Банктерге (банк қызметiне) аудиторлық тексеру жүргiзуге өкiлеттi аудиторлардың жасаған қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар және аудиторлардың жасаған қорытындысының түрлерi туралы ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 346. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 433. Күшін жойды - ҚР Ұлттық банкі басқармасының 1999 жылғы 18 маусымдағы N 129 қаулысымен. ~V990855

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Z952444_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Банктерге (банк қызметiне) аудиторлық тексеру жүргiзуге өкiлеттi

 

аудиторлардың жасаған қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар және

аудиторлардың жасаған қорытындысының түрлерi туралы ереже бекiтiлсiн және

1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.

     2. Банктiк қадағалау департаментi (Б.Қ. Жауғаштина) осы Қаулыны және

жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық

(Алматы аумақтық Бас) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге

жiберсiн.

     3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.


     Ұлттық Банк

      Төрағасы

                                 Қазақстан Республикасының

                                 Ұлттық Банкi Басқармасының

                                 1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                 N 346  Қаулысымен

                                        Бекiтiлген

                                 N 436


      Банктерге (банк қызметiне) аудиторлық тексеру жүргiзуге

       өкiлеттi аудиторлардың жасаған қорытындысына қойылатын

     негiзгi талаптар және аудиторлардың жасаған қорытындысының

                        түрлерi туралы ереже



 
       Осы Ереже аудиторлық қызмет мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген банк заңдары мен заң актiлерiне сәйкес жасалды, банктерге (банк қызметiне) аудиторлық тексеру жүргiзуге уәкiлдiк берiлген аудиторлардың жасаған қорытындысына қойылатын негiзгi талаптар мен аудиторлардың жасаған қорытындыларының шартты түрлерiн белгiлейдi.
 
                          I. Жалпы ережелер
 
      1.1. Банктерге (банк қызметiне) белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзуге уәкiлдiк берiлген аудиторлар өздерi жүргiзген аудиторлық тексерiс нәтижесi бойынша қолданылып жүрген заңдар мен осы Ереженiң талаптарына сәйкес қорытынды (бұдан әрi - аудит нәтижесi туралы есеп) жасайды.
      1.2. Банктi аудиторлық тексерудi банкпен келiсiмде (шартта), сондай-ақ анықталған шарттарда, мерзiмде және көлемде өкiлеттi аудитор жүргiзедi.
      1.3. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзудiң жалпы шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасында 1996 жылғы 29.02. N 49 қаулысымен бекiтiлген Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу құқына лицензия беру, күшiн жою және уәкiлдiк берiлген аудиторларға қойылатын талаптар туралы Ережеде қарастырылған.
 
             II. Уәкiлдiк берiлген аудиторлардың жасайтын
                 қорытындысының түрлерi. Қорытынды жасаудан
                              бас тарту
 
      2.1. Банк қызметiн тексеру кезеңiндегi қамтылған мәселелердiң көлемiне, зерттелуге жататын мәселелердiң күрделiлiгiне, оның қаржылық жағдайын түйiндеудiң сипатына және уәкiлдiк берiлген аудиторлардың қорытындысында анықталған кемшiлiктердi жою бойынша айтылған ұсыныстарға қарай осы Ереженi басшылыққа алу мақсатында мынадай түрлерге бөлiнедi:
      а) шартсыз;
      б) шартты;
      в) терiс;
      г) қанағаттанғысыз.
      2.2. Егер аудиторда ол жүргiзген тексеру аяқталған соң банктiң қаржылық жағдайы, есеп жүргiзу тәртiбi және басқа мәселелер жөнiнде ескертулер болмаса, қорытынды шартсыз деп есептеледi.
      2.3. Егер аудитте банк қызметiндегi белгiлi бiр кемшiлiктерi көрсетiлiп, солар арқылы банктiң жасаған қаржылық есебiн, есеп жұмысының жасалуын және осы Ереженiң 3.2. тармақтарында көрсетiлген басқа жағдайлардың сақталуын анықтау мүмкiн болса, тұтастай алғанда қорытынды белгiленген тәртiпке сай шартты деп есептеледi.
      2.4. Егер банктiң қаржылық есебi аудиторда банктiң және/немесе есептi (есептеменi) ұйымдастырудың нақты қаржылық жағдайы туралы қажеттi тұжырым жасауға мүмкiндiк бермейтiндей сапасыз немесе толық жасалмаса, қорытынды терiс деп есептеледi.
      2.5. Егер аудитор түпкiлiктi тұжырым жасай алмаса немесе өз көзқарасын құжат түрiнде негiздей алмаса, қорытынды (аудит нәтижесi):
      - аудит жүргiзу шарттарының өзгеруiне қарай, оның iшiнде объективтi себептерге байланысты аудиторлық тексерiстiң тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы:
      - банк басшылығымен аудит өткiзудiң көлемi немесе оны аяқтауға кедергi келтiретiн басқа маңызды мәселелер бойынша келiспеушiлiктер болған жағдайда қанағаттанғысыз деп есептеледi.
      2.6. Уәкiлдiк берiлген аудитор қорытынды беруден және/немесе аудит нәтижесi туралы есеп жасаудан бас тартқан жағдайда, олар осы мәселе бойынша жазбаша негiздеме берулерi керек.
      2.7. Аудиторлық тексеру жүргiзу барысында банктiң басшылары немесе қызметкерлерi, сондай-ақ тексерiлiп жатқан қатысы бар басқа тұлғалардың тарапынан қызмет бабын терiс пайдалану не басқа елеулi түрдегi тәртiп бұзуын анықтаған кезде аудитор (аудиторлық ұйым) банкке нұсқау берумен қатар қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.
 
           III. Аудит нәтижесi туралы есепте және оған қоса
              берiлетiн құжаттарда мiндеттi түрде көрсетiлуi
                      тиiс мәселелердiң тiзбесi
 
      3.1. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзу туралы уәкiлдiк берiлген аудитор мен банк арасындағы шартпен қатар басқа шарттарда мыналар туралы мәлiметтер болуы тиiс:
      - шарт мәнi, аудиторлық тексеруге жатқызылатын мәселелердiң тiзбесiн қоса;
      - аудиторлық тексеру жүргiзудiң және аудиторлық қорытынды жасаудың мерзiмi мен орны;
      - жақтардың мiндеттемелерi;
      - төлемнiң тәртiбi мен шарты;
      - осы Ережеде көзделген талаптарды ескере отырып, жақтардың аудиторлық қорытынды мәлiметтерiн пайдаланудың құпиялылығы;
      - жақтардың, оның iшiнде банк басшылығының берiлген құжаттар мен басқа ақпараттардың дұрыстығы үшiн жауапкершiлiгi;
      - дауларды шешу тәртiбi;
      - уәкiлдiк берiлген аудитордың жүргiзiлiп жатқан тексеруге байланысты сұраған барлық жазбаларды, құжаттарды және кез-келген басқа ақпараттарды еркiн алуын банк басшылығының қамтамасыз етуi.
      3.2. Аудит нәтижелерi туралы есепте мынадай мәселелер мiндеттi түрде көрсетiлуi қажет:
      - банктiң iшкi аудит тиiмдiлiгiнiң бағасы;
      - жүргiзiлген банк операцияларының есеп пен есептеме дер мезгiлiнде, толық және дәл көрсетiлуiнiң бағасы;
      - банк жүргiзiлген банк операцияларының қолданылып жүрген заң талаптарына сай келуiнiң бағасы;
      - банк жүргiзген банк операцияларының оны жүргiзудiң жалпы шарттарына, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртiбiнiң банктiң iшкi тәртiбiне сай келуiнiң бағасы;
      - пруденциалдық нормативтердiң есебi үшiн банк берген мәлiметтердiң дұрыстығы;
      - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 1995 жылғы
20.07. N 76 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында несие портфелiн жiктеу және кредит қызметiнен болуы ықтимал шығындарды жабу үшiн қажеттi резервтер (провизиялар) туралы Ереженiң талаптарына сәйкес (банктiң 70%-тен аса несие портфелiн талдауды мiндеттi түрде қамти отырып) несие портфелiнiң жiктеудiң дұрыстығы;
      - осы банктiң бухгалтерлiк есебiнiң халықаралық стандартты, капиталының тепе-теңдiгi, өтiмдiлiктi меңгеруi, активтер мен пассивтердi меңгеру жетiстiктерi саласындағы банк менеджментiнiң саясаты;
      - Ұлттық Банк бекiткен жобада мазмұндалған банк қызметiн қайта капиталдандыру және жақсарту шараларын орындау;
      - банктiң жарғылық қорының дер кезiнде әрi толық қалыптасуын тексеру, есеп айырысуды, салық заңдарының талаптарын сақтай отырып, валюталық операцияларды және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыру, банктiң кiрiсiн, шығысын және пайдасын талдау.
      3.3. Аудит нәтижелерi туралы есепке мынадай құжаттар қоса берiлуi тиiс:
      а) банк пен уәкiлдiк берiлген аудитор куәландырған қаржылық есептердiң көшiрмелерi;
      б) өткiзiлген тексерiстiң жекелеген мәселелерi жөнiнде банктiң

 

анықтамасы немесе оның лауазымды адамдарының түсiндiрме жазбасы;

     в) банк қызметiндегi анықталған кемшiлiктердi жою жөнiнде уәкiлдiк

берiлген аудитордың кеңесi;

     г) қажеттiгiне қарай және басқа да материалдар.


                        IV. Қорытынды ереже


     4.1. Банк басшылығы мен уәкiлдiк берiлген аудитор қол қойып және

куәландырған аудит нәтижесi туралы есептiң көшiрмесi барлық қосымша

құжаттармен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне оған екi жақ та қол

қойған соң, не банктегi аудиторлық тексерiс аяқталған күннен бастап бiр

айдан кешiктiрiлмей 2 апта мерзiм iшiнде берiледi.

     4.2. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзгендiгi жақтардың

жауапкершiлiгiнiң шарттары мен негiздерi қолданылып жүрген заңдармен

анықталады.


     Ұлттық Банк

      Төрағасы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады