Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 10 қантардағы № 2 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 қантарда № 7674-15 болып тіркелді

      Уәлиханов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2019 жылғы 7 наурыздағы № 42 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5245 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Д. Бейсембин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Уәлиханов аудандық

      мәслихаты

  2024 жылғы 10
  қаңтардағы
  № 2
  қаулысына қосымша
  Солтүстік Қазақстан облысы
  Уәлиханов ауданы әкімдігінің
  2019 жылғы 7 наурыздағы
  № 42 қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ мамандар;

      5) қарттар мен мүгедек адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, орта, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орта деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ маман;

      7) әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент - біліктілігі орташа деңгейдегі, санаты жоқ мамандар.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) библиограф - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      3) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      4) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      5) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      6) ұжым (үйірме) басшысы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      7) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      8) режиссер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      9) вокал бойынша үйретуші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ маман;

      10) қор сақтаушы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      11) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы, санаты жоқ мамандар;

      12) бас есепші, есепші, экономист.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады