Нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 26 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Мәртөк ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 42 "Мәртөк ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы" қаулысының (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3783 болып тiркелген, 2014 жылдың 27 наурызында аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде және 2014 жылдың 12 наурызында "Әділет" АҚЖ-де жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған кезінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады