Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 10/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 2 сәуірде № 7736-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 "Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29115 болып тіркелген);

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 шілдедегі № 4/6 "Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы мәслихатының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 15/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7565-15 болып тіркелген).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Елеусизов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Қызылжар аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 28 наурыздағы
  № 10/6 шешіміне
  қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылар тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін көрсетілетін қызметті алушы жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан өткен тоқсанның жиынтық табысы бойынша және көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес тоқсанына бір рет тағайындалады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес тәртіппен есептейді.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" қоғамына және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына мынадай құжаттарды ұсына отырып жүгінуге құқылы:

      1) Мемлекеттік корпорацияға:

      Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алынатын алименттер туралы мәліметтер;

      банктік шот;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;

      2) "электрондық үкімет" веб-порталына:

      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;

      балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;

      банктік шоттың электрондық көшірмесі;

      тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;

      коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;

      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады.

      Қайта жүгінген кезде көрсетілген қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) Қағидалардың 11-тармағында көзделгенді қоспағанда, жүгінгенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді көрсетілетін қызметті беруші қабылдайды.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама немесе тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жіберіледі.

      8. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша пікірін білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында немесе қағаз жеткізгіште көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған оң нәтиже немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы хабарлама жіберіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталса;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болса;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызмет алушыны мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айыратын соттың заңды күшіне енген шешімі болса.

      Көрсетілетін қызметті алушы тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады, тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тарту қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      10. Тұрғын үй көмегін алушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Артық немесе негізсіз алынған тұрғын үй көмегінің сомаларын көрсетілетін қызметті алушы ерікті негізде, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға жатады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      11. Көрсетілетін қызметті алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару көрсетілетін қызметті берушімен ай сайын өткен айға жүргізіледі.

      12. Көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін көрсетілетін қызметті алушылар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

      Тұрғын үй көмегін алушылар өздерiнiң тұрғын үйге меншiк нысанындағы, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесiнiң өзгерген кез келген өзгерiстерi туралы уәкiлеттi органға он жұмыс күнi iшiнде хабарлайды.

      13. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының тұрғын үй көмегін тағайындауға қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі ҚР ӘРПК-ның 91-бабына және Қағидалардың 50-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады