Аудиттің 8 "Клиенттің бизнесін білу" ережесін (стандартын) бекіту туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 1999 жылғы 19 мамыр N 213. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 179 бұйрығымен.

Үзінді:

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның  27-бабы  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2008 жылғы 15 сәуірдегі
N 179 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының күшін жойған кейбір
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1.  ........ .
      2.  ........ .
      3.  ........ .
      4.  ........ .
      5.  ........ .
      6.  ........ .
      7.  ........ .
      8. "Аудиттің 8»"Клиенттің бизнесін білу" ережесін (стандартын) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 19 мамырдағы N 213 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 815 болып тіркелді).
      9.  ........ .
      10. ........ .
      11. ........ .
      12. ........ .
      13. ........ .
      14. ........ .
      15. ........ .
      16. ........ .
      17. ........ .
      18. ........ .
      19. ........ .
      20. ........ .
      21. ........ .
      22. ........ .
      23. ........ .
      24. ........ .
      25. ........ .
      26. ........ .
      27. ........ .
      28. ........ ."
_____________________________________

      "Аудиторлық қызмет туралы"  Z980304_  1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің "Бухгалтерлік есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_  Заң күші бар Жарлығына сәйкес бұйырамын: 
      1. Аудиттің 8 "Клиенттің бизнесін білу" ережесі (стандарты) 

 

бекітілсін.

     2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы басқармасы аудиттің 8 

"Клиенттің бизнесін білу" ережесін (стандартын) заңдармен белгіленген 

тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуді қамтамасыз 

етсін.

     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші қаржы вице-Министрі 

Ж.Ж. Ертілесоваға жүктелсін.

     4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 

мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді деп белгіленсін.

     

     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің орынбасары-

     қаржы Министрі 

                                       Қазақстан Республикасы

                                        Қаржы министрлігінің

                                        1999 жылғы 19 мамыр N 213

                                        бұйрығымен бекітілген

 
              Клиент бизнесінің білімі 8-аудит ережесі (стандарты) 

 
      Кіріспе 

 
      1. Аудиттің осы ережесінің (стандартының) мақсаты стандарттарды белгілейтіні және клиент бизнесі білімі деп түсіндірілетін ұғым туралы басшылықты жүзеге асыратынын белгілеу болып табылады, өйткені ол міндеттемені орындайтын аудитор және аудиторлық қызмет үшін маңызды, өйткені аудиттің барлық кезеңдеріне, сондай-ақ бұл білімді қалай алатындығына және пайдаланатындығына қолайлы. 
      2. Аудиттің қаржылық есептемесін жүргізу үшін аудитор аудитордың пікірінше қаржылық есептемеге, тексеруге немесе аудиторлық есепке айтарлықтай ықпал етуі мүмкін оқиғаны, операцияларды және практиканы анықтауға және түсінуге оған мүмкіндік беретін клиент бизнесі туралы білімге жеткілікті көлемде ие болуы немесе меңгеруі тиіс. Мысалы, мұндай білімді аудитор болуы тиісті қатерді және ішкі қатерді бағалауда, аудиторлық рәсім сипатын, мерзімін және аумағын анықтауда пайдаланады. 
      3. Міндеттемелерді орындау үшін қажетті аудитор білімінің деңгейі субъект жататын экономика, сала туралы негізгі ақпаратты, сондай-ақ субъект қызметі туралы терең білімді қамтиды. Аудиторға қажетті бизнес білімінің деңгейі субъект жетекшісі ие білім деңгейінен әдетте төмен болады. Әрбір нақтылы міндеттемеде қарауға жататын мәселелердің тізбесі осы ереженің (стандарттың) қосымшасында келтірілген. 

 
      Клиент бизнесі туралы білімді алу 

 
      4. Міндеттемені қабылдағанға дейін аудитор аудит жүргізілетін субъект саласы, құқық меншігі, жетекшісі және қызметі туралы мәліметтерді алдын ала жинауы және аудит өткізу үшін талап етілетін клиент бизнесі білімнің деңгейіне жетуге бола ма дегенді шамалауы қажет. 
      5. Міндеттеме қабылдағаннан кейін қосымша және біршама тиянақты мәліметтер жинақталады. Іс жүзіндегі мүмкін аудитор шегінде міндеттеменің орындалу басында талап етілетін білім көлемін алу қажет. Аудиттің жүргізілу барысында соңғы деректермен бағаланады, жаңартылады және толықтырылады. 
      6. Клиент бизнесі туралы талап етілетін білімді алу ақпараттарды жинау мен бағалаудың үздіксіз және үдемелі процесі және аудиттің барлық кезеңдерінде аудиторлық дәлелдемелермен алған білімдердің қорытындысын салыстыру болып табылады. Мысалы, ақпарат жоспарлау кезеңінде жиналғанына қарамастан, аудитор мен аудитордың көмекшілері клиент бизнесі туралы көп ақпарат алғанымен, әдетте ол біршама кейінгі кезеңде нақтыланады және толықтырылады. 
      7. Одан кейінгі аудиторлар жағдайында аудитор бұрын жиналған ақпараттарды жаңартады және қайта бағалайды. Аудиторға соңғы аудит жасалғаннан кейін айтарлықтай өзгерістерді белгілеу үшін арналған рәсімдерді орындауы қажет. 
      8. Аудитор бірқатар көздерден сала және субъект туралы мәліметтерді алуына болады. 
      Мысалы: 
      1) субъектімен және ол жататын саладағы мұның алдындағы жұмыс тәжірибесі; 
      2) субъект қызметкерлерімен сұхбат (мысалы, директорлармен және жетекші мамандармен); 
      3) ішкі аудиторлық қызметкерлермен сұхбат және ішкі аудиторлардың есептеріне шолу; 
      4) осы субъектіге немесе осы саланың басқа субъектілеріне қызмет көрсететін басқа аудиторлармен, заң консультанттарымен және басқа консультанттармен сұхбат; 
      5) субъекттен тыс жерлерде құзыретті адамдармен сұхбат (мысалы, сала экономистерімен, осы саланың бақылаушы органдарының өкілдерімен, сондай-ақ тапсырыс берушілермен, жеткізушілермен және бәсекелестермен); 
      6) салаға қатысы бар жарияланымдар (мысалы, мемлекеттік статистика, шолу материалдары, мақалалар, коммерциялық журналдар, банктер, бағалы қағаздармен операциялар жасайтын дилерлер, қаржы газеттері әзірлеген есептер); 
      7) субъект қызметін айтарлықтай дәрежеде реттейтін заңдар мен ережелер; 
      8) өндірістік объектілерде және субъектінің әкімшілік үйлерінде болу; 
      9) субъект ұсынған құжаттар (мысалы, отырыстардың хаттамалары, акционерлер немесе бақылаушы органдар жіберген материалдар, мұның алдындағы жылдық және қаржылық есептер, сметалар, ішкі басқару есептері, мерзімді қаржылық есептер, басқарманың ішкі саясаты бойынша басшылық, 

 

бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау бойынша басшылық, шоттардың жоспары, 

лауазымдық нұсқаулар, рынокты зерттеу және сату жоспары бойынша 

материалдар).

     

     Клиент бизнесі туралы білімді қолдану

     

     9. Клиент бизнесінің білімі аудитордың кәсіби түсінігінің негізін 

құрайды. Клиент бизнесі түсінігі және бұл ақпаратты жете пайдалануда 

аудиторға:

     1) қатерді бағалау және проблемаларды ашуға;

     2) аудитті біршама тиімділікпен және біліктілікпен жоспарлау және 

жүзеге асыруға;

     3) аудиторлық дәлелдемені бағалауға;

     4) клиентке жақсы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге көмектеседі.

     10. Аудиттің барлық кезеңдерінде аудитор клиент бизнесіне маңызды 

көптеген мәселелер бойынша пайымдаулар жасайды.

     Мысалы:

     1) ажырамайтын қатерді және ішкі бақылау қатерін бағалау;

     2) субъект қызметі процесінде туындайтын қатерді, сондай-ақ оларға 

байланысты басшылық әрекетін қарау;

     3) жалпы жоспар мен аудит бағдарламасын жасау;

     4) бар болу деңгейін анықтау және таңдап алынған бар болу деңгейі 

тиісті болып қалатындығын бағалау;

 
      5) тиісті аудиторлық дәлелдемелердің тиісті мекемелердің қаржылық есептемелерінде растығын белгілеу мақсатында бағалау; 
      6) басшылық ұсынған есептеу бағалары мен ақпараттарды бағалау; 
      7) ерекше аудиторлық қараулар мен дағдыларды талап ететін аудитордың осындай салаларын анықтау; 
      8) байланысты тараптарды және олардың операцияларын анықтау; 
      9) қарама-қайшы ақпараттарды анықтау (мысалы, басшылық ұсыныған қарама-қайшы мәліметтер); 
      10) ұқсас емес жағдайларды ашу (мысалы, алаяқтық және заңдар мен 

 

ережелерді сақтамау, статистикалық деректер мен қаржылық есептемелердегі 

деректер арасындағы сәйкессіздік);

     11) жауаптардың негізделгендігінің ақпараттарын жинау және бағалау;

     12) есеп саясатының сәйкестігі мен қаржылық есептемедегі ашуды қарау.

     11. Аудитор аудит тапсырылған көмекшілерге оларға тапсырылған 

жұмыстарды орнындауға мүмкіндік беретін клиент бизнесі туралы жеткілікті 

білім көлеміне ие екендігіне сенімді болуы тиіс. Аудитор олар қосымша 

ақпараттарды жинауға әзір болу және оны басқа аудитор мен қалған 

көмекшілеріне беру қажеттілігін түсінетіндігіне көз жеткізуі керек.

     12. Клиент бизнесі туралы білімді тиімді пайдалану мақсатында аудитор 

қаржылық есептемеге тұтастай бизнестің тигізеп әсерін және қаржылық 

есептемеде белгіленген аудитордың бизнес туралы біліміне сәйкестігін 

ескеруі тиіс.

                                        Қосымша

     

                   Клиент бизнесінің білімі - қарауға жататын мәселелер

     

     Бұл тізбе көптеген міндеттемелерде пайдаланылуы мүмкін мәселелердің 

кең аумағын қамтиды, алайда сұрақтардың барлығын да олардың әр қайсысында 

ескеруге болмайды, көрсетілген тізбені толық деп санау міндетті емес.

     

     1. Жалпы экономикалық факторлар:

     

     1) экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейі (мысалы, құлдырау, өсу);

     2) проценттік ставкалар мен қаржыландырудың ыңғайлылығы;

     3) инфляция, валюталық өзгеріс;

     4) үкімет саясаты:

     ақша-несие;

     бюджеттік;

     салықтық;

     қаржылай ынталандырулар (мысалы, үкіметтік көмек бағдарламалары);

     тарифтер, сауда-саттық шектеулері;

     5) шетел валюталарының бағамы және валюталық шектеулер.

     

     2. Клиент бизнесіне ықпал ететін маңызды салалық факторлар:

     

     1) рынок және бәсеке;

     2) цикльдық немесе маусымдық қызмет;

     3) өндіріс технологиясындағы өзгеріс;

     4) бизнестегі қатер (мысалы, жаңа технология, жоғары мода, бәсеке 

үшін қол жеткізудің жеңілдігі);

     5) қызметтерді қысқарту немесе кеңейту;

     6) қолайсыз жағдайлар (мысалы, сұраныстың, пайдаланылатын өндірістік 

қуаттың төмендеуі, бағадағы маңызды бәсекелестік);

     7) қызметтік маңызды коэффициенті және статистикалық деректер;

     8) бухгалтерлік оқудың ерекшелігі және проблемалары;

     9) олармен байланысты экологиялық талаптар мен проблемалар;

     10) нормативтік-құқықтық актілер;

     11) энергиямен жабдықтау және шығыстар;

     12) ерекше және айрықша әдіс (мысалы, еңбек шарттарын, қаржыландыру 

әдістерін жасау кезінде).

     

     3. Оның қызметіне қатысты бар субъектінің маңызды ерекшеліктері

     

     Менеджмент және меншік құқығы - біршама тән ерекшеліктері

     

 
      1) субъектінің меншіктік нысаны - жеке, мемлекеттік (кез-келген 

 

таяудағы немесе жоспарланған өзгерістерді қосқанда);

     2) шынайы иесі және байланысты тараптар (бизнестегі бедел және ел 

ішіндегі, шет елдегі тәжірибе);

     3) капитал құрылымы (кез-келген таяудағы немесе жоспарланған 

өзгерістерді қосқанда);

     4) ұйымдық құрылым;

     5) менеджменттің мақсаты, философиясы және стратегиялық жоспары;

     6) клиент қызметінің түрлерін біріктіру, қосу немесе беру 

(жоспарланған немесе таяуда рәсімделген);

     7) қаржыландыру көздері немесе әдістері (ағымдағы, бұрын 

пайдаланылғаны);

     8) басқару органдары (директорлар кеңесі):

     құрамы;

     бизнестегі бедел және жекелеген тұлғалардың тәжірибесі;

     әрекет етуші басшылар үшін тәуелсіздік және бақылау;

     жиналыстырдың мерзімділігі;

     тексеру комиссиясының бар болуы және оның қызметінің көлемі;

     ұйымдағы тәртіп нормаларының бар болуы;

     кәсіби консультанттар құрамындағы өзгеріс (мысалы, заңгерлер);

     9) әрекет етуші басшылық:

     тәжірибе және бедел;

     кадрлардың тұрақтамауы;

     шешуші қаржы қызметкері және ұйымдағы оның мәртебесі;

     бухгалтерлік қызметті жабдықтау;

     еңбекке ақы төлеу ретінде ынталандыру немесе сыйақы жүйесі (мысалы, 

табыс негізінде);

     болжамдар мен бюджеттерді пайдалану;

     басшылыққа қысым жасау (мысалы, басшылыққа шамадан тыс салмақ салу, 

бір тұлғаны ғана үстем ету, акциялардың бағамдарын қолдау, нәтижелерді 

жариялау үшін негізделмеген мерзімдер);

     ақпараттық басқару жүйесі;

     10) ішкі бақылау функциясы (бар болуы, сапасы);

     11) ішкі бақылауға қатынасы.

     

     Субъект қызметі (өнімдер, рыноктар, жеткізушілер, шығындар, 

шаруашылық 

     операциялары және т.б.) 

     

     12) қызмет түрлерінің сипаты (мысалы, өндіріс, көтерме сауда, 

қаржылық қызмет көрсету, импорт-экспорт);

     13) өндірістік жабдықтарды, қоймаларды, офистерді орналастыру;

 
      14) еңбекпен қамту (мысалы, орналасқан жерлерінің, кадрлармен қамтамасыз ету, жалақы төлемдері деңгейінің талаптары бойынша кәсіподақтармен келісу, зейнетақы міндеттемелері, мемлекеттік реттеу); 
      15) өнім немесе қызмет көрсету және рыноктар (мысалы, негізгі 

 

тапсырыс берушілер мен контракттар, төлем шарты, табыс көлемі, рыноктағы 

қатысу үлесі, бәсекелестер, экспорт, баға саясаты, өнім беделі, кепілдер, 

тапсырыс қоржыны, тендециялар, рыноктық стратегия мен мақсаттар, 

өндірістік процесстер);

     16) тауарлар мен қызмет көрсетулерді негізгі жеткізушілер (мысалы, 

ұзақ мерзімді контракттар, жабдықтаудың тұрақтылығы, жабдықтаудың шарты, 

төлем шарты, импорт, жеткізу тәсілдері);

     17) тауар-материалдық қорлар (мысалы, орналастыру, саны);

     18) франшиздер, лицензиялар, патенттер;

     19) шығыстардың маңызды санаттары;

     20) зерттулер мен әзірлеулер;

     21) шетел валютасындағы активтер, міндеттемелер және мәмілелер - 

валюталардың, хеджирлеудің үлгілері бойынша;

     22) субъект қызметіне айтарлықтай дәрежеде ықпал ететін заңдар;

     23) қолданыстағы ақпараттық жүйелер, оларға енгізілетін өзгерістер 

бойынша жоспарлардың бар болуы;

     24) шарттар мен шектеулерді қоса борыш құрылымы;

     

     Қызметтің қаржылық нәтижелері - қаржылық жағдай мен рентабельдікке 

     қатысы бар факторлар

     

     25) қызметтердің негізгі коэффициенттері және статистикалық деректер;

     26) даму тенденциялары;

     

     Есепті жасау шарттары - қаржылық есептемені әзірлеу процесіндегі      

 

     басшылыққа ықпал ететін сыртқы факторлар

     

     Заң шығару

     

     27) реттеуші орта және талаптар;

     28) салық салу;

     29) осы қызметке тән өзгерістер мен ашулар;

     30) аудиторлық есепке қойылатын талаптар;

     31) қаржылық есепті пайдалану.

     

     Оқығандар:     

        Умбетова А.М.

        Нарбаев Е.А. 

     

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады