Жетісай ауданы Жаңа ауыл ауылдық округі Әбдіхалық елді мекенің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 259 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Жетісай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14-84-VIII шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 1 сәуірде № 6506-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекенінің шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 15,0 гектар жерді қосу арқылы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 173,79 гектар болып белгіленсін;

      2. Осы бірлескен Жетісай ауданы әкімдігінің қаулысының және Жетісай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Жетісай ауданы әкімдігінің қаулысы және Жетісай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісай ауданының әкімі С. Мамытов
      Аудандық мәслихаттың төрағасы М. Касимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады