Қ. Аманжолов ауылдық округінің Талды, Ақбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендеріне, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округінің Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 3 қыркүйектегі № 238 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қыркүйекте № 2753 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 399 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 30.12.2015 № 399 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара және ұсақ малдың және иттердің арасынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Қ. Аманжолов ауылдық округіндегі Талды, Акбай-Кызылбай, Сарыобалы елді мекендері, "Үштөбе", "Өзен", "Қарамолла" қыстақтарына және Ынталы ауылдық округіндегі Ынталы елді-мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Ветеринариялық-санитариялық, сауықтыру және шектеу іс- шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкімі
К.М. Максутов
КЕЛІСІЛДІ
 
"Қазақстан Республикасы ауыл
 
шаруашылығы Министрлігі
 
ветеринариялық бақылау және
 
қадағалау комитетінің Қарқаралы
 
аудандық аумақтық инспекциясы"
 
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Ж. Көпжасаров

      
      2014 жыл 03 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады