"Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 6 ақпанда № 90-20 болып тіркелді

      Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-20 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Ұлытау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Әбдіғалиұлы

  Ұлытау облысы әкімдігінің
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 07/01
қаулысына қосымша
  Ұлытау облысының аумағындағы
бұқаралық ақпарат құралдарында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу үшін сатып алынатын
көрсетілетін қызметтердің құнын
айқындау әдістемесіне қосымша

Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағалары

Қызметтің атауы

Өлшем бірлігі

Базалық баға (теңге)

1.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn)

шаршы сантиметр

1172

2.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm)

шаршы сантиметр

500

3.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi)

символ

150

4.

Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

460 950

5.

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ұлытау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)

минут

16 800

6.

Ақпараттық бағдарламалар мен аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және радиода орналастыру (Br)

минут

17 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады