Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі № 3/36 "Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15/90 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 30 сәуірде № 4708-12 болып тіркелді

      Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі №3/36 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3134 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Мұнайлы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына еңбек ұжымының наградтау парағы мен қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмысының бөліміне жолданады. Одан кейін алдын ала қарау және Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";

      10 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен, аудандық мәслихаттың төрағасымен наградталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы Б. Билялов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады