Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір шешімдері өз күшін жойды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-51/3 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40 бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай аудандық мәслихаттың келесі шешімдері өз күшін жойды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бурабай ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-40/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4744 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде аудандық «Бурабай» газетінде, 2015 жылғы 23 сәуірде аудандық «Луч» газетінде жарияланған);
      2) «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 5С-38/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4635 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 ақпанда аудандық «Бурабай» газетінде, 2015 жылғы 12 ақпанда аудандық «Луч» газетінде жарияланған).
      3) «Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 06 қаңтардағы № 5С-38/3 «Бурабай ауданының Щучинск қаласының, елді мекендерінің жер учаскелеріне және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5С-41/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда аудандық «Бурабай» газетінде, 2015 жылғы 14 мамырда аудандық «Луч» газетінде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      LІ (кезектен тыс)
      Сессиясының төрағасы                       М.Қаржаспаев

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады