Абай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/9-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 сәуірде № 246-18 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8 және 9-баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормалары;

      осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

      осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес арнайы орындарды пайдалану тәртібі;

      осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Абай ауданы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      2. Абай аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 52/5-VІ шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7563 болып тіркелген);

      2) "Абай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 52/5–VІ "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, оларды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, олардың материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптары, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 6/13-VІI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8612 болып тіркелген).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Нұрсұлтанұлы

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/9-VIII шешіміне
1 қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормалары

Арнайы орын

Шекті толу нормасы
 

1.

Мамай Батыр атындағы саябақтың
алдындағы алаң
Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі

50 адамнан артық емес

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/9-VIII шешіміне
2 қосымша

Арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде дыбыс-бейне жазу техникасын, сондай-ақ бейне және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.

      2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/9-VIII шешіміне
3 қосымша

Арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.

      Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.

      Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.

  Абай аудандық мәслихатының
2024 жылғы 28 наурыздағы
№ 14/9-VIII шешіміне
4 қосымша

Абай ауданы бойынша пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Абай ауданында келесі объектілерінің іргелес аумақтарынан кемінде 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізу шекарасы айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар;

      4) қауіпті өндірістік объектілер және пайдаланылуы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілер;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады