Шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 10 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына және 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 02-16/747 "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында ірі қара, ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитариялық іс – шараларды жүргізуіне байланысты, Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Қызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында бекітілген шектеу іс-шарасын тоқтатылып және Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйегіндегі № 238 "Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізімінде 2014 жылғы 14 қыркүйегінде № 2753 болып тіркелген), "Қарқаралы" газетінің 2014 жылғы 27 қыркүйегінде № 77-78 (11304) санында жариланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушысы А.Ж.Қасымовқа жүктелсін.
      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады