Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылық фермасының аумағында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 1 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2015 жылғы 26 қазандағы № 120 ұсынысы негізінде, Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округінің, "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы фермасының аумағында бруцеллезден сауықтыру бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
      2. Ілияс Омаров атындағы ауылдық округ әкімінің 2014 жылғы 7 наурызындағы № 3 "Алтынсарин ауданы Ілияс Омаров атындағы ауылдық округіндегі "Беляевка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылық фермасының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 наурыздағы № 4518 болып тіркелген, 2014 жылғы 03 сәуірде № 14 "Таза бұлақ - Чистый родник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ауылдық округ әкімі                        Қ. Нұртасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады