Шектеу іс-шараларын алу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 17 қыркүйектегі № 124 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 3-4/230 санды ұсынысына сәйкес, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округінің "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағындағы мүйізді ірі қара малдары арасынан құтырық ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық – санитарлық іс – шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
      2. Ойыл ауданы, Ойыл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 80 "Ойыл ауылдық округінің "Сегізсай" өндірістік кооперативінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3967 болып тіркелген шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Берекеноваға тапсырамын.
      Округ әкімі : И.Сабиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады