Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 2 ақпандағы № 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 ақпанда № 8487 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18, 139 - баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің жектекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі Д. Ермаганбетов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Мұғалжар аудандық мәслихаты

  Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 2 ақпандағы
№ 24 қаулысына қосымша

Мұғалжар ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Лауазымдардың атауы

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші, екінші санаттағы мамандар: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

Мәдениет саласы

1

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры)

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, хормейстер

3

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, хормейстер

4

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, хормейстер

5

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, кітапханашы, дыбыс режиссері, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, хормейстер

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме;

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады