Жарма ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 10/206-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қаңтарда № 210-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Жарма аудандық маслихатының "Жарма ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы" 2019 жылғы 16 шілдедегі № 36/296-VI шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6081 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы
      М. Оспанбаев

  Жарма аудандық мәслихатының
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 10/206-VIІI шешіміне
қосымшасы

Жарма ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Жарма ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) наградтауға ұсыну тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

      2. Жарма ауданының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым, мәдениет және білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету саласындағы, қоршаған ортаны қорғау, жастарға тәрбие беру, дене шынықтыру мен спорттағы, әскери, қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметпен айналысатын және белсенді еңбегі мен қоғамдық-саяси қызметі үшін еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары наградталады.

      3. Құрмет грамотасымен:

      1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;

      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар,

      4) 5 жыл ішінде ауданның Құрмет грамотасымен марапатталған тұлғалар наградтала алмайды.

3. Құрмет грамотасының сипаттамасы

      4. Құрмет грамотасы сыртқы бетінде алтын түспен Елтаңба белгісі салынған, бас әріппен мемлекеттік тілде "ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМАТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА" деп жазылған, қосымшасы бар көк түсті папка. Қосымшасы A3 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.

      5. Қосымшаның сыртқы бетіне алтын түспен Елтаңба белгісі салынып, түгелдей бас әріппен мемлекеттік тілде "ЖАРМА АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМАТАСЫ", орыс тілінде "ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА ЖАРМИНСКОГО РАЙОНА" деп жазылады. Ішкі жағы алтын түстес өрнекпен жиектеліп, сол жақ бетіне мемлекеттік тілде, оң жақ бетіне орыс тілінде марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты және сіңірген еңбектері көрсетіліп жазылады. Құрмет грамотасы аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдарымен расталады. Берілген уақыты көрсетіледі.

4. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыныс тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын лауазымы, тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша саладағы жалпы еңбек өтілі, жетістіктері және марапаттары мен атақтары туралы көрсетілген мәліметтер аудан әкімдігіне жолданады.

      7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы (тиісті ұйым басшысының қолы және мөрімен) ұсынысты еңбек, шығармашылық ұжымдары, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді .

      8. Алдын ала қарау және наградтау бойынша ұсыныстарды дайындау үшін Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар, ұсыным келіп түскен сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі. Комиссияның марапаттау жөніндегі ұсынымды қарау мерзімі келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 15 күннен аспайды.

      Комиссия қорытындысы аудан әкімінің аппаратына қаралған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      9. Марапатталатын адамның осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі комиссияның теріс қорытындысы үшін негіз болып табылады.

      10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді аудан әкімі және аудандық мәслихат төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы адамдар) бірлескен өкім шығару жолымен комиссияның оң қорытындысы келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойыша өзге тұлға тапсырады.

      12. "Абай облысы Жарма ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады