Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімді және 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 201-VІ ҚРЗ.

      БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      2015 жылғы 29 мамырда Бурабайда жасалған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісім, сондай-ақ 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2016 жылғы 12 тамызда Сочиде жасалған хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Армения Республикасының Үкіметі, Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,

      сауда байланыстарының дамуына ықпал етуге ниет білдіре отырып,

      Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,

      1985 жылғы 22 наурыздағы Озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясында көзделген өздерінің халықаралық міндеттемелерін орындау және 1987 жылғы 16 қыркүйектегі Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасынан (бұдан әрі - Монреаль хаттамасы) туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қағидаттарына бейілділігін растай отырып,

      өз мемлекеттерінің ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін негізге ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Келісім "Тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразиялық экономикалық қауымдастық шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 1.1 және 2.1-бөлімдерінде көрсетілген озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді Одақтың кеден аумағы бойынша өткізуге байланысты, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттарды есепке алуға байланысты қатынастарды реттейді.

2-бап

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

      "қорытынды (рұқсат беру құжаты)" - озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу құқығын растайтын құжат;

      "өтініш беруші" - озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу туралы өтінішпен жүгінген заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      "құзыретті орган" - қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге уәкілеттік берілген Тарап мемлекетінің органы;

      "есеп беруші орган" - Монреаль хаттамасының 7-бабында көзделген есепті жіберуге уәкілеттік берілген Тарап мемлекетінің органы;

      "өткізу" - Одақтың тауарлары болып табылатын озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді бір Тарап мемлекетінің аумағынан екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкелу және (немесе) әкету.

      Осы Келісімде қолданылатын өзге де ұғымдар Монреаль хаттамасына және Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қолданылады.

3-бап

      Осы Келісімнің күші мына тұлғаларға қолданылады:

      озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізуді, өндіруді, пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға байланысты озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізуді және пайдалануды жүзеге асыратын, дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген жеке тұлғалар;

      жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлғалар.

4-бап

      Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) озонды бұзатын заттарды өткізуіне тыйым салынады.

5-бап

      Тараптар осы Келісімге және Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізуге, өндіруге, пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

6-бап

      Озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен бекітілген бірыңғай нысан бойынша құзыретті орган беретін қорытындының (рұқсат беру құжатының) негізінде жүзеге асырылады.

7-бап

      Өтініш берушіге қорытынды (рұқсат беру құжаты) Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде беріледі.

      Озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді әкелу болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы берген, мұндай заттар мен өнімдерді әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжаты) болған кезде, оларды әкету болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді.

      Қорытындылардың (рұқсат беру құжаттарының) көшірмелері тауардың ілеспе құжаттар жиынтығына қоса беріледі.

8-бап

      Мынадай:

      жеке тұлғалардың құрамында озонды бұзатын заттары бар өнімдерді жеке пайдалану үшін (коммерциялық емес мақсаттарда) өткізуі кезінде;

      әуе, теңіз (өзен), теміржол, автомобиль көлігі құралымен бірге техникалық сипаттамаларына сәйкес пайдалану үшін озонды бұзатын заттар қажет, осы көлік құралының жабдықтары мен техникалық құрылғыларының қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, оның ішінде тоңазытқыш жабдығына, кондиционерлеу жүйелеріне, өрт сөндіру құралдарына және өзге де жабдық пен техникалық құрылғыларға құю, үстеп құю мақсатында және қажетті мөлшерде озонды бұзатын заттарды өткізу кезінде қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу талап етілмейді.

9-бап

      Озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді әкелу (әкету) болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органы мұндай заттар мен өнімдерді әкелуге (әкетуге) қорытынды (рұқсат беру құжатын) берген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қорытындыны одан (оған) оларды әкету (әкелу) болжанып отырған Тарап мемлекетінің құзыретті органына құзыретті органдармен келісілген форматта электронды пошта арқылы жібереді.

10-бап

      Өтініш берушілер озонды бұзатын заттардың есебін жүргізеді және жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өз мемлекетінің есеп беруші органына қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті ұсынады.

      Озонды бұзатын заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғалар тоқсанына 1 рет, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күніне дейін өз мемлекетінің есеп беруші органына осы Келісімге қосымшада көзделген нысан бойынша есеп ұсынады.

      Тараптар мемлекеттерінің заңнамасында көрсетілген есепті ұсынудың басқа да мерзімдері, бірақ осы бапта көзделген кезеңділіктен сирек болмайтын мерзімдері белгіленуі мүмкін.

11-бап

      Осы Келісімнің 10-бабында көзделген есепті ұсынбау, сондай-ақ есепте толық емес және дұрыс емес ақпаратты ұсыну Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

12-бап

      Аумағында озонды бұзатын заттардың өндірісі бар Тарап мемлекетінің есеп беруші органы жыл сайын, озонды бұзатын заттарды өндіруге квота белгіленген жылдың 1 қаңтарына дейін көрсетілген квота көлемін озонды бұзатын заттарды өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаның назарына жеткізеді.

13-бап

      Есеп беруші орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы күніне дейін тоқсанына 1 рет озонды бұзатын заттарды өндіру және өткізу туралы ақпаратты қорытады және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысы үшін Монреаль хаттамасында белгіленген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне өз мемлекетінде ықтимал қол жеткізген жағдайда:

      өз мемлекетінің құзыретті органына озонды бұзатын заттарды әкелуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруді тоқтату туралы нұсқауды;

      озонды бұзатын заттар өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өндірісті тоқтату туралы нұсқауды;

      басқа Тараптар мемлекеттерінің құзыретті органдарына осы Тарап мемлекетіне озонды бұзатын заттарды әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруді тоқтату қажеттілігі туралы ақпаратты жібереді.

14-бап

      Құзыретті органдар:

      Монреаль хаттамасында белгіленген озонды бұзатын заттарды тұтынудың есепті деңгейіне өз мемлекетінде қол жеткізген жағдайда - озонды бұзатын заттарды әкелуге;

      осы Келісімнің 13-бабының төртінші абзацына сәйкес ақпарат алған жағдайда - тиісті Тарап мемлекетіне озонды бұзатын заттарды әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруді тоқтатады.

15-бап

      Тараптар бір-біріне өз мемлекеттерінің құзыретті және есеп беруші органдары туралы хабарлайды.

      Олар өзгерген жағдайда Тараптар бұл туралы бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.

16-бап

      Осы Келісімді түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 112-бабында айқындалған тәртіппен шешіледі.

17-бап

      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

18-бап

      Осы Келісім Тараптар мемлекеттерінің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      2015 жылғы 29 мамырда Бурабай қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жібереді.

Армения
Республикасының

Үкіметі үшін

Беларусь
Республикасының

Үкіметі үшін

Қазақстан
Республикасының

Үкіметі үшін

Ресей
Федерациясының

Үкіметі үшін

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттер өзара
сауданы жүзеге асыру кезінде
озонды бұзатын заттар мен
құрамында осындай заттары бар
өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу
туралы келісімге
ҚОСЫМША

______ жылғы ________ тоқсанда /20 ______ жылы озонды бұзатын заттарды өткізу, өндіру және пайдалану туралы
ЕСЕП

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы

Озонды бұзатын заттардың (ОБЗ), ОБЗ қоспаларының атауы (қоспаның пайыздық-компоненттік құрамы)

Есепті жыл басындағы ОБЗ қалдықтарының көлемі, тонна

Өндірілген ОБЗ, тонна

ОБЗ әкелу

ОБЗ әкету

Пайдаланылған немесе сатылған ОБЗ, тонна

Есепті жыл соңындағы ОБЗ қалдығының көлемі, тонна

саны, тонна

заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы, ОБЗ өнім берушінің есептік нөмірі*

өнім берушінің мекенжайы, елі

саны, тонна

заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің атауы, ОБЗ алушының есептік нөмірі*

алушының мекенжайы, елі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























Жиыны:

-




-

-


-

-



      *Салық салуға жататын кірістер туралы мәліметтерді есепке алуға арналған салық органдарындағы өтініш берушілердің есептік нөмірлері:

      Армения Республикасы үшін - СТЕН;

      Беларусь Республикасы үшін - ТЕН;

      Қазақстан Республикасы үшін - ЖСН/БСН;

      Ресей Федерациясы үшін - СТСН.

      Осымен 2015 жылғы 29 мамырда Бурабай қаласында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын:

      Армения Республикасының Үкіметі үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі О.А. Абраамян;

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасының Премьер-Министрі А.В. Кобяков;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведев.

      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Құқықтық департаментінің
директоры
В.И. Тараскин

2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы
ХАТТАМА

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері,

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың 2-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы Хаттамамен Қырғыз Республикасы 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге қосылады.

2-бап

      Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап, бірақ 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімнің күшіне енген күнінен кейін күшіне енеді.

      2016 жылғы 12 тамызда Сочи қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, оның куәландырылған көшірмесін Еуразиялық экономикалық одаққа әрбір мүше мемлекетке жібереді.

Армения
Республикасының

Үкіметі үшін

Беларусь
Республикасының

Үкіметі үшін

Қазақстан
Республикасының

Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін

Ресей
Федерациясының

Үкіметі үшін

      Осымен 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісімге Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2016 жылғы 12 тамызда Сочиде қол қойылған хаттаманың осы аудармасы орыс тілдегі мәтініне сәйкес келетінін куәландырамын:

      Армения Республикасының Үкіметі үшін - Армения Республикасының Премьер-Министрі О.А. Абраамян;

      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін - Беларусь Республикасыньщ Премьер-Министрі А.В. Кобяков;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімов;

      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін - Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Ш. Жээнбеков;

      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін - Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Д.А. Медведев.

      Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Құқықтық департаментінің
директоры
В.И. Тараскин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады