Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге асыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралытәртiбi туралы" Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 151 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 27 қаңтарда N 250 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 264 қаулысымен.

       ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 264 қаулысынан үзінді:
 

       Нормативтiк құқықтық актiлердi "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1 . "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға рұқсат беру Ережесiн бекiту туралы" бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 151 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 250 тiркелген, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк және құқықтық актiлер жинағында, IV том, 2001 жылы жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      Ескерту: Атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      Бағалы қағаздар рыногы үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курстардың тыңдаушыларын оқыту және аттестациялау жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы  қаулы етедi
      I. "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртiбi туралы" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат беру тәртiбi туралы" Ережелер бекiтiлсiн. 
      II. Бағалы қағаздар рыногын құқықтық қамтамасыз ету басқармасы "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртiбi туралы" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға оқу орталықтарына Рұқсат ету тәртiбi туралы" Ережелердiң мемлекеттiк тiркелуiн жүзеге асырсын. 
      III. Осы Ережелер мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 2 ақпандағы N 15 қаулысымен бекiтiлген "Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандар даярлау жөнiндегi курс тыңдаушыларын аттестациялау тәртiбi туралы ереженiң" және "Мамандарды бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн оқытуға рұқсат беру тәртiбi туралы Ереженiң" күшi жойылған деп танылсын. 
      IV. Талдау-сараптау басқармасы осы аталған нормативтiк актiлер мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап бiр ай iшiнде БҚҰК ресми баспасөз органында жариялауды қамтамасыз етсiн және оқу орталықтарының материалдарын осы нормативтiк актiлерге сәйкестiлiгiн қайта қарасын. 

     Ұлттық комиссияның
     Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Бағалы қағаздар жөнiндегi 
ұлттық комиссиясының   
1996 жылғы 13 желтоқсандағы
N 151 қаулысымен бекiтiлдi

  Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн
мамандар даярлау жөнiндегi жұмысты жүзеге
асыруға рұқсат беру ережесі

       Ескерту: Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

       Ескерту: Мәтін бойынша "БҚҰК" аббревиатурасы тиісті септіктерде "уәкілетті органды", "уәкілетті орган" және "уәкілетті органмен" және "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

  I. Жалпы ережелер

        1. Осы Ереже " Бағалы қағаздар рыногы туралы ", " Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеуі үшiн мамандар даярлауды жүзеге асыруына рұқсат беру, қолданылуын тоқтата тұру және рұқсатты қайтарып алу тәртібін анықтайды.
       Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .       

      2. <*>
       Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      3. Оқу орталығы - белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуды өткізу және ұйымдастыру құқығына уәкілетті органның рұқсатын (бұдан әрі - Рұқсат беру) алған заңды тұлға.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      4. Рұқсат беру туралы шешiм оқу орталығы мәлiмдеген оқытуды мамандандыру санаттарының әрқайсысы бойынша жеке қабылданады.
      Осы шешiм бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн сапалы даярлық алудағы әлеуеттi тыңдаушылардың мүдделерiнiң басымдылығын сақтай отырып ұсынылған құжаттарды талдау негiзiнде қабылданады. Рұқсат осы Ереженің қосымшасымен белгiленген үлгiге сәйкес берiледi.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

  II. Рұқсат алуға құжаттар ұсыну

        5. Рұқсат беру үшiн оқу орталығы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады: 
      а) мамандану санатын, өтiнушiнiң заңды мекенiн және бiрiншi басшы қол қойған және мөрмен куәландырылған банктiк реквизиттерiн көрсете отырып, Рұқсат беру үшiн жазылған өтiнiш (еркiн нысанда); 
      ә) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi; 
      б) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; 
      в) жалға алу шарты немесе тыңдаушылармен сабақ жүргiзу жоспарланған үй-жайды меншiктеу құқығын растайтын өзге құжат; 
      г) оқу орталығының штатындағы қызметкерлерi туралы мәлiметтер (туған жылы, бiлiмi, ғылыми атағы, педагогикалық қызметiнiң стажы); 
      ғ) тыңдаушылармен сабақ жүргiзу үшiн тартылатын оқытушы-профессорлар құрамының тiзiмi, оның iшiнде негiзгi жұмыс орнын, қызметiн, оқытушылық қызметiнiң стажын, ғылыми атағын (егер бар болса) көрсете отырып, шарттық негiздегi; 
      д) тыңдаушылармен сабақ жүргiзу үшiн тартылған оқытушылармен жасасқан шарттардың, контрактiлердiң немесе еңбек келiсiмдерiнiң көшiрмелерi; 
      е) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн тиiстi санаттағы мамандар даярлау жөнiндегi сабақтардың Бағдарламаға сәйкес жасалып, уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясы бекiткен оқу-әдiстемелiк жоспарлары; 
      ж) тиiстi оқу курсы бойынша курстардың тыңдаушыларына таратылып берiлетiн, құрамына оқу-әдiстемелiк әдебиеттер және нормативтiк-құқықтық актiлер енгiзiлген үлестiру материалы, бұл жағдайда осындай материалдың қажеттi ең аз мөлшерiн уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясы белгiлейдi; 
      з) оқу процесiнiң техникалық қамтамасыз етiлуi туралы анықтама. 
       Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      6. Бағалы қағаздар рыногында жұмыс iстеу үшiн мамандарды оқытуға Рұқсаты бар оқу орталықтары басқа санаттағы мамандарды оқытуға Рұқсат алу үшiн уәкілетті органның қарауына осы Ереженің 5-тармағындағы а), е), з) тармақшаларындағы көрсетiлген құжаттарды ұсыну керек.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      7. Оқу орталықтары жоғарыда көрсетiлген құжаттардың толық пакетiн ұсынған сәттен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде уәкілетті орган Рұқсатты беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. 

      8. Ұсынылған құжаттарды қараудың нәтижелерi бойынша Рұқсат беруден бас тартылған кезде уәкілетті орган өтiнушiге Рұқсат беруден бас тарту туралы дәлелдi қорытынды жiбередi.

      9-11. <*>
       Ескерту: 9-11-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

  III. Рұқсатты қолдануды кiдiрту және
мерзiмiн ұзарту

      12. Берiлген Рұқсатты қолданудың мерзiмi - бiр күнтiзбелiк жыл. Аталған мерзiм оқу орталығының өтiнiшi бойынша және уәкілетті органның шешiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. 

      13. Рұқсатты қолдану мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi Рұқсат берiлген күннен бастап өткен мерзiм iшiндегi оқу орталығы қызметiнiң нәтижесi бойынша уәкілетті орган шығарады. 

      14. Рұқсатты қолдану мерзiмiнiң аяқталу сәтiне оны қолдануды ұзарту туралы оқу орталығынан өтiнiштiң түспеуi оны қолдану мерзiмiнiң тоқтатылғанын бiлдiредi. 

      15. Осы Ереженің 5-тармағындағы көрсетiлген құжаттарға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда оқу орталығы жетi күн мерзiм iшiнде уәкілетті орган жазбаша ескертпе жiберуге мiндеттi. Бұл жағдайда оқу-әдiстемелiк сабақ жоспарларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тек қана уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясының келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
       Ескерту: 15-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .  

      16. <*>
       Ескерту: 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен .

      17. Уәкілетті орган Рұқсатты қолдануға бақылау жасауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда мамандарды даярлау жөнiндегi оқу орталықтарының қызметтерiне байланысты қосымша мәлiметтер мен құжаттарды талап етуге, сондай-ақ оқу процестерiнiң жағдайларына өз орнында тексерiс жүргiзуге құқықты. 

      18. Оқу орталығы тыңдаушыларды үлестiру материалымен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      19. Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті орган өз шешiмiмен берiлген Рұқсатты қолдануды мынадай жағдайларда кiдiртуге құқықты: 
      - сабақ жүргiзудiң тиiстi жағдайы қамтамасыз етiлмесе, тыңдаушыларға үлестiру материалдары берiлмесе; 
      - уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясы бекiткен оқу-әдiстемелiк сабақ жоспарларының орындалмағандығы анықталса; 
      - оқытушы-профессорлардың құрамы уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясының келiсiмiнсiз ауыстырылса; 
      - аттестациялау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды оқу орталығы ұсынбаса немесе уақытында ұсынбаса.
       Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      20. Оқу орталығының өтiнiшi және жолсыздықтарды жою бойынша оқу орталығының қызметiн тексеру нәтижесi туралы Аттестациялық комиссияның қорытындысын ұсыну бойынша уәкілетті органның шешiмiмен рұқсатты қолдану жаңартылуы мүмкiн, бiрақ оны кiдiрткен күннен бастап 2 айдан ерте болмау керек. 

      21. Аттестациялық комиссияның ұсынысы бойынша уәкілетті орган өзiнiң шешiмiмен: 
      - Рұқсатты қолдануды қайтадан кiдiрту үшiн негiз болатын; 
      - аттестациялау нәтижесi бойынша оқу орталығының қандай да болмасын курсының тыңдаушыларының 60% астамының бiлiмдерiнiң қанағаттанғысыз екендiгiн уәкілетті органның Аттестациялық комиссиясы анықтаған; 
      - Рұқсатты алғаннан кейiн алты ай iшiнде нақты қолданылмаған жағдайларда берiлген Рұқсатты қайтарып алуға құқықты.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 116   қаулысымен

      22. Рұқсатты қайтарып алу немесе оны қолдануды кiдiрту туралы  уәкілетті органның шешiмi тиiстi оқу орталығының бiрiншi басшысының назарына жазбаша түрде жеткiзiледi.

                                      Приложение к Правилам выдачи
                                      разрешения на осуществление
                                      деятельности по подготовке
                                        специалистов для работы
                                        на рынке ценных бумаг

       РҚАО-ның ескерту: Қосымшаның мемлекеттік тілдегі аудармасы болмағандықтан қосымшаның мәтіні ресми тілде берілді .

     Сноска. В Приложение 1 внесены изменения - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 26 марта 2005 года   N 116 .

                              Разрешение

    _______________________________________________________________
                 (наименование уполномоченного органа)
    разрешает _____________________________________________________
                   полное наименование юридического лица
    осуществлять подготовку специалистов для работы на рынке ценных
    бумаг согласно утвержденной учебной программе.

    Адрес__________________________________________________________

    Расчетный счет ____________________в_____банке_________________

    МФО____________________________________________________________

    Председатель уполномоченного органа  __________________________ 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады