,8 АЕК.
1 дана – 1,4 АЕК.

7

Қызмет көрсетушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін түскі үзіліссіз, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде қабылдау сағат 09-00-ден бастап 13-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) ЭҮП, ақпараттандыр объектілері– жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
2) МТНБ үшін баж төлеу;
3) бұрынғы МТНБ болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады; ЭҮП:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП-де электрондық-цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) белсендіреді, оның атына берілген МТНБ-ны таңдап, барлық деректемелік деректерді толтырады;
2) МТНБ үшін "электрондық үкімет" порталының төлем шлюзі арқылы бажды төлеуді жүргізеді;
3) бұрынғы МТНБ болған кезде ол телнұсқа берген кезде тапсыруға жатады.

9

Өтініштерді қабылдаудан бас тарту үшін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

 
1) тиісті өтінімді қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған, сондай-ақ оқылмайтын, қарындашпен орындалған, түзетулері, қосып жазылулары, сызылған сөздері, сондай-ақ ескертілмеген түзетулері бар құжаттарды ұсынған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) ақпараттық жүйелерде мемлекеттік баж төленгені туралы мәліметтер болмаған;
4) жүгінген адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда, оларды орындағанға дейін
5) терроризм мен экстремизді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген адам көлік құралдарын тіркеу органына жүгінген;
6) иесі (немесе оның өкілі) және (немесе) көлік құралы іздестіруде болған;
7) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаған жағдайда

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ҮЭП "жеке кабинеті", қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
4-қосымша
Емтихандарды қабылдау
және жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
13-қосымша

      ______________________________

      (қызмет алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация қызметкері

      ___________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      (мекенжайын көрсету)

      сіздің мемлекеттік қызмет тізілімінде көзделген құжаттар тізбесін, атап айтқанда:

      1. ______________________________________;

      2. ______________________________________;

      3. _____________________________ толық ұсынбауыңызға байланысты

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік қызметтің атауын көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.

      ____________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым: _____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2024 жылғы 10 сәуірдегі
№ 315 бұйрығына
5-қосымша
Емтихандарды қабылдау
және жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
14-қосымша

"Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Жүргізуші куәліктерін беру;
2. Алғаш рет және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәліктерін беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1) Мемлекеттік корпорация;
2) ЭҮП (www.egov.kz);
3) ақпараттандыру объектілері.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы – 120 минут;
ЭҮП және ақпараттандыру объектілері арқылы – 60 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүргізуші куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін түскі үзіліссіз, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері – дүйсенбіден жұма аралығында қабылдау сағат 09-00-ден бастап 17-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, сенбіде қабылдау сағат 09-00-ден бастап 13-00-ге дейін, беру сағат 09-00-ден 14-00-ге дейін, демалыс Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері.
2) ЭҮП, ақпараттандыру объектілері – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

 
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Жүргізуші куәлігін беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
Жеке басты куәландыратын құжатты (жеке басты сәйкестендіру үшін), оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды нысанда;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктің ақпараттық жүйесі немесе "Автомектеп" ААЖ арқылы курстарды аяқтағаны туралы куәлік.
2) ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізуші куәлігін беру үшін жүгінген кезде (жүргізуші куәлігін алғаш рет беру жағдайларын қоспағанда және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін):
жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы электронды нысанда;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болған жағдайда;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ЭҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылған.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады