"Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 мамырда № 34332 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 58) тармақшасы алып тасталсын;

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін субъектілердің тарифтерін тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдана отырып қалыптастыру және бекіту осы Қағидалардың 2-тарауының 3-1-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 242-1-тармақпен толықтырылсын:

      "242-1. Субъектіде осы Қағидалардың 247 және 269-тармақтарында көрсетілген тұтынушылардың топтары бойынша бекітілген сараланған тарифтер болған жағдайда уақытша өтемдік тариф тұтынушылардың әрбір тобы үшін мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      тұтынушылардың бірінші тобы үшін:

      Т1өтемд. = Т1бекіт., мұндағы:

      Т1өтемд. – уақытша өтемдік тариф, тұтынушылардың бірінші тобы үшін;

      T1бекіт. – уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тұтынушылардың 1-тобына арналған тариф, теңге;

      тұтынушылардың екінші тобы үшін:


мұндағы:

      Т2өтемд. – тұтынушылардың екінші тобына арналған уақытша өтемдік тариф;

      T1бекіт. – уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен, тұтынушылардың бірінші тобына арналған тариф, бір текше метр/Гкал үшін, теңге;

      T2бекіт. – уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен, тұтынушылардың екінші тобына арналған тариф, бір текше метр/Гкал үшін, теңге;

      T3бекіт. – уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен, тұтынушылардың үшінші тобына арналған тариф, бір текше метр/Гкал үшін, теңге;

      Tорт.бекіт. – уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдау күніне уәкілетті органның ведомствосы бекіткен, тұтынушыларға арналған орташа тариф, бір текше метр/Гкал үшін, теңге;

      Vжалпы – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіне реттеліп көрсетілетін қызметтердің жылдық көлемі, текше метр/Гкал;

      V1 – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіне тұтынушылардың бірінші тобының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жылдық көлемі, бір текше метр/Гкал;

      V2 – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіне тұтынушылардың екінші тобының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жылдық көлемі, бір текше метр/Гкал;

      V3 – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіне тұтынушылардың үшінші тобының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жылдық көлемі, бір текше метр/Гкал;

      НКк – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз алынған кіріс сомасы, теңгемен.

      тұтынушылардың үшінші тобы үшін:



      Т3өтемд. – уақытша өтемдік тариф, тұтынушылардың үшінші тобы үшін;

      Егер уақытша өтемдік тарифті есептеу кезінде тұтынушылардың екінші және үшінші тобына арналған тарифтер бірінші топ тарифінен төмен болған жағдайда, тұтынушылардың барлық топтары үшін уақытша өтемдік тариф мынадай формула бойынша айқындалады:



      Туөт – осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып бір текше метр/Гкал үшін айқындалған тариф, теңге.";

      247-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "247. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифті саралау мақсатында тұтынушылар топтарға бөлінеді:

      1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;

      2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;

      3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.

      Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

      1-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

      2-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

      3-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына су тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

      4-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар.";

      247-1-тармақ алып тасталсын;

      249-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "249-1. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      Тхал.1 = Тхал.

      Тхал.2 = 1,2*Тхал.

      Тхал.3 = 1,5*Тхал.

      Тхал.4 = 2*Тхал. мұндағы,

      Тхал.1 – 1-кіші топтың тарифі;

      Тхал. – осы Қағидалардың 249-тармағына сәйкес айқындалған тариф;

      Тхал.2 – 2-кіші топтың тарифі;

      Тхал.3 – 3-кіші топтың тарифі;

      Тхал.4 – 4-кіші топтың тарифі.

      1 адамға шаққандағы 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде тұтынылған көлемге:

      3 м3- -ге дейін – Тхал. деңгейінде;

      3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін – 1,2*Тхал. деңгейінде;

      5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін – 1,5*Тхал. деңгейінде;

      10 м3-ден астамнан – 2*Тхал. деңгейінде тариф қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 249-2-тармақпен толықтырылсын:

      "249-2. "Халық санатына жататын жеке тұлғалар" тұтынушылардың бірінші тобы 2, 3, 4-кіші топтарының тарифтерін қолдану кезінде субъект алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға бағытталады.

      Уәкілетті орган бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмағанын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс субъектінің бекітілген барлық кірісінен алынып тасталады.";

      262-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "262. Суды арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер – бірінші топ;

      2) су арналары, бюджеттік ұйымдар – екінші топ;

      3) электр энергиясын өндіретін кәсіпорындар – үшінші топ;

      4) су жіберу (табиғатты қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық) – төртінші топ;

      5) өнеркәсіптік кәсіпорындар, өзге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар – бесінші топ.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суды үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

      1-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары шегінде тұтынатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер;

      2-кіші топ – реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларының асып кетуіне жол берген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.";

      мынадай мазмұндағы 262-2-тармақпен толықтырылсын:

      "262-2. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер" тұтынушылардың бірінші тобы 2-кіші тобының тарифін қолдану кезінде субъект алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға бағытталады.

      Уәкілетті орган бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмағанын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс субъектінің бекітілген барлық кірісінен алып тасталады.";

      мынадай мазмұндағы 267-1-тармақпен толықтырылсын:

      "267-1. Тұтынушылардың бірінші тобының мынадай санаттары үшін арналар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      Таштө1 = Т1

      Таштө2 = 1,2*Т1,, мұндағы,

      Т1 – осы Қағидалардың 267-тармағына сәйкес айқындалған бірінші топтың тарифі;

      Таштө1–1-кіші топқа арналған тариф;

      Таштө2 – 2-кіші топқа арналған тариф.

      Су тұтынудың үлестік нормаларынан асып кету фактісі болған жағдайда, 1 айдағы есепке жазудың жалпы көлемін есептеу кезінде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен келісілген су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары шегінде тұтынылған көлемге бірінші кіші топтың тарифі қолданылады, ал қалған көлемге 2-кіші топтың тарифі қолданылады.";

      4-тарау 2-параграфтың 3-бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті саралау

      268. Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф тұтынушылар топтары бойынша, оның ішінде жылу энергиясын тұтынуды есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай сараланады.

      Тұтынушылар топтарына арналған тарифтер осы Қағидалардың 2-параграфының 3-бөліміне сай Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған тарифке сүйене отырып:

      тиісті өңір халқының төлем қабілеттілігі деңгейі;

      инфляцияға әсері;

      жылу энергиясын тұтыну құрылымы;

      өнеркәсіптік өндірістің даму деңгейі;

      энергияны үнемдеу үшін ынталандыру жасау ескеріліп айқындалады.

      269. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша тарифті саралау мақсатында тұтынушылар мынадай топтарға бөлінеді:

      1) халық санатына жататын жеке тұлғалар – бірінші топ;

      2) бірінші және үшінші топқа жатпайтын өзге тұтынушылар – екінші топ;

      3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар – үшінші топ.

      270. Тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Tхал.=Tхал.қолд.* k1 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Тхал.қолд. – тұтынушылардың бірінші тобы үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;

      k1 – осы Қағидалардың 268-тармағына сәйкес айқындалған, тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті;

      271. Тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Tөзге=Tөзге.қолд.* k2 (теңге/Гкал), мұндағы:

      Төзге.қолд.. – тұтынушылардың екінші тобы үшін субъектінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған қолданыстағы тариф;

      k2 – осы Қағидалардың 268-тармағына сәйкес айқындалған тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтауға арналған тарифті өзгерту коэффициенті.

      272. Тұтынушылардың үшінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тбюдж. = (Т*Q – Tхал.*Qхал.– Tөзге * Qөзге)/Q бюдж.(теңге/Гкал) мұндағы:

      Т – осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес айқындалған, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Q – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, тұтынушылардың (жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі;

      Тхал. – тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qхал. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      Төзге – тұтынушылардың екінші тобы үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф;

      Qөзге – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      Qбюдж. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал.

      272-1. Жалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:

      1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін;

      2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін;

      3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.

      272-2. Кіші топтар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф былайша айқындалады:

      1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін:

      Tхал.1 = Тхал., мұндағы:

      Тхал.1– халық санатына жататын жеке тұлғалар – 1-кіші топ тарифі;

      Тхал. – осы Қағидалардың 270-тармағына сәйкес айқындалған тариф;

      2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астамнан 200 м2 -ге дейін;

      Tхал. 2=Тхал.*1,1, мұндағы:

      Тхал.2 – халық санатына жататын жеке тұлғалар– 2-кіші топ тарифі.

      Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халықтың 1-кіші тобына сияқты халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері қолданылады, қалған көлемге халықтың 2-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.

      3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2-ден астам:

      Tхал.3=Тайқынд., мұндағы,

      Тхал.3 – халық санатына жататын жеке тұлғалар – 3-кіші топ тарифі;

      Tайқынд. – осы Қағидалардың жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған (орташа босату тарифі) талаптарын ескере отырып айқындалған тариф.

      Бұл ретте белгілі бір көлем үшін халық санатына жататын жеке тұлғалардың тарифтері халықтың 1 және 2-кіші тобына сияқты қолданылады, қалған көлемге халықтың 3-кіші тобы үшін жеке тұлғалардың тиісті тарифі қолданылады.

      272-3. "Халық санатына жататын жеке тұлғалар" тұтынушылардың бірінші тобы 2 және 3-кіші топтарының арналған тарифтерді қолдануы кезінде табиғи монополиялар субъектісі алған қосымша кіріс реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңғыртуға, реконструкциялауға, сондай-ақ негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға жұмсалады.

      Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті талдау кезінде қосымша кірістің мақсатқа сай пайдаланылмауын анықтаған жағдайда, негізсіз кіріс табиғи монополия субъектісінің бекітілген барлық кірісінен алып тасталады.

      Уәкілетті органның ведомствосы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке талдау жүргізу кезінде бекітілген барлық кірістен мақсатқа сай пайдаланылмаған қосымша кіріс сомасын алып тастайды.

      273. Есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      1) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ТЕА жоқ хал.):

      ТЕА жоқ хал. = 1,2 * Тхал.(теңге/Гкал);

      2) жылу энергиясын есептеудің есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобы үшін (ТЕА бар хал.):

      ТЕА бар хал.= (Тхал.* Q хал. – ТЕА жоқ хал.= *QЕА жоқ хал.)/QЕА бар хал. (теңге/Гкал).

      Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобына (ТЕА бар хал.) арналған тариф есептеме бойынша ≤0 деңгейінде айқындалатын болса, онда ТЕА бар хал. және ТЕА жоқ хал. мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ТҮОЕА бар хал. = 0,5*Тхал. (теңге/Гкал);

      ТЕА жоқ хал.= = (Тхал. * Qхал. – ТЕА бар хал. * QЕА бар хал.=)/QЕА жоқ хал.= (теңге/Гкал),

      мұндағы:

      Qхал. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕА жоқ хал. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың бірінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕАбар хал. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың бірінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      3) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ТЕА жоқ өзге):

      ТЕА жоқ өзге = 1,3 * Төзге (теңге/Гкал);

      4) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда, тұтынушылардың екінші тобы үшін (ТЕА бар өзге):

      ТЕАбар өзге = (Төзге *Qөзге – ТЕА жоқ өзге * QЕА жоқ өзге) / QЕА бар өзге (теңге/Гкал),

      егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобына арналған тариф (ТЕАбар өзге) есептеме бойынша ≤0 деңгейінде айқындалатын болса, ТЕА бар өзге және ТЕА жоқ өзге мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ТЕА бар өзге= 0,7*Төзге (теңге/Гкал);

      ТЕА жоқ өзге  = (Төзге* – ТЕА бар өзге * QЕА бар өзге)/QЕА жоқ өзге (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qөзге – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕА жоқ өзге – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың екінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың екінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕА бар өзге – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың екінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      5) жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобы үшін (ТЕА жоқ бюдж.):

      ТЕА жоқ бюдж.  = 1,5 * Тбюдж.(теңге/Гкал);

      6) жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобы үшін (ТЕА бар бюдж.):

      ТЕА бар бюдж.  = (Тбюдж. * Qбюдж. – ТЕА жоқ бюдж. * Q ЕА жоқ бюдж.)/Q ЕА бар бюдж. (теңге/Гкал).

      Егер жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобы үшін тариф (ТЕА бар бюдж.) есептеме бойынша ≤ 0 деңгейінде айқындалған болса, онда ТЕА бар бюдж. және ТЕА жоқ бюдж. мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ТЕА бар бюдж. = 0,5 * Тбюдж.. (теңге/Гкал);

      ТЕА жоқ бюдж. = (Тбюдж.. * Qбюдж. – ТЕА бар бюдж. * Q ЕА бар бюдж.)/QЕА жоқ бюдж. (теңге/Гкал), мұндағы:

      Qбюдж. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕА жоқ бюдж. – жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың үшінші тобының (жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылардың үшінші тобын қоспағанда) жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      QЕА бар бюдж.– жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен субъектінің жасасқан шарттарымен, ниет хаттамаларымен және жалпыға бірдей сапалы қызмет көрсету міндеті мен субъектінің мүмкіндіктеріне, тарифтерді ұстап тұру немесе оның өсуіне жол бермеу мақсатында көлемдердің төмендеуіне жол бермеуге сүйене отырып жасалған есептемелермен расталған, жылу энергиясын есепке алу аспаптары бар тұтынушылардың үшінші тобының жылу энергиясын тұтынуының жоспарланған жылдық көлемі, Гкал;

      274. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайларда, барак типтегі үйлерде тұратын тұтынушылар үшін жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Тхал. тозғ.= Тхал. (теңге/Гкал),

      Т өзге тозғ. = Төзге (теңге/Гкал),

      Т бюдж. тозғ. = Тбюдж. (теңге/Гкал).

      275. Жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ, тозған, авариялық тұрғын үй-жайлардың тізбесін уәкілетті орган ведомствосының сұрау салуы бойынша жергілікті атқарушы органдар (қалалардың, аудандардың) жылу энергиясымен жабдықтау қызметтерін көрсету орны бойынша ұсынады.

      276. Есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына қарай жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге сараланған тарифтерді тұтынушылардың қолдануына байланысты субъектінің кірісті толық алмауы немесе негізсіз кіріс алуы жағдайында толық алынбаған кіріс сомасы немесе негізсіз алынған кіріс сомасы осы Қағидалардың 2-параграфының 3-бөліміне сәйкес Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігінің ерекшеліктеріне сәйкес айқындалатын тариф өзгерген кезде, оның ішінде тарифтердің қолданылу кезеңінде ескеріледі.

      277. Тұтынушыларға берілген жылу энергиясының көлемі есеп айырысу кезеңінде тікелей жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу тұтыну объектісінде тұтынылған жылу энергиясының сомасы (бұдан әрі – жылу энергиясының көлемі) ретінде айқындалады. Есеп айырысу кезеңі ретінде күнтізбелік ай алынады.

      Жылытуға арналған жылу энергиясының көлемін айқындау жылу энергиясына есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылар үшін жүргізіледі.

      Ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемін айқындау жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы не болмауы ескеріле отырып, ыстық суға арналған жеке есепке алу аспаптары бар және жоқ тұтынушылар үшін жүргізіледі.

      278. Есепке алу аспаптары бойынша тұтынушыларға берілген жылу энергиясының көлемі – бұл жылыту және ыстық сумен жабдықтау мұқтаждарына тікелей жылу тұтынатын объектіде тұтынылған жылу энергиясының жиынтығы.

      278-1. Есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін жылыту мұқтаждарына жылу энергиясының көлемі (Q(ж.ЖЭЕА) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Q(ж. ЖЭҮОЕА)=Q(жалпы ЖЭҮОЕА) – Q(ЫСЖ ЖЭҮОЕА) (Гкал), мұндағы:

      Q(жалпы ЖЭҮОЕА) – жылыту және ыстық сумен жабдықтау мұқтаждарына жылу энергиясының ортақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша берілген жылу энергиясының жалпы көлемі, Гкал;

      Q(ЫСЖ ЖЭҮОЕА) – ыстық сумен жабдықтау мұқтаждарына жылу энергиясының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша берілген жылу энергиясының көлемі (жылумен жабдықтаудың ашық жүйелері үшін), ал жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі үшін – ыстық суды есепке алудың жеке аспаптарының жиынтық көрсеткіштерін немесе оны тұтыну нормативтерін ескере отырып есепке алу арқылы, Гкал.

      279. Көп қабатты тұрғын үйлерде (бұдан әрі – КТҮ) тұрғын емес үй-жайлар (коммерциялық жылжымайтын мүлік) болған жағдайда, оларды КТҮ-нің бірыңғай жылумен жабдықтау жүйесіне қосу кезінде тұтынушылардың осы санаты жылу энергиясын жеке есепке алу аспаптарының (бұдан әрі – ЖЭЖЕА) болуына немесе болмауына қарай есепке жатқызуларды есептеуге қатысады.

      ЖЭЖЕА бар тұтынушылар үшін жылыту қажеттілігіне тұтыну көлемі (Qж. ЖЭЖЕА бар):

      Qж. ЖЭЖЕА бар = Qкезең соңы Qкезең басы (Гкал), мұндағы:

      Qкезең басы – i-пәтердің есеп айырысу кезеңінің басындағы абоненттің ЖЭЖЕА көрсеткіштері:

      Qкезең соңы – i-пәтердің есеп айырысу кезеңінің соңындағы абоненттің ЖЭЖЕА көрсеткіштері. ЖЭЖЕА жоқ болғанда тұтыну көлемі (Qж. ЖЭЖЕА жоқ ):



      Qж. ЖЭЖЕА жоқ – ЖЭЖЕА-мен жабдықталмаған не ЖЭЖЕА істен шыққан (сынған, салыстырып тексерудегі) не ЖЭЖЕА-ден көрсеткіштер жоқ пәтерді (тұрғын емес үй-жайды) жылытуға арналған жылу энергиясының көлемі;

      Qж. ЖЭҮОЕА – есеп айырысу кезеңінде ЖЭҮОЕА көрсеткіштері бойынша жылытуға тұтынушыларға жіберілген жылу энергиясының көлемі;

      Si-пәтер – i-пәтердің (тұрғын емес үй-жайдың) жылытылатын ауданы;

      Sжалпы пәтер – жылытылатын пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) жалпы ауданы.

      Ортақ пайдалану орындарында (ОПО) жылу энергиясын тұтыну көлемі:

      Qж. ОПО=Qж. ЖЭҮОЕА -∑▒Qж. ЖЭЖЕА бар _ -∑▒Qж. ЖЭЖЕА жоқ (Гкал), мұндағы:

      Qж. ОПО – ортақ пайдалану орындарын жылытуға арналған жылу энергиясының көлемі;

      Qж. ЖЭҮОЕА – есеп айырысу кезеңінде ЖЭҮОЕА көрсеткіштері бойынша жылытуға тұтынушыларға жіберілген жылу энергиясының көлемі;

      ∑Qж. ЖЭЖЕА бар – ЖЭЖЕА бар тұтынушы пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлар) жылу энергиясын тұтынуының жиынтық көлемі;

      ∑Qж. ЖЭЖЕА жоқ – ЖЭЖЕА жарақтандырылмаған не ЖЭЖЕА істен шыққан (сынған, мерзімі өткен, салыстырып тексерудегі) не ЖЭЖЕА көрсеткіштері жоқ тұтынушы пәтерлерді (тұрғын емес үй-жайлардың) жылытуға арналған жылу энергиясының жиынтық көлемі.

      280. Әрбір пәтер (тұрғын емес үй-жай) үшін ОПО жылыту үшін қосымша есепке жазу үлесін есептеу:



      ҚОПО – ОПО жылыту үшін қосымша есепке жазу үлесі;

      ЖЭЖЕА бар/жоқ тұтынушыларға есепке жазуды есептеу:

      Сж. ЖЭЖЕА бар = (Qж. ЖЭЖЕА бар + ҚОПО) ×Т (теңге),

      Сж. ЖЭЖЕА жоқ = (Qж. ЖЭЖЕА жоқ + ҚОПО) ×Т (теңге), мұндағы:

      Т – ЖЭҮОЕА бар тұтынушылар тобы үшін жылу энергиясының 1 Гкал тарифі, теңге;

      Qж.ЖЭЖЕА бар – есеп айырысу кезеңінде ЖЭЖЕА көрсеткіштері бойынша тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының көлемі;

      Qж.ЖЭЖЕА жоқ – ЖЭЖЕА жарақтандырылмаған пәтерде тұратын не ЖЭЖЕА істен шыққан (сынған, мерзімі өткен, салыстырып тексерудегі) не ЖЭЖЕА көрсеткіштері жоқ абонентті жылытуға арналған жылу энергиясының көлемі.

      281. Есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда, есепке алу уақытша бұзылған кезеңге төлемді есептеу үшін жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну көлемі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және Заңның 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасына сәйкес, бірақ есепке алу қалпына келтірілуге тиіс бір айдан аспайтын мерзімде айқындалады.

      282. Ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясына есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жіберілген жылу энергиясының көлемі (Qыс. ЕА-бар) мынадай талаптарды сақтай отырып бөлінеді:

      ыстық судың жеке есепке алу аспабын салыстырып тексеруге немесе істен шыққанда шешкен кезде есептемелерде алдыңғы айдың көрсеткіштері, бірақ бір айдан аспай қолданылады;

      жылу энергиясы (Qыс ысырап.) және жылу тасығыш (Gыc ысырап.) ысырабының (бұдан әрі – ысырап) көлемі авариялық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтауға арналған есепке алу аспаптарының (Qыс ЕА бар және Gыс ЕА бар) көрсеткіштері бойынша айқындалған көлемдерден шегеріледі. Ысыраптар өндірісте және тұтынушылар арасында көлемдерді бөлуде жеке актімен ресімделеді. Ысыраптарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 58 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18889 болып тіркелген) сәйкес тұтынушы мен кондоминиум объектісін басқару органы арасындағы шартта айқындалады.

      283. Ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың бірінші тобына жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі (Qыс ЕА бар) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qыс ЕА бар = (Qыс.ҮОЕА бар – Q ыс ысырап) / (Gыс ҮОЕА бар – Gыс ысырап) Gыс ЕА бар (Гкал), мұндағы:

      Qыс ҮОЕА бар – ыстық сумен жабдықтау мұқтажына жылу энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жіберілген жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      Qыс ысырап – авариялық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу энергиясының ысыраптары, Гкал;

      Gыс ҮОЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша жіберілген ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, текше метр (бұдан әрі – м3);

      Gыс ысырап – авариялық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу тасымалдағыштың ысыраптары, м3;

      Gыс ЕА бар – бірінші топ тұтынушысының пәтерінде орнатылған ыстық суды жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған суды тұтыну көлемі, м3.

      284. Ыстық суды жеке есепке алу аспаптары болмаған (Qыс ЕА жоқ) кезде тұрмыстық тұтынушыларға, оның ішінде бір адамға шаққанда (Qбір адамға ыс.) жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі жылумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелері үшін мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      Qыс ЕА жоқ = Qбір адамға ыс.* nпәтер (Гкал),

      Qбір адамға ыс = С * Gнорма *p* (55°C – tсс орт.) *(1+кп)*10-6 (1 адамға шаққанда Гигакалория (бұдан әрі – Гкал/адам)), мұндағы:

      nпәтер – кондоминиум объектісін басқару органы қабылдаған ыстық суды жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде пәтерде тұратын жеке тұлғалар саны, адам;

      С – судың үлестік жылу сыйымдылығы, 1 килограммға Цельсий градусы килокалория (бұдан әрі – ккал/кг°С) (есептемелерде 1 ккал/кгоС тең болып қабылданады);

      p – судың тығыздылығы, бір текше метрге килограмм (бұдан әрі – кг/м3) (есептемелерде 1000 кг/м3 тең болып қабылданады);

      55 оС – су бөлу орындарындағы шығысы нормаланатын ыстық судың температурасы, оС;

      tсс орт. – су құбырындағы суық судың жылдық орташа температурасы, сумен жабдықтаушы ұйымның алдыңғы жылға арналған есептік деректері бойынша қабылданады (деректер болмаған жағдайда есептеу үшін жылыту кезеңі үшін 5оC және жылытылмайтын кезең үшін 15оC тең болып қабылданады);

      кп – ыстық сумен жабдықтау құбыржолдарының жылу ысыраптарын есепке алатын коэффициент (0,2 мөлшерінде қабылдау ұсынылады);

      Gнорма – бір адамға бір айдағы ыстық сумен жабдықтауға арналған судың шығыс нормасы (нормалар болмаған кезде есептеу үшін төмендегі формулада келтірілген нормалар қабылданады, тәулігіне литр) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Gнорма = (q*n1+q*(365-n1)* b)/12* 10-3 (айына 1 адамға шаққанда м3) мұндағы:

      q – 55оС температура кезінде орташа тәулігіне тұтынушылардың ыстық су шығысының нормасы, тәулігіне литр;

      n1 – жылыту кезеңінің нормативтік ұзақтығы, тәулік;

      b – тұрғын үй секторы үшін деректер болмаған жағдайда 0,8-ге тең қабылданатын жылыту кезеңіне қатысты жылытылмайтын кезеңде ыстық сумен жабдықтауға арналған судың орташа шығысының өзгеруін ескеретін коэффициент, (кәсіпорындар үшін – 1, шипажайлар үшін 1,2-1,5).

      285. Егер есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі мен осы Қағидалардың 282, 283 және 284-тармақтарына сәйкес айқындалған жылу энергиясы көлемінің арасында айырмашылық болған жағдайда, оның көлемі ыстық судың жеке есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың арасында айырмашылық коэффициенті (Кайырм..) қолданыла отырып бөлінеді, ол мынадай формула бойынша айқындалады:



      Qыс ЕА бар – ыстық сумен жабдықтау мұқтажына жылу энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жіберілген жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      Qыс ысырап – авариялық жағдайлар кезінде ыстық сумен жабдықтау жүйесінен жылу энергиясы шығындары, Гкал;

      Qыс ЕА бар – осы Қағидалардың 283-тармағына сәйкес айқындалған ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде тұрмыстық тұтынушыларға жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының жиынтық көлемі, Гкал;

      Qыс ЕА жоқ – осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес айқындалған ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде тұрмыстық тұтынушыларға жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының жиынтық көлемі, Гкал.

      Ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде тұрмыстық тұтынушыларға жіберілген ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясының көлемі (Qыс ЕА жоқ), оның ішінде бір адамға есептегенде;

      (Qыс бір адамға) Кайырм. ескеріле отырып, осы Қағидалардың 284-тармағындағы формулалар бойынша қайта есептеледі:

      Qыс бір адамға = С* Gнорма*p*(55 C – tсс. орт.)*(1+кп)*Кайырм.* 10-6 (Гкал/адам),

      Qыс ЕА жоқ = Qбір адамға ыс * nпәтер (Гкал).

      286. Есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда, есепке алуды уақытша бұзу кезеңінде төлемді есептеу үшін ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясын және жылу жеткізгішін тұтыну көлемі ыстық суды есепке алудың жеке аспаптарының көрсеткіштері бойынша немесе осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған су шығысының нормасы бойынша, бірақ есепке алу қалпына келтірілуге тиіс бір айдан аспай айқындалады.

      287. Жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылытуға жіберілген жылу энергиясын тұтынудың айлық көлемі (Qж. ЕА жоқ) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qж. ЕА жоқ = Qж. норма *S пәтер (Гкал), мұндағы:

      Qж. норма – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңға және Заңға сәйкес бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасы, 1 шаршы метрге Гигакалория (бұдан әрі – Гкал/м2);

      S пәтер – құқық белгілейтін құжаттардың негізінде қабылданған тұтынушы пәтерінің жылыту ауданы, м2.

      288. Ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушыларға жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі (Qыс ЕА бар) бір м3 ыстық су есебінен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Qыс ЕА бар = С * p * (tыс орт. – tсс орт.) * 10-6 (1 текше метрге Гигакалория (бұдан әрі – Гкал/м3), мұндағы:

      С – судың үлестік жылу сыйымдылығы, ккал/кгоС (есептемелерде 1 ккал/кг оС тең болып қабылданады);

      p – су тығыздылығы, кг/м3 (есептемелерде 1000 кг/м3 тең болып қабылданады);

      tыс орт. – тұтынушының есепке алу торабында жылу желілері таратушы құбыр жолындағы судың жылдық орташа температурасы (жылыту кезеңінің айлары бойынша сыртқы ауаның орташа есептік температурасы үшін жылу желілері жұмысының температура кестесі бойынша, бірақ жабық жылумен жабдықтаудың жабық жүйелері үшін 70оC-ден және ашық жүйелері үшін 60оC-ден кем емес есептеледі, жылытылмайтын кезеңде есептеу үшін 65оC тең қабылданады);

      tсс. орт. – құбыржолы суық суының жылдық орташа температурасы, сумен жабдықтаушы ұйымның алдыңғы жылға есептік деректері бойынша қабылданады (деректер болмаған жағдайда есептеу үшін жылыту кезеңіне 5оC және жылытылмайтын кезеңге 15оC тең болып қабылданады).

      289. Ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде, оның ішінде бір адамға есептегенде (Qыс. бір адамға) тұтынушылардың бірінші тобына жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі (Qыс ЕА жоқ) осы Қағидалардың 284-тармағында көрсетілген формулалар бойынша жылумен жабдықтаудың ашық және жабық жүйелері үшін айқындалады.

      290. Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны уәкілетті органның ведомствосы жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:

      жылытуға – тұтынушылардың бірінші тобы үшін айына жылыту ауданының бір м2 есебінен (Тж. ЕА жоқ);

      ыстық сумен жабдықтауға – тұтынушылар үшін жеке есепке алу аспаптары болған кезде ыстық судың бір м3 есебінен (Тыс ЕА бар);

      ыстық сумен жабдықтауға – тұтынушылардың бірінші тобы үшін ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде айына бір адамға есебінен (Тыс бір адамға) бекітеді.

      291. Жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың бірінші тобы үшін жылытуға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақы (Тж ЕА жоқ) мынадай формула бойынша айқындалады:

      Пж.ЕА жоқ= Qж. норма *ТЕА жоқ (1 шаршы метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м2), мұндағы:

      Qж. норма – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға және Заңға сәйкес бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасы, Гкал/м2;

      ТЕА жоқ – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы Заңның 15-бабы 16-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес бекіткен (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен) тариф, теңге/Гкал.

      292. Жылу энергиясына есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақы (бұдан әрі – ыстық сумен жабдықтауға төлемақы) былайша айқындалады:

      1) жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ыстық сумен жабдықтау үшін төлемақы мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ыстық суды жеке есепке алу аспаптары болған кезде бір м3 ыстық су есебінен (Тыс ЕА бар):

      Аыс ЕА бар = Qыс ЕА бар *Gыс ЕА бар *ТЕА жоқ (1 текше метрге теңге (бұдан әрі – теңге/м3)), мұндағы:

      Qыс ЕА бар – осы Қағидалардың 288-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен айқындалған жылу энергиясының көлемі, Гкал/м3;

      Gыс ЕА бар – бірінші топ тұтынушысының пәтерінде орнатылған ыстық суды жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған суды тұтыну көлемі, м3;

      ТЕА жоқ – ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      ыстық суды жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде (Аыс. бір адамға):

      Аыс. бір адамға = Qыс. бір адамға *ТЕА жоқ (теңге/адам), мұндағы:

      Q ыс. бір адамға. – осы Қағидалардың 284 немесе 285-тармақтарына сәйкес бір адамға есептегенде айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі, Гкал/адам;

      ТЕА жоқ – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      2) жылумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде ыстық сумен жабдықтауға төлемақы мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      ыстық суды жеке есепке алу аспаптары болған кезде (Аыс ЕА бар):

      Аыс. ЕА бар = Qыс. ЕА бар* Gыс. ЕА бар* ТЕА жоқ + Gыс. ЕА бар*Т ССЖ (теңге/м3), мұндағы:

      Qыс. ЕА бар – осы Қағидалардың 288-тармағына сәйкес бір м3 ыстық су есебінен айқындалған жылу энергиясының көлемі, Гкал/м3;

      Gыс. ЕА бар – бірінші топ тұтынушысының пәтерінде орнатылған ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған суды тұтыну көлемі, м3;

      ТЕА жоқ – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/м3;

      ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде (Аыс бір адамға):

      Аыс. бір адамға = Q ыс. бір адамға *ТҮОЕА жоқ + Gнорма *ТССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qыс. бір адамға – осы Қағидалардың 284 немесе 285-тармақтарына сәйкес айына бір адамға есептегенде айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі, Гкал/ адам;

      ТЕА жоқ – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gнорма – осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде айқындалған ыстық сумен жабдықтауға арналған судың шығыс нормасы, бір адамға шаққанда текше метр (бұдан әрі – м3/адам);

      ТССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/м3.

      293. Жылу энергиясының есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылар үшін жылытуға арналған жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны уәкілетті органның ведомствосы бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясының есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады.

      Жылытуға төлемақы мөлшері (Пж. ЕА бар) бір м2 жылытылатын аудан есебінен мынадай формула бойынша айқындалады:

      Пж. ЕА бар = Qж.пәтер.* ТЕА бар (теңге/м2), мұндағы:

      Qж.пәтер – осы Қағидалардың 280-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалған жеке тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      ТЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      294. Жылу энергиясының есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтауға, оның ішінде ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке төлемақыны (бұдан әрі – ЕА-мен ыстық сумен жабдықтауға төлемақы) уәкілетті органның ведомствосы бекітпейді. Төлемақы мөлшері ай сайын осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясының есепке алу аспаптарының және ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады.

      295. Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесінде ЕА бар ыстық сумен жабдықтауға арналған төлемақы мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      1) ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде бір м3 есебінен (Аыс ЕА бар):

      (Аыс. ЕА бар = Qыс. ЕА бар * ТҮОЕА бар (теңге/м3), мұндағы:

      Q ыс. ЕА бар – осы Қағидалардың 283-тармағына сәйкес айқындалған ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынушыға жіберілген ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      ТЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      2) ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде бір адам есептеу есебінен (Аыс бір адамға):

      Аыс. бір адамға. = Qыс. бір адамға * ТЕА бар (теңге/адам), мұндағы:

      Q ыс. бір адамға – осы Қағидалардың 284 немесе 285-тармақтарына сәйкес айқындалған айына бір адамға есептегенде ыстық сумен жабдықтауға жылу энергиясының көлемі, Гкал/адам;

      ТЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал.

      296. Жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде ҮОЕА бар ыстық сумен жабдықтауға төлемақы мынадай формулалар бойынша айқындалады:

      1) ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болған кезде бір м3 есебінен (Аыс. ЕА бар):

      Аыс. ЕА бар = Qыс. ЕА бар *ТЕА бар + Gыс. ЕА бар *ТССЖ (теңге/м3), мұндағы:

      Qыс. ЕА бар – осы Қағидалардың 283-тармағына сәйкес айқындалған ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша тұтынушыға жіберілген ыстық сумен жабдықтаудың жылу энергиясының көлемі, Гкал;

      ТЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      Gыс. ЕА бар – бірінші топ тұтынушысының пәтерінде орнатылған ыстық судың жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалған ыстық сумен жабдықтауға суды тұтыну көлемі, м3;

      Т ССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметі бойынша тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/м3;

      2) ыстық судың жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде бір адам есебінен (Аыс бір адамға):

      Аыс бір адамға = Qыс бір адамға *ТЕА бар + Gнорма *Т ССЖ (теңге/адам), мұндағы:

      Qыс. бір адамға – осы Қағидалардың 284 және 285-тармақтарына сәйкес айқындалған, айына бір адамға есебінен ыстық сумен жабдықтауға арналған жылу энергиясының көлемі, Гкал/адам;

      ТЕА бар – жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/Гкал;

      G норма – осы Қағидалардың 284-тармағына сәйкес айына бір адамға есептегенде анықталған ыстық сумен жабдықтауға судың шығыс нормасы, м3/адам;

      Т ССЖ – бастапқы суды тазалау және химиялық тұрғыдан дайындау бойынша шығыстарды ескере отырып, оның құны немесе магистральдық құбыржолдары арқылы суды беру қызметіне тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф, теңге/м3.

      297. Есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда, жылытуға және ыстық сумен жабдықтауға арналған төлемақы мөлшерін айқындау кезінде энергиямен жабдықтаушы ұйым жылу энергиясын есепке алу аспаптары болған кезде тұтынушылардың тиісті тобы үшін уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тариф қолданады, бірақ ол есепке алу қалпына келтірілуге тиіс болатын бір айдан асырмайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады