Ақкөл ауданы әкімдігі қаулысының күші жойылғандығын тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № А-1/17 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" Ақкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 шілдедегі № А-7/263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-3-186 тіркелген, 2012 жылғы 31 тамызда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылғандығы танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады