"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 сәуірде № 34293 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      1-тараудың 2-тармағында:

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) жаяу жүргіншілер өткелі - жүру бөлігінің 5.16.1, 5.16.2 5.16.3 осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгілерімен және (немесе) 1.14.1 - 1.1.14.3 осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес таңбаларымен белгіленген және жаяу жүргіншілердің жолдан өтуі үшін бөлінген жолдың жүру бөлігінің учаскесі. Таңба болмаған жағдайда, жаяу жүргінші өткелінің ені жол осі бойынан осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.16.1 және 5.16.2 белгілерінің арасындағы ара-қашықтықпен айқындалады;";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) жол қиылысы - жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыс, тиісінше қарама-қарсы жолдың жүру бөлігінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғап тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде қиылысу, қосылу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығу дала, орман жолдармен қиылысу (қосылатын) орындары жол қиылысы болып саналмайды;";

      мынадай мазмұндағы 68) тармақшамен толықтырылсын:

      "68) жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу – "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда жол-көлік оқиғасы туралы құжаттарды Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз ресімдеу;".

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, жол-көлік оқиғасын оңайлатылған ресімдеу жүзеге асырылмаған кезде, егер зардап шеккендер болмаса, болған оқиғаның мән-жайларын бағалауда жүргізушілер өзара келіскен кезде оқиғаның схемасын алдын ала жасап және оған қол қойып, оқиғаны ресімдеу үшін ішкі істер органдарының жақын бөлімшесіне келеді.".

      5-тарауда:

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жасыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін бағдаршамның тыйым салатын қызыл сигналының жанғаны туралы хабарландырады.

      Сөніп тұрған жасыл "+" тәрізді сигнал қарсы бағыттағы көлік құралдары үшін бағдаршамның рұқсат беретін жасыл сигналының жанғаны туралы хабарландырады.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде, егер бағдаршам сигнализациясының жұмыс режимі жасыл сигналдың тікелей сөнер алдындағы жыпылықтауын қамтамасыз етпейтін жағдайларда әрі қарай жүруге рұқсат етіледі.

      Реттеуші қолын көтерген немесе сары сигнал жанған кезде жолдың жүру бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.".

      8-тарауда:

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Екінші дәрежелі жолдан жолға шығу кезінде жүргізуші жолда жүріп келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде өзі жолын кесіп өтетін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге жүруге жол береді.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Бұрылу жолдың жүру бөліктерінің қиылысынан шыққан кезде көлік құралы қарсы жүру жағына шықпайтындай болып жүзеге асырылады. Оңға бұрылған кезде көлік құралы жүріс бөлігінің оң жақ шетіне жақынырақ жүруі керек.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Радиусқа қарамастан, бұрылу қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартымен және егер бұл басқа көлік құралдарына кедергі келтірмесе жүзеге асырылады.".

      9-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. Қағидалармен қарастырылған жағдайларды қоспағанда 1.1 жол белгісімен бөлінген және (немесе) 3.20 белгімен белгіленген екі жолағы бар екі жақты жүру жолдарда қарсы жүруге арналған жолаққа шығуға тыйым салынады.".

      10-тарауда:

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Елді мекендерде:

      1) автобустар мен тиісті жол белгілерімен белгіленген арнайы жүру режимдерін қоспағанда, сағатына 60 километрден аспайтын, бірақ сағатына 90 километрден аспайтын жылдамдықтағы көлік құралдарына;

      2) жылдамдығы сағатына 50 километрден аспайтын автобустарына;

      3) тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында - сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етіледі.";

      13-тарауда:

      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Қиылыстарда солға бұрылу кезінде қарсы бағыттағы көлік құралдарының жүрісі осындай маневр жасауға мүмкіндік бермейтін ерекше геометриялық параметрлері бар қиылыстардың өту жағдайларын қоспағанда, оң жағынан жүзеге асырылады.";

      98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "98. Бағдаршамның рұқсат беретін сигналы кезінде тоқтау-сызығын (5.33 белгісін) өткен жүргізуші жол қиылысынан шығудағы бағдаршам сигналына қарамастан, белгілі бағытқа шығады. Егер жол қиылысында, жүргізушінің бағыт алған жолында орналасқан бағдаршамның алдында тоқтау-сызығы және (немесе) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.33 белгісі болған жағдайда, жүргізуші әрбір бағдаршамның сигналын басшылыққа алады.";

      18-тарауда:

      126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "126. Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9, 5.9.2-5.9.4, 5.10.1-5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда осы жолақпен қоғамдық көліктерден және оларға жатпайтын автобустардан басқа көлік құралдарының жүруі жүзеге асырылмайды және аялдауына болмайды (осы Қағидалардың 24-тарауы 166 және 168-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда).

      Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 5.9, 5.9.2-5.9.4 белгісімен белгіленген жолақ қалған жолдың жүру бөліктерінен үзік-үзік таңбалау сызықтарымен бөлінген болса, онда бұрылу кезінде көлік құралдары соған орын ауыстырады. Сондай-ақ мұндай жерлерде бұл жолаққа егер бұл маршруттық көлік құралдарына, басқа да қоғамдық көлікке және оларға жатпайтын автобустарға кедергі тудырмайтын болса, жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетінен жолға кірер кезде және жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін кіруге рұқсат етіледі.".

      Жол жүрісі қағидаларына 1-қосымшада:

      1-тарауда:

      үшінші абзац алып тасталынсын.

      3-тарауда:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.5 "Мотоциклдердің жүруіне тыйым салынады". Мотоциклдер мен мопедтердің жүруіне тыйым салынады."

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.7 "Движение транспортных средств с прицепом запрещено". Запрещается движение грузовых автомобилей и тракторов с прицепами любого типа, а также буксировка механических транспортных средств.";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.9 "Велосипедпен жүруге тыйым салынады". Велосипедтер, электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдар жүруіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын:

      "3.9.1 "Электр самокаттармен жүруге тыйым салынады". Тек электр самокаттар жүруіне тыйым салынады.";

      қырық алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2, 3.3, 3.28-3.30 - бірінші және екінші топтағы, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына.".

      4-тарауда:

      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Жол белгілерін нөмірлеу 1125 ҚР СТ-ға сәйкес келеді. Жол белгілерінің атаулары мен суреттері 2-суретте келтірілген. 4.1.2 және 4.1.3 жол белгілерінің суреттері 1125 ҚР СТ-ға сәйкес өзгертілді, осы жол белгілерінің алдыңғы суреттері олар ауыстырылғанға дейін қолданыста болады.";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.5 "Велосипед жолы немесе велосипед жүретін жолақ". Велосипед, электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдармен ғана жүруге рұқсат етіледі.";

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.5.4, 4.5.5 "Қозғалысы бөлінген жаяу жүргінші және велосипед жолы". Жаяу жүргінші, велосипед электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдар ағындары өздігінен ағынға бөлінетін кезде, жаяу жүргінші, велосипедтер, электр самокаттар және шағын электр көлігі құралдардың бірлескен қозғалысына арналған жолдар.".

      5-тарауда:

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.8.1 "Жолақтар бойынша жүру бағыттары". Жолақтардың саны және олардың әрбіреулерінде рұқсат етілген жүру бағыттары.

      Егер 5.8.1 белгісінде 5.9.1 – 5.9.4 белгісі бейнеленсе, онда оның осы белгілердің әрекеті көрсетілген жолаққа қолданылады.";

      он үшіншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.8.2а "Жолақтар бойынша жүру бағыты".

      Егер 5.8.1, 5.8.2, 5.8.2а белгілерінде қандай да бір көлік құралдарының жүруіне тыйым салатын белгі бейнеленсе, онда осы көлік құралдарының тиісті жолақ бойынша жүруіне тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы жиырма бірінші және жиырма екінші абзацпен толықтырылсын:

      "5.8.6а - 5.8.6в "Параллельді жолға қатар ауыстыру" жүргізушілерді параллельді жолға қатар ауыстыру кезіндегі қозғалыс басымдықтары туралы хабардар етеді.

      5.8.6г, 5.8.6д "Параллель жүріс бөлігінің соңы" жүргізушілерге параллель жүріс бөлігінің бірігуі кезіндегі қозғалыс басымдықтары туралы хабарлайды.";

      жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.9 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ". Көлік құралдарының жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының, басқа да қоғамдық көліктің және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының жүруіне арналған жолақ.

      5.9.1 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтардың аяқталуы". Маршруттық көлік құралдары мен көлік құралдарының жалпы ағынымен жүріп келе жатқан басқа да қоғамдық көліктің және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының жүруіне арналған жолақтың аяқталуы.";

      мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "5.9.2-5.9.4 "қоғамдық көлікке арналған қозғалыс бағытының белгілері" тікелей бағытта қозғалыс мүмкін болмаған жағдайларда қиылыстың алдында маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойынша маршруттық көлік құралдарының, басқа да қоғамдық көліктің және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының қозғалыс бағытын көрсетеді.";

      жиырма тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.10.1 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол". Маршруттық көлік құралдарының, басқа да қоғамдық көліктің және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының жүрісі көлік құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге асырылатын жол.";

      мынадай мазмұндағы отыз жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "5.8.1-5.8.8, 5.11.1 және 5.11.2 ақпараттық-көрсеткіш белгілер 3.3-3.8. тыйым салатын белгілермен біріктіруге болады.";

      мынадай мазмұндағы қырық үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "5.16.3 "Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі".";

      алпыс екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.30.1 - 5.30.5 "Жүк автомобильдері үшін жүру бағыты". Егер жол қиылысында бағыттардың біреуімен олардың жүруіне тыйым салынса, жүк автомобильдері, тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар үшін ұсынылатын жүру бағыты.".

      7-тарауда:

      мынадай мазмұндағы отыз алтыншы және отыз жетінші абзацтармен толықтырылсын:

      "7.26 "Көлік құралының түрі". Электр самокаттарға қолданылады.

      7.27 "Көлік құралдары түрінен басқа". Электр самокаттарға қолданылмайды.".

      2-суретте "Жол белгілері":

      "3. Тыйым салу белгілері" бөлімі мынадай мазмұндағы 3.9.1 жол белгімен толықтырылсын:

      "



      ";

      "5. Ақпараттық сілтеме белгілері" бөлімі мынадай мазмұндағы 5.8.6а-5.8.6д, 5.9.2-5.9.4, 5.16.3., 5.30.4, 5.30.5 жол белгілермен толықтырылсын:

      "



      Параллельді жолға қатар ауыстыру



      Параллель жүріс бөлігінің соңы



      Параллель жүріс бөлігінің соңы



      Диагональды жаяу

      жүргіншілер өткелі



      Жүк автомобильдері үшін жүру бағыты ";

      "7. Қосымша ақпарат белгілері (кестелер)" бөлімі мынадай мазмұндағы 7.26, 7.27 жол белгілермен толықтырылсын:

      "



      ".

      Жол жүрісі қағидаларына 2-қосымшада:

      1-тарауда:

      жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.23-маршруттық көлік құралдарына, басқа да қоғамдық көлікке және бұдан басқа М3 санатындығы көлік құралдарының арналған арнайы жолақты көрсетеді.";

      мынадай мазмұндағы жиырма сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "1.28 (сары түсті таңба) – жол қиылысының учаскесін айқындайды.".

      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1.10 бірінші және екінші топтағы, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды тасымалдайтын көлік құралдарына және таксометр қосылған таксиге қолданылмайды.";

      отыз алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жол белгілерінің, оның ішінде уақытша белгілердің және көлденең таңба сызықтарының мәндері бір-біріне қайшы келетін немесе таңба сызықтары жеткілікті түрде ерекшеленбейтін жағдайларда жүргізушілер жол белгілерін басшылыққа алуы тиіс.".

      3-суретте "Жол таңбалары" "Көлденең таңба" бөлімі мынадай мазмұндағы 1.28 жол таңбамен толықтырылсын:

      "



      ".

      Жол жүрісі қағидаларына 3-қосымшада:

      1-суретте "Бағдаршамның және реттеушінің сигналдары. Көлік бағдаршамдары", мынадай мазмұндағы бағдаршамның сигналымен толықтырылсын:



      көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерінде:

      9-тармақта:

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Мүгедектігі бар адам" - қабырғасы бір жүз елу миллиметр сары түсті шаршы түрінде және қара түсті 7.17 жол белгісінің рәмізі бейнеленген - бірінші және екінші топтағы, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты бұзылған үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар басқаратын немесе осындай мүгедектігі бар адамдарды;";

      мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:

      ""Электромобиль" – қабырғасы бір жүз елу миллиметр жасыл түсті шаршы түрінде және қара түсті 7.22 жол белгісінің рәмізі бейнеленген – электромобильдердің алдынан және артынан.

      "Газбалон құрылғылармен жабдықталған көлік құралдары" - ішіне онда қара түсті леп белгісі және "ГАЗ" сөзі жазылған, қара түсті жиегі бар, ұшы жоғары қаратылған сары түсті тең жақты үшбұрыш (жақтары - кемінде жүз елу миллиметр, жиегінің ені жақтың 1/10) түрінде - газбалон құрылғылары бар маханикалық көлік құралдарынынң артынан орнатуға жол беріледі;";

      4-суретте "Таным және өзге белгілер" мынадай мазмұндағы белгілермен толықтырылсын:

      "



 


 

Электромобиль

Газбалон құрылғылармен жабдықталған
көлік құралдары

      ".

      Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлардың тізбеге:

      7-тарауда:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін (артқы көру айналарын, әйнек тазалағыштардың бөлшектерін, сыртқы және орнатылған немесе әйнекке салынған радиоантенналарды, желқағар әйнекті еріту және кептіру құрылғыларының қыздыру элементтерін, әйнек дефлекторларын қоспағанда) жол жүрісіне қатысушылардың жарақат алу қаупіне әкеп соғатын қосымша заттар орнатылған.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Техникалық реттеу саласында көзделген талаптарды бұзумен, көлік құралдарын қайта жабдықтау жүргізілген.

      М1, М2, М3 санатындағы көлік құралдарын орындықтар орнатумен (бөлшектеумен), жатын орындарын және жүк бөліктермен ұйымдастыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.

      N1, N2, NЗ санатындағы көлік құралдарын М2 және МЗ санатына ауыстыруға байланысты қайта жабдықтау жүргізілген.

      М1 санаты үшін отыратын орындар санының азайтуға байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      М1, М2 санаты үшін оларды N1, N2 санатына ауыстыруға байланысты қайта жабдықтауға жол беріледі.

      Көлік құралдарын қайта жабдықтау (конструкциясын өзгерту) – көлік құралының конструкциясында көзделген жол жүрісінің қауіпсіздігіне әсер ететін құрамдас бөліктер мен жабдықтау заттарын алып тастау немесе көзделмегендерін орнату (зауытта жасалған багаж салатын мен тіркеме құрылғыларды орнатуды қоспағанда).".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақтан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады