Мәслихаттың 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 142 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 10147-10 болып тіркелді

      Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 92 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10123-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылуына 35 жыл толуына орай:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына әлеуметтік көмек мерзімді көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға, Заңның 8-бабы бірінші бөлімінің 4) және 5) тармақшаларда көрсетілген адамдарды есептемегенде, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) диспансерлік есепте тұратын, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын, екі еселік ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      4) туберкулез ауруынан зардап шеккен және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) білім беру гранттарының иелері болып табылатын, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алуға байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін, оқу жылы ішінде жарты жылда бір рет ауыстырылатын, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлерін алушылары болып табылатын адамдарды қоспағанда, оқу жылы ішінде 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, оның ішінде:

      күндізгі оқу нысанындағы өтініш берудің алдындағы соңғы он екi айда белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың жастарына;

      күндізгі оқу нысанындағы табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын жастарға;

      табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар мүгедектігі бар адамдарға;

      7) мүгедектігі бар адамдарға, операциялық емделуге, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;

      8) мүгедектігі бар адамдарға, тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне кірмейтін дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жартыжылдықта 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      9) мүгедектігі бар адамдарға, олардың санаторияға жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, табыстарын есепке алмай, біржолғы, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, біржолғы, 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні мансап орталығы филиалында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, біржолғы, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаны (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын), әлеуметтік көмек алу үшін, тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген тұлғалар білім алғанын, оның құнын растайтын құжаттарды және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген тұлғалар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген тұлғалар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген тұлғалар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу, қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай аудандық мәслихатының төрағасы М. Сартов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады