Жезқазған қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдікті белгілеу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 11/01 бірлескен қаулысы және Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 16/93 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 112-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тегін жол жүру құқығын растайтын құжаты (электрондық жол жүру құжаты) болған кезде, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру түрінде жеңілдік Жезқазған қаласы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына белгіленсін:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне;

      4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) жасы бойынша зейнеткерлерге;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр-Ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      7) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;

      8) жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін аналарға;

      9) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік жұмыскерлерге;

      10) он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адамдарға (балаларға);

      11) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға.

      2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет белгіленсін.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 болып тіркелген);

      2) "Жезқазған қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 7 маусымдағы № 19/02 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 36/319 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Жезқазған қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 19 ақпандағы № 07/01 бірлескен қаулысы және Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2/19 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6221 болып тіркелген).

      4. "Жезқазған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен қаулыдан және шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі К. Шайжанов
      Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы Р. Капарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады