Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпанда қабылдаған № 56-2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 6-2-12 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 01 ақпандағы "Ұйғыр ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (2016 жылдың 09 наурызында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 3746 болып енгізілген, 2016 жылғы 17 наурыздағы аудандық "Қарадала тынысы-Қарадала нәпәси" газетінің № 13 (169) нөміріне жарияланған) № 56-2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Ұйғыр аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Дауренбеков
      Ұйғыр аудандық мәслихатының
      хатшысы Н. Есжан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады