Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 8-17-88 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 ақпанда № 6084-05 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ұйғыр аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы Н. Есжан

  Ұйғыр ауданының мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 8-17-88 шешіміне қосымша

Ұйғыр аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Ұйғыр ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 29-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2646 болып тіркелген);

      2. "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2961 болып тіркелген);

      3. "Ұйғыр ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2015 жылғы 26 наурыздағы № 45-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148 болып тіркелген);

      4. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелген);

      5. ""Ұйғыр аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 26 мамырдағы № 47-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3244 болып тіркелген);

      6. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 45-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 28 ақпандағы № 6-11-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 болып тіркелген);

      7. "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-22-139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4450 болып тіркелген);

      8. "Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 19 қазандағы № 6-39-232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4921 болып тіркелген);

      9. "Ұйғыр аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 45-4 "Ұйғыр ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 22 қазандағы № 7-14-67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25155 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады