Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 21 ақпандағы № 11/78-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 23 ақпанда № 6469-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы М. Нұран

  Қазығұрт аудандық мәслихатының
2024 жылғы 21 ақпандағы
№ 11/78-VIII шешіміне қосымша

Қазығұрт аудандық мәслихатының кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі

      1) "Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №25/153-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4388 нөмірімен тіркелген).

      2) "Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №25/153-VI "Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 28 наурыздағы №42/272-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4972 нөмірімен тіркелген).

      3) "Қазығұрт аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №25/153-VI "Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 31 мамырдағы №45/286-VI шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5079 нөмірімен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады