Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 188 "Алға ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 13 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 188 "Алға ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4249 санымен тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Қ. Нұрғалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Жұмабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады