Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1997 жылғы 25 шiлде N 295. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 3 қазанда тіркелді. Тіркеу N 381. Ескерту. Нұсқаулық күшін жойды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 15 қараша N 400 ~V991012 қаулысымен.

      Осы Нұсқаулық "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына Z960054_ , Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Z952155_ және "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Z952444_ Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасында қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу тәртiбiн, сондай-ақ қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарды, Қазақстан Республикасының аумағындағы олардың айырбастау пункттерi мен уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерiн құру, олардың қызметiн лицензиялау және тоқтату тәртiбiн белгiлейдi. <*>
      Ескерту. Кіріспеде сөздер өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. Нұсқаулықтың мәтініндегі "I, II, III, IV, V, VI, VII,
               VIII, IX" рим сандары "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9" араб
               сандарымен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен; "Осы Ереженің", "осы
               Ережеде", "осы Ережеге" деген сөздер тиісінше "Осы
               Нұсқаулықтың", "осы Нұсқаулықта", "осы Нұсқаулыққа" деген
               сөздермен ауыстырылды; "облыстық (аумақтық) басқармасы",
               "облыстық (аумақтық) басқармасында", "облыстық (аумақтық)
               басқармасына", "облыстық (аумақтық) басқармасынан",
               "облыстық (аумақтық) басқармасының", "облыстық (аумақтық)
               басқармалары" деген сөздер "филиалы", "филиалында",
               "филиалына", "филиалынан", "филиалының", "филиалдары" деген
               сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.

                           1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Нұсқаулықтың мақсаты үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      уәкiлеттi банктер - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берген лицензиясы бар банктер; <*>
      банк операцияларының жекелеген түрлерiн іске асыратын уәкiлеттi ұйымдар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы бар заңды тұлға (бұдан әрi - уәкiлеттi ұйымдар);
      айырбастау пункттерi - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң лицензиясына сәйкес жүзеге асырылатын қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзуге арналған арнайы жабдықталған орын;
      уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер - қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негiзiнде өз қызметiн жүзеге асыратын кредиттiк серiктестiктер; <*>
      кросс бағам - екi шет ел валютасының арасындағы арақатынас, ол Қазақстан теңгесiне қатысы жөнiндегi бағамынан туындайды;
      қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операциялары - қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар. <*>
      Ескерту. 1.1.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 1.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      1.2. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент емес жеке тұлғаларының талабын қанағаттандыру үшiн уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкiлеттi ұйымдар қолма-қол шет ел валютасының Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сатып және айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн айырбастау пунктiн ашады. <*>
      Ескерту. 1.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      1.3. Уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкiлеттi ұйымдар айырбастау пункттерi арқылы қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi қызметiне лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бередi. <*>
      Ескерту. 1.3.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

      2. Уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерiн және
             кредиттiк серiктестiктер құру <*>
      Ескерту. 2-бөлімнің атауындағы толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

     2.1. Уәкiлеттi банктердiң, сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерi уәкiлеттi банк жөнiндегi бұйрық негiзiнде ашылады. Уәкiлеттi банктер бұл туралы Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармаларын айырбастау пунктiн ашу туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша хабарлар етедi. <*>
      Ескерту. 2.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.2. Уәкiлеттi банктердiң, сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерi Ұлттық Банктiң филиалында мiндеттi түрде тiркелуi керек, сонымен бiрге әрбiр айырбастау пунктiне тiркеу куәлiгi берiледi (N 1 қосымша). <*>
      Ескерту. 2.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.3. Ұлттық Банктiң филиалында тiркелу айырбастау пунктi жұмысының негiзi болып табылады.
      2.4. Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктердiң үй-жайларында, сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң үй-жайларында ашылған айырбастау пунктiн немесе оның филиалдарын жазбаша хабар алынған күннен бастап 10 күннен кешiктiрмей тiркейдi және тiркеу куәлiгiн бередi. <*>
      Ескерту. 2.4.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.5. Айырбастау пунктiн уәкiлеттi банктердiң, сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң үй-жайларынан тыс жерден ашқан жағдайда Ұлттық Банктiң филиалы жазбаша хабар алынған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде қажеттi құжаттардың болуын, сондай-ақ айырбастау пунктi үй-жайларының осы Ережеде белгiленген талаптарға сай болуын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттар бойынша және айырбастау пунктiнiң үй-жайларына ескертпелер болмаған жағдайда Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасы айырбастау пунктiн тiркейдi және тiркеу куәлiгiн бередi. <*>
      Ескерту. 2.5.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.6. Уәкiлеттi банктердiң, сондай-ақ уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң үй-жайларынан тыс орналасқан айырбастау пунктiн тiркеу үшiн Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасына мынадай құжаттар ұсыну қажет: <*>
      - айырбастау пунктiн тiркеуге өтiнiш;
      - шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға уәкiлеттi банк берген лицензияның көшiрмесi;
      - жалдау шартының немесе уәкiлеттi банктiң айырбастау пунктiнiң үй-жайына иелiк ету құқығын растайтын құжаттың көшiрмесi;
      - айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылдары құралдарын пайдалануға қабылдап алу актісі; <*>
      - айырбастау пунктін күзетуді тиісті қарулы күзет қызметі жүзеге асыратын болса, айырбастау пунктін күзету шартымен қоса Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің осы қызмет түрін жүзеге асыруға берген лицензиясының көшірмесі; <*>
      - күзетті уәкілетті банктің өзінің қауіпсіздік қызметі жүзеге асыратын болса, айырбастау пункттің күзету уәкілетті банктің өзінің қауіпсіздік қызметіне жүктелуіне байланысты бұйрықтың көшірмесі, оны күзету үшін тағайындалған уәкілетті банктің құрылымдық бөлімшесі туралы ереже; <*>
      - айырбастау пунктінде қарулы күзет болмаса, айырбастау пунктінің қауіп-қатер дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі. <*>
      Ескерту. 2.6.-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
                 Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 2.6.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.7. Ұлттық Банктiң филиалы облыс аумағындағы уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерiн тiркеу кезiнде айырбастау пункттерiне реттiк тiркеу номерi берiледi. Сонымен қатар уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерiнiң (тiркеу, қайта тiркеу) есебi жеке тiзбемен жүргiзіледi. <*>
      Ескерту. 2.7.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.8. Ұлттық Банктiк филиалы ұсынылған құжаттар мен айырбастау пунктiнiң үй-жайы осы Нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң айырбастау пунктiн тiркеуден бас тартуға құқылы. <*>
      Ескерту. 2.8.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.9. Шет ел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға жаңа лицензия алған жағдайда уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк бес күн iшiнде оның көшiрмесiн Ұлттық банктiң филиалына тапсыруға мiндеттi. <*>
      Ұлттық Банктiң филиалы уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң айырбастау пунктiн осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес қайта тiркейдi және тiркеу туралы куәлiк бередi. <*>
      Ескерту. 2.9.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 2.9.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.10. Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк айырбастау пунктiнiң мекен-жайы өзгерген жағдайда Ұлттық банктiң филиалы айырбастау пунктiн осы Нұсқаулық талаптарына сәйкес қайта тiркейдi. <*>
      Ескерту. 2.10.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.11. Уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк айырбастау пунктi айырбастау операцияларын жүргiзгенде тәртiп бұзғаны байқалған жағдайда Ұлттық Банктiң филиалы барлық байқалған тәртiп бұзушылықтар туралы уәкiлеттi банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк басшыларын жазбаша хабардар етедi және тәртiп бұзушылықтың түрiне байланысты оларды жою үшiн белгiлi мерзiм бередi. Тәртiп бұзушылық қайталанған жағдайда Ұлттық Банктiк филиалы айырбастау пунктiнiң қызметiн алты айға дейiн тоқтатуға құқылы. Бұдан кейiн де тәртiп бұзушылық байқалған жағдайда Ұлттық Банктiк филиалы айырбастау пунктiн жабу туралы уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер алдына мәселе қояды. <*>
      Ескерту. 2.11.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      2.12. Осы қызметтi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысына сәйкес жүзеге асыратын мемлекеттiк почта байланысы ұйымдарының айырбастау пункттерiн ашу уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерiн құру сияқты жолымен жүргiзiледi. <*>
      Ескерту. 2.12.-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

                   3. Уәкiлеттi ұйымдар мен олардың
                      айырбастау пункттерiн құру <*>
      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.

      3.1. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге Ұлттық Банк берген лицензиясы бар, бірден бір қызметі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу болып табылатын уәкілетті ұйымдар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыра алады. Уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталы құрылтайшылардың жарналары есебінен түсетін ақшамен ғана Қазақстан теңгесінен құралады және ол лицензия алар кезде толық төленген болуға тиіс.
      Уәкілетті ұйым жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде ғана құрыла алады.
      3.2. Уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де филиалдар, өкілдіктер және еншілес ұйымдар құруға, сондай-ақ құрылтайшы болуға немесе басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға құқы жоқ.
      3.3. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензия беру құқы бар бірден бір лицензиар болып табылады.
      3.4. Қазақстан Республикасының өкілді, атқарушы және сот билігі органдары мен жарғылық капиталының елу проценттен астамы мемлекет иелігіндегі ұйымдардан басқа жеке және заңды тұлғалары, резиденттері мен резидент еместері уәкілетті ұйымдардың құрылтайшылар бола алады.
      3.5. Заңды тұлғаларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсатты Ұлттық Банк береді (N 2 қосымша).
      3.6. Рұқсатты алу үшін құрылтайшылар Ұлттық Банктің филиалдарына өтініш және құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған көшірмелерін тапсырады.
      Ұлттық Банктің филиалы 15 күннің ішінде тапсырылған құжаттарды қарайды және олар қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес болған жағдайда, тиісті қорытынды шығарып, оны өтінішпен және құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған көшірмелерімен бірге әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсат беру туралы мәселені шешу үшін Ұлттық Банкке жібереді. Құжаттар қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, Ұлттық Банктің филиалы дәлелді себептерін баяндай отырып құрылтай құжаттарын қайтарады.
      Ұлттық Банк өзінің филиалдарынан түскен құжаттарды толық түскен күннен бастап жиырма күннен аспайтын мерзім ішінде қарап шығады. Құжаттар жазбаша ескертпелерімен бірге қайтарылған жағдайда оларды қарау мерзімі қайтадан тапсырылғаннан кейін жаңадан есептеледі.
      Ұлттық Банк берілген құжаттардың есебін жүргізіп отырады.
      Ескерту. 3.6.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
               1999.05.20. N 113 V990808_ қаулысымен.
      3.7. Құрылтай құжаттары қолданылып жүрген заңдарға және осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, Ұлттық Банк өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау арқылы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізуге рұқсат беруден бас тартуға құқылы.
      3.8. Құрылтайшылар Ұлттық Банктің рұқсатын алған күннен бастап бір айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органдарына өтініш жасауға міндетті.
      3.9. Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізу үшін Ұлттық Банктің лицензиясын алуға тиіс.
      3.10. Заңды тұлғалар қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін Ұлттық Банкке мынадай құжаттар тапсырады:
      - қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы өтініш;
      - заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәліктің нотариус куәландырылған көшірмесі;
      - құрылтай құжаттарының нотариус куәландырған орыс және қазақ тіліндегі көшірмелері;
      - қызмет көрсетуші банктің қолданылып жүрген заңда көзделген толық мөлшерде уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталына қаржы салынғанын растайтын құжаты;
      - салық төлеуші ретінде тіркелгендігі туралы салық органдарының анықтамасы;
      - үй-жайды жалдау шартының немесе уәкілетті ұйымдар отырған үй-жайға меншік құқын растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі;
      - айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісінің түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі;
      - айырбастау пунктін күзету шартының түпнұсқасы немесе нотариус куәландырған көшірмесі, оған айырбастау пунктін тиісті қарулы күзет қызметімен күзетуді жүзеге асырған кездегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нотариус куәландырған, қызметтің осы түрімен шұғылдануға берілген лицензияның көшірмесі немесе айырбастау пунктінің қауіп дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі қоса беріледі;
      - уәкілетті банктің айырбастау пунктінің шетел валютасымен жұмыс жөніндегі кәсіби дайындығын растайтын құжаты.
      3.11. Осы нұсқаулықтың 3.10-тармағында көзделген құжаттарды заңды тұлға Ұлттық Банктің филиалына тапсырады.
      Ұлттық банктің филиалы барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 15 күн ішінде тапсырылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайының осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруге, қорытынды жасауға және барлық құжаттарды Ұлттық Банкке жіберуге міндетті.
      Ұлттық Банк барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап бір жарым айдың ішінде заңды тұлғаға лицензия беру немесе лицензия беруден бас тарту туралы шешім шығаруға міндетті. Шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.
      3.12. Лицензия (N 3 қосымша) заңды тұлғаға Ұлттық Банкке лицензиялық алымның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде және тәртіппен төленгенін растайтын құжат тапсырғанда беріледі.
      3.13. Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге арналған лицензия екі жылға беріледі және оны басқа адамдарға беруге болмайды.
      Лицензияның қолданылу мерзімі бітерден үш ай бұрын уәкілетті ұйым жаңа лицензия беру туралы Ұлттық Банкке тиісті өтініш жасауға құқылы. Ұлттық Банк аталған өтінішті қарап, осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен және шарт негізінде лицензия береді.
      3.14. Ұлттық Банк ұсынылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайы осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш берушіге бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау арқылы заңды тұлғаға лицензия беруден бас тартуға құқылы.
      3.15. Ұлттық Банк мынадай жағдайларда лицензияның күшін тоқтата тұруға немесе қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу лицензиясын қайтарып алуға құқылы:
      - айырбастау операцияларын өткізу тәртібі бұзылса;
      - уәкілетті ұйым осы Нұсқаулықтың талаптарын орындамаса;
      - сот қолма-қол шетел валютасымен операция жүргізумен айналысуға тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымға оны жүзеге асыруға тыйым салса;
      - уәкілетті ұйым осы Нұсқаулықтың талаптарын орындамаса;
      - сот қолма-қол шетел валютасымен операция жүргізумен айналысуға тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымға оны жүзеге асыруға тыйым салса;
      - уәкілетті ұйым қаражатты жарғылық капиталға уақтылы салмаса;
      - лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаса;
      - егер уәкілетті ұйымның айырбастау пункті соңғы үш ай бойы жұмыс істемесе.
      3.16. Өзінің орналасқан жерін өзгерткен болса уәкілетті ұйым бес күн ішінде жазбаша түрде Ұлттық Банктің филиалына және салық органдарына хабар беруге міндетті. Ұлттық Банктің филиалы өзгеріс болғаны туралы дереу Ұлттық Банкке хабар береді. Ұлттық Банк бір айдың ішінде филиал арқылы уәкілетті ұйымға өзгеріс болғаны туралы мәлімет алғанын растайтын анықтама береді.
      Уәкілетті ұйымның атауы өзгерген жағдайда, ол осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге жаңа лицензия алуы қажет.
      Уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің мекен-жайының өзгеруіне байланысты осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес Ұлттық Банкте қайта тіркеліп, оған жаңа тіркеу куәлігі беріледі.
      3.17. Уәкілетті ұйым өзі тіркелген облыста бірнеше айырбастау пункттерін ашуға құқылы. Бұл орайда әрбір айырбастау пунктіне лицензия алудың қажеті жоқ.
      3.18. Жаңа айырбастау пунктін ашқан кезде уәкілетті ұйым оны Ұлттық Банкте тіркеуге және тіркеу куәлігін алуға тиіс.
      3.19. Айырбастау пунктін тіркеу үшін уәкілетті ұйым Ұлттық Банктің филиалына мынадай құжаттар тапсырады:
      - айырбастау пунктін тіркеу өтініші;
      - жалдау шартының немесе уәкілетті ұйымның айырбастау пунктінің үй-жайына меншік құқын растайтын құжаттың көшірмесі;
      - айырбастау пунктінің күзет және өрт дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі;
      - айырбастау пунктін күзету шарты, оған айырбастау пунктін тиісті қарулы күзет қызметімен күзетуді жүзеге асырған кездегі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметтің осы түрімен шұғылдануға берген лицензияның көшірмесі немесе айырбастау пунктінің қауіп дабылы құралдарын пайдалануға қабылдау актісі қоса беріледі;
      - уәкілетті банктің айырбастау пунктінің шетел валютасымен жұмыс жөніндегі кәсіби дайындығын растайтын құжаты.
      3.20. Ұлттық Банктің филиалы барлық қажетті құжаттар түскен күннен бастап 15 күн ішінде тапсырылған құжаттар мен айырбастау пунктінің үй-жайының осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкестігін тексеруге, қорытынды жасауға және барлық құжаттарды Ұлттық Банкке жіберуге міндетті.
      Ұлттық Банк бір айлық мерзім ішінде уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін тіркейді және филиал арқылы тіркеу куәлігін береді және әрбір айырбастау пунктіне реттік тіркеу нөмірін береді (1а қосымша).
      3.21. Облыс (қала) аумағында орналасқан уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін Ұлттық Банк әрбір айырбастау пунктіне кезекті реттік тіркеу нөмірін беріп тіркеу журналында тіркейді. Бұл орайда әрбір облысқа жеке тіркеу журналы арналады. <*>
      Ескерту. 3.21.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық банкі басқармасының
               1999.05.20. N 113 V990808_ қаулысымен.

                4. Айырбастау пункттерiнiң жұмыс iстеу
                           шарты мен тәртiбi

      4.1. Банктiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң, сауда ұйымының, қонақ үйдiң, әуежайдың үй-жайына және өзге үй-жайларға орналасқан айырбастау пункттерiнiң кассалық үй-жайы адамдар мен клиенттерден оқшаулануға тиiс, ал клиенттерге қызмет көрсету касса терезесi (терезелерi) арқылы жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 4.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      4.2. Уәкілетті ұйымдар, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер немесе уәкілетті банктер жалға алған немесе орналасқан жеке тұрған ғимараттың, тұрғын үйге жатпайтын кіретін есігі жеке үйдің немесе тұрғын үйдегі пәтердің, терезесінде металл торы бар және есігі металдан жасалған болуы тиіс. Клиенттерге тек қана касса терезесі (терезелері) арқылы қызмет көрсетіледі. <*>
      Ескерту. 4.2.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 4.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      4.3. Уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң айырбастау пунктінің тұрған орнына қарамастан онда міндетті түрде күзет және өрт дабылы құралдарының, сондай-ақ қызметтің осы түрін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің немесе уәкілетті банктің өзінің қауіпсіздік қызметінің лицензиясы бар қауіп-қатер дабылы немесе қарулы күзет қызметі болуы тиіс. <*>
      Ескерту. 4.3.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 4.3.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      4.4. Айырбастау пункттерiнде айырбастау пунктiнiң ақшасы мен құжаттарын сақтауға арналған отқа жанбайтын металл шкаф болуы керек. <*>
      Кассирдiң өз ақшасы, сырт киiмi және басқа заттары арнайы бөлiнген бөлмеде немесе кассадан тыс орналасқан үй-жайда сақталуға тиiс.
      Ескерту. 4.4.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      4.5. Айырбастау пунктi ақша белгiсiнiң түпнұсқалығын айқындау үшiн техникалық құралдармен жарақтандырылуға тиiс.
      4.6. Айырбастау пунктінің тұрған жеріне қарамастан уәкілетті банктердің, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізген кезде салық органдарында тіркелген фискальды жадылы бақылау-касса аппаратын немесе фискальды картамен жабдықталған компьютерлерді пайдалануға міндетті. <*>
      Ескерту. 4.6.-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі
                 Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 4.5.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      4.7. Айырбастау пункттерi қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бағамдары туралы ақпараттар жазылған (кем дегенде 40х60 см көлемде) стендтермен жабдықталуға тиiс.
      Әрбiр айырбастау пунктiнде клиенттерге көрiнетiн жерде мынадай ақпараттар iлiнуге тиiс:
      - айырбастау пунктiнiң атауы немесе тiркелген номерi, сондай-ақ осы айырбастау пунктiн ашқан уәкiлеттi ұйымның, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң немесе уәкiлеттi банктiң атауы; <*>
      - айырбастау пунктiнiң жұмыс тәртiбi;
      - қолма-қол шет ел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу құқығына берiлген лицензияның көшiрмесi;
      - осы Нұсқаулықтың N 4 қосымшасына сәйкес осы айырбастау пунктiнiң қызметiн бақылайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық (аумақтық) басқармасы туралы мәлiметтер.
      Ескерту. 4.7.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      4.8. Айырбастау пункттерiндегi жұмыс тәртiбi, қызметкерлер саны, қызметтiк мiндеттер аясы уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң немесе уәкiлеттi ұйымдардың басшылығы бекiткен iшкi тәртiп ережесiне сәйкес белгiленедi. <*>
      Уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінде тек қана айырбастау операцияларын жүргізуге рұқсат етіледі. <*>
      Ескерту. 4.8.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 4.8.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

        5. Айырбастау пункттерiнде қолма-қол шет ел валютасымен
               айырбастау операцияларын жүргiзу тәртiбi

      5.1. Айырбастау пункттерi уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк немесе уәкiлеттi ұйым басшылығының жазбаша нұсқауы негiзiнде белгiленген сатып алу, сату және кросс бағамдарына сәйкес қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргiзедi. Жазбаша өкім күн сайын шығып тұрады. <*>
      Қолма-қол шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бағамына айырбастау пунктінің жұмыс уақыты iшiнде өзгерiс енгiзуге рұқсат етiледi. Бағамның әрбiр өзгерiсi уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк немесе уәкiлеттi ұйым басшылығының жазбаша нұсқауымен бекiтiлуге тиiс. <*>
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сатып алу бағамының қолма-қол шетел валютасын қолма-қол теңгеге сату бағамынан ауытқу шегін белгілеуге құқылы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының
               1998.08.28. N 158 V980599_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      5.2. Уәкiлеттi банктер, уәкілеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкiлеттi ұйымдардың әртүрлi айырбастау пункттерiнде түрлi бағамдар белгiлеуiне рұқсат етiледi. <*>
      Ескерту. 5.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      5.3. Айырбастау пунктiнде қолма-қол шет ел және ұлттық валюта болған жағдайда сатып алу, сату және айырбастау бойынша операциялар жүргiзуден бас тартуға болмайды. Сонымен бірге айырбастау пункттерінің ақпараттық тақталарында айырбастау пунктіндегі шетел валютасының барлық түрлері бойынша сатып алу және сату бағалары туралы мәлімет болуға тиіс. <*>
      Айырбастау пункттерi шет ел валюталарын сатып алу, сату немесе айырбастау кезiнде олардың құны бойынша және эмиссия жылдары бойынша, қандай да бiр валютаны айналымға шығаруға Ұлттық Банк тiкелей қойған шектеуден басқа жағдайда қандай да бiр шектеулер енгiзуге құқығы жоқ.
      Ескерту. 5.3.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.
      5.4. Бұрынғы жылдары шыққан эмиссиядағы шет ел валютасын неғұрлым жаңасына айырбастағаны және ұсақтағаны үшiн Ұлттық банк айырбастаудың айрықша тәртiбiн белгiлеген жағдайда болмаса комиссиялық сыйақы алынбайды.
      5.5. Тозған банкноттарды сатып алуды, айырбастауды және ұсақтауды уәкiлеттi банктер сондай-ақ, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер ғана жүзеге асырады. Тозған банкноттарды жаңасына айырбастау жөнiндегi комиссиялық сыйақыны уәкiлеттi банктер, уәкілетті кредиттік серіктестіктер өздерi белгiлейдi, бiрақ айырбастауға ұсынылған соманың екi процентiнен аспауға тиiс. Комиссиялық сыйақыны уәкiлеттi банктер, уәкілетті кредиттік серіктестіктер операция жасалған күнi Ұлттық банктiң ресми бағамы бойынша Қазақстан теңгесiмен өндiрiп алады. <*>
      Тозған банкноттар қатарына түпнұсқалығы күдiк туғызбайтын және өзiнiң толық көлемi мен белгiлерiнiң кем деген 70%-i сақталған (олардың нақты құнын бiлдiретiн жазбаша және сандық белгiлерi және шамалы зақымданған (егер банкноттың түпнұсқалылығын анықтауға кедергi келтiрмесе) банкноттар, оның iшiнде:
      - кiрлеген, бөгде жазбалары, дағы, таңбасы бар, мөрленген бояу тамған, алғашқы түрi өзгерген банкноттар;
      - жыртылған және желiмделген, егер жекелеген бөлiктерi даусыз бiр банкноттiкi болып шықса, бұрышы, шетi қырқылған, шамалы ойықтары мен тесiктерi бар (егер олар өтелгенiн бiлдiрмейтiн болса) банкноттар;
      - тозығы жеткен, умаждалған, күйген және күйiк шалған банкноттар;
      - қорғағыштық жiбiнен айрылған банкноттар жатады.
      Ескерту. 5.5.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      5.6. Осы Нұсқаулықтың 5.5 тармағында көрсетiлгендерге байланысты сатып алуға, сатуға және айырбастауға жатпайтын зақымданған ақша банкноттарын иесiнiң келiсiмiмен уәкiлеттi банктер инкассаға қабылдауы мүмкiн.
      Шет ел валютасын инкассаға уәкiлеттi банктiң қызметкерлерi клиенттiң өтiнiшi негiзiнде ғана қабылдайды (N 5 қосымша), онда банкноттың саны, сериясы мен номерi, шыққан жылы, олардың нақты құны мен инкассоға берiлген барлық банкноттың жалпы сомасы көрсетiледi. Инкассоға шет ел валютасын қабылдаған кезде клиентке түбiртек берiледi. Инкассоға қабылданған қолма-қол шет ел валютасы уәкiлеттi банктер өздерi белгiлеген ең аз жөнелту партиясын топтау үшiн қажеттi соманың жинақталуына қарай эмитент банктерге (шет ел банктерiне) жiберiледi. Уәкiлеттi банктер клиенттерге эмитент банктердiң (шет ел банктерiнiң) тозған банкноттарды айырбастаудан бас тартуы мүмкiн екенi туралы ескертуге мiндеттi. Эмитент банкi (шет ел банкi) жiберiлген шет ел валютасын айырбастаудан бас тартқан жағдайда уәкiлеттi банктер клиентке мұны растайтын құжаттарды ұсынуға мiндеттi.
      Уәкiлеттi банктер эмитент банктен (шет ел банкiнен) инкассацияланған шет валютасы үшiн өтем алғаннан кейiн ақша сомасы клиентке шет ел валютасымен, теңгемен төленуi мүмкiн, ағымдағы шотқа қолданылып жүрген заңға сәйкес шет ел валютасымен немесе теңгемен есептелуi мүмкiн.
      5.7. Шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау кезiнде айырбастау пунктiнiң қызметкерлерi валютаның түпнұсқалылығын тестерлердiң немесе басқа арнаулы аппаратураның көмегiмен тексередi.
      5.8. Уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiнде өткiзiлетiн қолма-қол шет ел валютасын сатып алу және сату операциялары операция жүргізген кезде сатып алынған және сатылған шет ел валютасын тiзiмдей журналында көрсетiледi, ол нөмiрленiп, тiгiлiп және заңды тұлғаның және Ұлттық Банк филиалының мөрi қойылуы керек (N 6 қосымша). Журналдағы парақ саны (кем дегенде 30 парақ) уәкiлеттi ұйымның және Ұлттық Банк филиалының басшысының немесе басшының орынбасарының және бас бухгалтерiнiң қолымен расталады. <*>
      Жұмыс күнi соңында айырбастау пунктiнiң қызметкерлерi бiр күнде жүргiзiлген операциялар бойынша қорытындыларды есептейдi және келесi күнге ақша қалдығын шығарады. <*>
      Ескерту. 5.8.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.8.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
               1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.
      5.9. <*>
      Ескерту. 5.9.-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      5.10. 500 АҚШ долларына тең және одан көп сомада шет ел валютасын сатып алу немесе сату кезiнде көшiргiш қағаз арқылы анықтамалар - сертификаттар - бланкiлер толтырылуы мiндеттi (N 7 қосымша).
      Сатып алынған немесе сатылған шет ел валютасының сомасына қарамастан клиенттiң өтiнiшi бойынша анықтама-сертификаттардың көшiрмесi берiледi.
      Анықтама-сертификаттарды басқа адамдардың атына ресiмдеуге болмайды.
      5.10-1. <*> Уәкілетті банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер және уәкілетті ұйымдар анықтама-сертификаттар бланктерінің есебін, сақталуын және түгел болуын тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге міндетті. Олар бүлінген немесе жойылып кеткен жағдайда, уәкілетті банк немесе уәкілетті ұйым бұл туралы дереу Ұлттық Банктің филиалына хабар беруге және Ұлттық Банк филиалының өкілін қатыстыра отырып тиісті акт жасауға міндетті. <*>
      Ескерту. 5-тарау 5.10-1. тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.10-1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      5.11. Қолма-қол шет ел валютасын аударым есебi бойынша сатуды уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 5.11.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      Ескерту. 5.11.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

                6. Айырбастау пункттерiнде өткiзiлетiн
                     операциялар бойынша есеп беру

      6.1. Жұмыс күнi соңында айырбастау пункттерi шет ел валютасын сатып алу және сату мөлшерi жөнiнде берiлген есептi:
      - уәкiлеттi банктердiң, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктердiң айырбастау пункттерi - iшкi бухгалтерлiк есептi ресiмдеу ережесiне сәйкес; <*>
      - уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi - осы Нұсқаулыққа берiлген N 8 қосымшаға сәйкес ресiмдейдi.
      Ескерту. 6.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      6.2. Айырбастау пункттерi ай сайын Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасына шет ел валютасын сатып алу және сату және есеп берiлетiн ай iшiнде Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармасы белгiлеген мерзiмге жөнiнде есеп берiледi (N 9 қосымша). <*>
      Ескерту. 6.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.
      6.3. Ұлттық Банктiң филиалы Ұлттық Банкке жалпы облыс бойынша шет ел валютасын сатып алу және сату мөлшерi жөнiнде Қазақстан Республикасының банктерiнде статистикалық есеп берудi ұйымдастырудың 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 212 Ережесiнде белгiленген мерзiмде есеп бередi.
      6.4. Бiр шет ел валютасын екiншiсiне айырбастау есеп жасау нысаны кезiнде екi операция түрiнде:
      - айырбастау пунктiнiң бiр шет ел валютасын теңгеге сатып алуы валютаның осы түрiн сол айырбастау пунктiнiң теңгеге сатып алу бағамы бойынша;
      - айырбастау пунктiнiң бiр шет ел валютасын теңгеге сатуы валютаның осы түрiн сол айырбастау пунктiнiң теңгеге сату бағамы бойынша көрсетiледi.
      6.5. Ұлттық Банктiң филиалы ай сайын есеп берiлетiн келесi айдың 8-не дейiн телеграфпен немесе басқа электр байланыс құралдарымен жалпы облыс бойынша уәкiлеттi банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерiн бөлек көрсете отырып айырбастау пункттерiнiң саны туралы мәлiметтердi Ұлттық Банкке хабарлайды. <*>
      Ескерту. 6.5.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.
      6.6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетіне лицензияның нөмірі мен берілген күнін, тіркеу нөмірін, айырбастау пунктінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар уәкілетті банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің тізбесін, сондай-ақ осы тізбеге енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерді тапсырады. <*>
      Ескерту. 6.6.-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.
      Ескерту. 6.6.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.06.21. N 137 V990820_ қаулысымен.

              7. Жол чектерiн шет ел валютасымен төлеу
                         жөнiндегi операциялар

      7.1. Уәкiлеттi банктер шет ел банктерiнiң жол чектерiн төлеудi банкаралық келiсiмде ескертiлген тәртiппен және шартпен бақылау материалдары (көрсетiлген төлем құжаттарының үлгiлерi, оларды төлеу тәртiбi мен уәкiлеттi адамдар қолдарының үлгiлерi) болғанда жүргiзiледi.
      Уәкiлеттi банктердiң айырбастау пункттерi жол чектерiн төлеуді уәкiлеттi банктерден қажеттi ақпараттар алу шарты кезiнде, жол чектерiнiң деректемелерi мен оларды төлеу тәртiбi нысанында болған барлық өзгерiстер туралы ақпаратты қоса, жүзеге асыруға құқылы. Бұл ақпарат шет ел банктерiнiң құжаттар жинағында бақылау материалдарымен (жол чектерiнiң үлгiлерi мен оларды төлеу туралы нұсқаулықтармен) бiрге сақталады. <*>
      Ескерту. 7.1.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1998.06.19. N 119 V980557_ қаулысымен.

         8. Айырбастау пункттерiнiң қызметiне бақылау жасау

      8.1. Қазақстан Республикасының валюта бақылау органдары мен агенттерi айырбастау пункттерiнiң қызметiне олардың қызметiн осы Ереженiң талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз ету мақсатында бақылау жасайды.
      Валюта бақылау органдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi банк, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiк пен уәкiлеттi ұйымды қызметке тартуға және айырбастау пункттерiнiң қызметiне бақылау жасау мақсатында олар орындауға мiндеттi жекелеген тапсырмалар беруге құқылы. <*>

     Ескерту. 8.1.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.     
     8.2. Уәкілетті банктер, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктер мен 
уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің қолма-қол шет ел валютасымен 
айырбастау операцияларын жүргізу тәртібін бұзуы анықталған кезде Ұлттық 
Банк: 
<*>

     - лицензияның қолданылуын алты айға дейiнгi мерзімге тоқтатуға;
     - лицензияны қайтарып алуға;
     - қолданылып жүрген заңға сәйкес айыппұл санкциясын салу шараларын 
қолдануға құқылы.
     Ескерту. 8.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1998.06.19. N 119  

V980557_

  қаулысымен.
     Ескерту. 8.2.-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
              1999.02.19. N 17  

V990709_

  қаулысымен.     
     Ескерту. 8.2.-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.
     8.3. Валюта бақылау органдары осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзғаны 
үшiн қолданылып жүрген заңға сәйкес өз құзыретi шегiнде санкция қолдануға 
құқылы.
                       9. Қорытынды ережелер
     9.1. Уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдар осы Нұсқаулық күшiне 
енген күннен бастап үш ай мерзiмде жұмыс iстеп тұрған айырбастау 
пункттерiнiң құжаттамасы мен үй-жайларын осы Нұсқаулықтың талаптарына 
сәйкес келтiруге мiндеттi.
     Ұлттық Банк
       Төрағасы
     
     
       Ескерту. N 1, N 2, N 3, N 4 қосымшалардағы "облыстық (аумақтық) 
                басқармасының" деген сөздер "филиалының" деген сөзбен 
                ауыстырылды, N 3 қосымшада "басқарма" деген сөз "филиал"   
                деген сөзбен ауыстырылды, N 4 қосымшада "басқарманың" 
                деген сөз "филиалының" деген сөзбен ауыстырылды - 
                ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.06.19. N 119 
                 

V980557_

  қаулысымен.


                                                       N 1 қосымша 
<*>



      Ескерту. 1-қосымша толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі

              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.     
                           ТIРКЕУ КУӘЛIГI
     N _______________                    "____"__________ 199  жыл
                                           (берiлген күнi)
     Осы куәлiк ______________________________ орналасқан айырбастау
               (айырбастау пунктiнiң мекен-жайы)
     пунктiне берiлдi, ол __________________________________________
                             (банк операцияларының жекелеген
     _______________________________________________________________
     түрлерiн iске асыратын уәкiлеттi банктiң атауы және мекен-жайы,       
 
     уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң атауы және мекен-жайы
     _______________________________________________________________
     немесе уәкiлеттi ұйымның атауы және мекен-жайы)
     қарайды, __________ номермен ____________________________тiркелген.
                                 (Ұлттық Банктiң филиалының атауы)
     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкiнiң филиалының
     бастығы


                                                        Қосымша N 1а 
<*>



      Ескерту. Нұсқаулық N 1а қосымшасымен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі

              Басқармасының 1999.02.19. N 17  

V990709_

  қаулысымен.     
     
                    Тіркеу куәлігі
     
     N________                            "___"_______________ 199 ж.
                                                (берілген күні)
     
     Осы куәлік _________________________________ орналасқан
                (айырбастау пунктінің мекен-жайы)
     
     _________________________________________________________________
     (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті
     
     _____________________________ айырбастау пунктіне берілді,
     ұйымның атауы және мекен-жайы)
     
     ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ___________номермен
     тіркелген.
     
     Қазақстан Республикасының
     Ұлттық Банкі Төрағасының
     орынбасары


                                                   N 2 қосымша 
<*>



      Ескерту. N 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі
               Басқармасының 1999.02.19. N 17 V990709_ қаулысымен.

                       Рұқсат
     N________                            "___"_______________ 199 ж.
                                                (берілген күні)



      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қолма-қол шетел

валютасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы 
негізінде айырбастау операцияларын жүргізу үшін құрылған ______________
___________________________________________________________
       (заңды тұлғаның атауы және тұрған жері)
     заңды тұлғаның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуіне рұқсат 
береді.
     
     Қазақстан Республикасының
     Ұлттық Банкі Төрағасының
     орынбасары


                                        Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 мамырдағы N 113 қаулысымен бекітілген N 3 қосымша <*>

     Ескерту. N 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.02.19. N 17  

V990709_

  қаулысымен.     
     Ескерту. N 3 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.05.20. N 113  

V990808_

  қаулысымен.     
     
              Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
                операцияларын жүргізуге берілген
     
                           Лицензия
     
     N ________                             "___" _________ 199 __ ж.
     
     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі "Валюталық реттеу туралы" 1996 
жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес 
_______________________________________________________________________
          (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын)     
_______________________________________________________________________


            уәкілетті ұйымның атауы және мекен-жайы)

қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау бойынша операция 
жүргізуге осы лицензияны береді.
     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк операцияларының жекелеген 
түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымға валюталық бақылау агентінің 
міндетін жүктейді.
     Осы лицензияның шарттарынан туындайтын құқықтарды үшінші тұлғаға 
беруге болмайды. Бұл лицензия бір ғана данада беріледі. Лицензия берілген 
күннен бастап екі жыл бойы заңды болып саналады.
     
     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкі
     Төрағасының орынбасары
          
                                                     N 4 қосымша 
<*>

     
     Ескерту. 4-қосымша толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.     
             Айырбастау пунктiнiң клиенттерiне арналған
                               ақпарат
     Осы айырбастау пунктi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
     _______________________________________________________________
                          (филиалының толық атауы)
     басқармасы бақылайтын аумақта орналасқан.
     Айырбастау пунктiнiң жұмысына ескертпелер болса шағымды мына 
мекен-жайға
     _______________________________________________________________
                     (филиалының почта мекен-жайы)
жiберуiңiздi немесе _______________________________________________
                    (филиалының телефон нөмiрi
телефон нөмiрi бойынша хабарласуыңызды өтiнемiз.
     Шағымдарды қарау үшiн мынадай мәлiметтердi хабарлауды сұраймыз:
     - өтiнiш берушiнiң аты-жөнi;
     - өтiнiш берушiнiң мекен-жайы;
     - айырбастау пунктiнiң атауы және дәл мекен-жайы;
     - банк операциясының жекелеген түрлерiн iске асыратын, осы айырбастау 
пунктiн ашқан уәкiлеттi банктiң немесе уәкiлеттi ұйымның, уәкiлеттi 
кредиттiк серiктестiктiң атауы;
     - шағымның мазмұны;
     - айырбастау пунктiнiң тәртiп бұзған күн.
     Жазбаша шағымға өтiнiш берушi қол қоюы қажет.
   
                                                        N 5 қосымша
                     ИНКАССОҒА БЕРIЛЕТIН ӨТIНIШ
     __________________ қ.               "_____"___________ 199 жыл
     _______________________________________________________________
                           (банктiң атауы)
     филиалдың/бөлiмнiң N_______ ___________________________________
                                        (Клиенттiң аты-жөнi)
     ___________________________________ мекен-жайында тұрады.
             (үйiнiң мекен-жайы)
     Жеке басын куәландыратын құжаты _______________________________
                              (N, сериясы, берiлген күнi, кiм бердi)
     _______________________________________________________________
     Сiзден жалпы сомасы ___________________________________________
     _______________________________________________________________
       (шет ел валютасының атауы, банкнот саны, олардың нақты құны,
     _______________________________________________________________
     сериясы мен номерi, шығарылған жылы)
     _______________________________________________________________
     банкноттарды инкассоға қабылдауыңызды сұраймын.
     Тозған валюталарды инкассоға қабылдау шарттарымен таныспын және
банкке инкассоға өткiзiлген шет ел валютасы сомасынан ____________%
мөлшерiнде комиссиялық сыйақы төлеуге келiсемiн,
     Эмитент банк (шет ел банкi) инкассоға өткiзiлген банкнотты
айырбастаудан және оларды айналымнан алудан бас тартқан жағдайда
___________________қоятын ешқандай талабым жоқ.
 (банктiң атауы)
     ________________ (аты-жөнi)     ________________ (аты-жөнi)
     (клиенттiң қолы)             (банк қызметкерiнiң қолы)
     ___________________________     ___________________________
             (күнi)                           (күнi)


                                        Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 20 мамырдағы N 113 қаулысымен бекітілген N 6 қосымша <*>

     Ескерту. N 6 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.05.20. N 113  

V990808_

  қаулысымен.     
          
                                        Сатып алу бағамы _____________
                                             Сату бағамы _____________
     
             Сатып алынған және сатылған шетел валютасының
                               Тізбесі
     
                     "____" ______________ 199 ____ ж.
     
---------------------------------------------------------------------------
 
Рет    Валютаның !          Шетелдік валюта сомасы              ! Ұсталған 
N      атауы     !----------------------------------------------! алым 
                 !  жұмыс  !  Сатып  !    Сатылғаны     ! жұмыс ! сомасы,
                 ! күнінің !алынғаны !------------------!күнінің!теңгемен**
                 ! басында !         !валюта- ! теңгемен!соңында!
                 !         !         !мен     !баламасы*!       !
---------------------------------------------------------------------------
 
 1   !    2      !   3     !   4     !    5   !   6     !    7  !     8
---------------------------------------------------------------------------
 
     !           !         !         !        !         !       !       
---------------------------------------------------------------------------
     !           !         !         !        !         !       !       
---------------------------------------------------------------------------
     ! Жиынтығы: !         !         !        !         !       !       
---------------------------------------------------------------------------
    
     !           !         !         !        !         !       !       
---------------------------------------------------------------------------
     !           !         !         !        !         !       !       
---------------------------------------------------------------------------
     Кассирдің қолы ___________________
     
     * - сату бағамы бойынша есептеледі
     ** - 5-бағандағы соманың 1 %-і
                                                    N 7 қосымша 
<*>

     
     Ескерту. N 7 қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.02.19. N 17  

V990709_

  қаулысымен.
     Ескерту. 7-қосымша толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.     
     
     Анықтама-Сертификат
     Справка-Сертификат                      Серия _______ N ________
     
     Банк/Банк
     Ұйым/организация 
_______________________________________________________
     (Банктің, уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң/ұйымның аты мен 
     мекен-жайы)(Название и адрес Банк/организации)
     Айырбастау пункті 
_____________________________________________________
     Обменный пункт (тіркеу номері, айырбастау пунктінің аты және 
     мекен-жайы)
     (регистрационный номер, название и адрес обменного пункта)
     
     N_ Лицензия, берген жері 
________________________________________________
        Лицензия, кем выдана
     
     Азамат(ша) 
______________________________________________________________
     Гражданин(ка)     (аты-жөні)           (фамилия, имя, отчество)
     
_______________________________________________________________________
     (төлқұжаты, жеке куәлігі, сериясы, нөмірі, азаматтығы) (паспорт, 
удостоверение личности, серия, номер, гражданство)
     
     Сатып алынды/сатылды
     (керек емесін сызыңыз) 
_________________________________________________
     Куплено/продано 
________________________________________________________
     (ненужное зачеркнуть) 
_________________________________________________
(сомасы (санмен және жазумен) және шетел валютасының аты)
(сумма (цифрами и прописью) и наименование иностранной валюты)
     
     Шетел валютасының теңгеге
     шаққандағы сатып алу/сату бағамы 
________________________________________
     курс покупки/продажи иностранной валюты к тенге
     
     Кассир___________                  Азамат(ша)_________________
           (қолы)(подпись)           Гражданин(ка)  (қолы)(подпись)
     
     Уақыты _______________________           
_______________________________
     Дата   (күні,айы,жылы)(число,месяц,год) (басшының қолы)(подпись 
                                                               
     руководителя) ________________________________________________________
                   (Бас бухгалтердің қолы) (подпись главного бухгалтера)
     
     
     М.О.
     М.П.     
                                                        N  8 қосымша
                                   "_____"___________ 199  жыл
                Айырбастау пунктiнiң шет ел валютасын
                  сатып алу, сату және түсiм туралы
                            Күндік есебі
____________________________________________________________________
Рет|       |         Валюта          |    Теңге       |Таза түсiм   |
 N |       |_________________________|________________|_____________|
   |       |Валюта|Валюта|Ресми бағам|Сатып алу-сату  |2/4 = (2-3)  |
   |       |түрi  |сомасы|бойынша    |бағамы бойынша  |3/4 = (3-2)  |
   |       |      |      |теңге      |                |үшiн         |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
   |       |      |  1   |     2     |        3       |       4     |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
 1/|Алынған|      |      |     -     |        -       |       -     |
   |валюта |______|______|___________|________________|_____________|
   |және   |      |      |     -     |        -       |       -     |
   |теңге  |______|______|___________|________________|_____________|
   |       |      |      |     -     |        -       |       -     |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
 2/|Сатып  |      |      |           |                |             |
   |алынған|______|______|___________|________________|_____________|
   |валюта |      |      |           |                |             |
   |       |______|______|___________|________________|_____________|
   |       |      |      |           |                |             |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
 3/|Сатыл. |      |      |           |                |             |
   |ған    |______|______|___________|________________|_____________|
   |валюта |      |      |           |                |             |
   |       |______|______|___________|________________|_____________|
   |       |      |      |           |                |             |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
 4/|Өткi.  |      |      |           |                |             |
   |зiлген |______|______|___________|________________|_____________|
   |валюта |      |      |     -     |        -       |       -     |
   |және   |______|______|___________|________________|_____________|
   |теңге  |      |      |     -     |        -       |       -     |
   |       |______|______|___________|________________|_____________|
   |       |      |      |     -     |        -       |       -     |
___|_______|______|______|___________|________________|_____________|
                                     |Барлығы:        |2+3 жолдар   |
                                     |                |сомасы       |
                                     |________________|_____________|
     Қолдар:
                                   банк операцияларының жекелеген
     Айырбастау пунктiнiң          түрлерiн iске асыратын уәкiлеттi
     кассирi ___________           ұйымның бухгалтерi _____________
                                               N 9 қосымша 
<*>

     
     Ескерту. 9-қосымша толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1999.06.21. N 137  

V990820_

  қаулысымен.     
     Айырбастау пунктiнiң тiркеу номерi және
     мекен-жайы ____________________________
     Айырбастау пунктiн ашқан уәкiлеттi банктiң, 
     уәкiлеттi кредиттiк серiктестiктiң
     (банк операцияларының жекелеген түрлерiн iске
     асыратын уәкiлеттi ұйымның) мекен-жайы және
     атауы ___________________________________
                   199  жылғы "____"______________
                                     (айдың аты)
             Шет ел валютасын сатып алу және сату туралы
                                ЕСЕП
____________________________________________________________________
Валюта   |Сатып  |Сату  |Ең төмен бағам       |Ең жоғары бағам      |
атауы    |алу    |      |_____________________|_____________________|
         |       |      |сатып алу  |  сату   |  сатып алу  | сату  |
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
    1    |    2  |  3   |    4      |    5    |      6      |   7   |
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
_________|_______|______|___________|_________|_____________|_______|
     Басшының қолы
     Бас бухгалтердiң қолы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады