Целиноград ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № А-2/176 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Целиноград ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы әкімдігінің:
      1) Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 11 қаңтардағы А-1/11 "Целиноград ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Ақмола облысы Целиноград ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 3 ақпанда № 1-17-163 болып тіркелді.);
      2) Целиноград ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 қарашадағы № А-1/528 "Целиноград ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы" (Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 5117 болып тіркелді.), қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      1. Осы қаулының орындалуын бақылауды Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.К.Айткужиноваға жүктелсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Тәткеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады