Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 41/01 "Қарағанды облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/02 қаулысы

      2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" және 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылғы 27 шілдедегі № 41/01 "Қарағанды облысы аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3391 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүегінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 қыркүегінде "Орталық Қазақстан" № 140 (22025) және "Индустриальная Караганда" № 125 (21876) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      Қарағанды облысы әкімі Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады