Күшін жойған нормативті-құқылық актілер жөнінде

Жаңа

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының 2009 жылдың 1 шілдедегі N 53-п бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 17 шілдесіндегі N 690 қаулысы мен "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңның 43-1-бабына сәйкес "Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану үшін операциялар жүргізу есепнамасын беру Ережесінің" бекітілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының "Жер қойнауын пайдаланушылардың табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрiнiң мiндетiн атқарушының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы" 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 90-б (ҚР әділет Министрлігінің 2005 жылғы 6 қазанда нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік Тізімінде N 3875 тіркелген) бұйрығы күшін жойды деп есептелсін.
      2. "Жер қойнауын пайдаланушылардың Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлiгiнiң органдарына Келiсiм-шарттық аумақтардағы жұмыстар бойынша геологиялық ақпарат беру тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрінің міндетін атқарушысының 2000 жылғы 28 қыркүйектегi N 393-б бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1272 болып тiркелген)  күшін жойғаны жөніндегі бұйрықтың жобасы дайындалсын.
      3. Осы бұйрықтың көшірмесі ҚР Әділет Министрлігіне жіберілсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау төраға орынбасары Е.Г. Кәрібаевқа жүктелсін.

      Төраға                                         Б. Өжкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады