«Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда) әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 174, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 599, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы № 391-1 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 28 тамыздағы № 301, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 501, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 441 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Бағалау қызметі субъектілерінің жылжымалы мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда) әдістеріне қойылатын талаптарды қолдануы жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 21 қарашадағы № 174, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 599, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 25 қарашадағы № 391-1 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2070 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2003 ж., N 5-6, 786-құжат).
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті осы бұйрықтың көшірмесін Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі
      ___________ Р. Түсіпбеков

      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникациялар
      министрі
      ____________ Б. Камалиев

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкі Төрағасы
      ____________ Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады