Күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 834, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 598 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2015 жылғы 30 шілдедегі № 645 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Өрт, өнеркәсіптік қауіпсіздік және Азаматтық қорғаныс саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдері мен тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 27 маусымдағы № 292 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 18 шілдедегі № 141/нқ (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 19 тамызда № 8626 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 2 қарашадағы № 245 (28184), 2013 жылғы 6 қарашадағы № 247 (28186), 2013 жылғы 13 қарашадағы № 252 (28191) жарияланған) бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (Петров B.B.):
      1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму               Ұлттық экономика министрі
      министрінің міндетін атқарушы
      ________________ А. Рау               _______________ Е. Досаев

      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрінің
      міндетін атқарушы
      ________________ Р. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады