Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № а-2/56 және Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 8С 12/2 бірлескен қаулысы мен шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 8699-03 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 2-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының әкімі А.Калжанов
      Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Н.Рахимов

 
  Бірлескен Атбасар ауданы
әкімдігінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ а-2/56 қаулысына және
Атбасар аудандық
мәслихатының
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 8С 12/2 шешіміне
қосымша

Атбасар ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері

Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, гектар

Оның ішінде

егістік

шабындықтар

жайылымдар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

4800

3300

30

1470

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

32000

22000

2000

8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады